«Алтын асық»

«Алтын асық» бағдарламасы

Бағдарлама мақсаты: Етті және етті-майлы бағыттағы ҰММ тауарлық табынының санын ұлғайтуды қамтамасыз ету

Нысаналы мақсаты: ҰМ аналық басын және асыл тұқымды өндіруші қошқарларды сатып алу үшін КС қатысушыларын қаржыландыру

Сомасы: 500 000 теңгеден 30 000 000 теңгеге дейін

Несие желісінің мерзімі: 84 айға дейін

Несие/транш мерзімдері: ҰМ аналық басын сатып алу – 84 айға дейін; асыл тұқымды өндіруші қошқарларды сатып алу – 24 айға дейін

Негізгі борышты өтеу бойынша кезең: ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда 1 рет, жылына 1 рет төлеуге болады және мерзімінен бұрын бөліп және толық төлеуге болады

Сыйақыны өтеу бойынша кезең: ай сайын, тоқсан сайын жарты жылда 1 рет төлеуге болады

Негізгі борыш бойынша жеңілдікті кезең: ҰҚМ аналық басын және асыл тұқымды өндіруші қошқарларды сатып алуға, негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеуге – әрбір траншты берген күннен бастап 24 айдан артық емес; айналым қаражатын толтыруға – әрбір траншты берген күннен бастап 12 айдан артық емес.

Кредиттік серіктестіктің қарыз алушысына қойылатын негізгі талаптар: төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылық; салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы; ЕДБ және басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы;теріс кредиттік тарихының болмауы; жайылым алаңдарының болуы, о.і. бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша және   (немесе) қарыз алушыға ЖАО берген ортақ пайдалану жерлерінің болуы; шаруашылықтағы ветеринарлық-санитарлық амандықтың болуы (ҰМ болған жағдайда); саны жалпы бас санының (меншікті және сатып алынатын ҰҚМ) 30 %-нан кем емес меншікті ҰМ болуы. Меншікті ҰМ болмаған жағдайда, Қарыз алушы сатып алынатын ҰМ санының құнынан 30 %-дан кем емес мөлшерде ақшалай қаражат түрінде ортақ қаржыландыруды қамтамасыз ету қажет.

Жобаға қойылатын негізгі талаптар: сатып алынатын ұрғашы қойдың (ұрғашы тоқтының) жасы 12 айдан бастап 36 айды қоса; сатып алынатын ҰМ аналық басын қаржыландыру көлемі ҰМ бір басы үшін 25 000 (жиырма бес мың) теңгеден аспауы тиіс; меншікті және/немесе кредиттік ресурстар есебінен сатып алынатын асыл тұқымды өндіруші қошқарлардың болуы, жасы 24 айдан артық, ұрықтандыру өткізу тәсіліне байланысты ҰМ санына арасалмағымен: ерікті шағылысқанда — 30 бас ұрғашы қойға 1 асыл тұқымды өндіруші қошқар; қолдан шағылыстырған кезде — 50 бас ұрғашы қойға 1 асыл тұқымды өндіруші қошқар; жасанды шағылыстырған кезде — 500 бас ұрғашы қойға 10 асыл тұқымды өндіруші қошқар; Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережелеріне сәйкес қолда бар және сатып алынатын ҰҚМ сәйкестендіру