«Сыбаға»

«Сыбаға» бағдарламасы

Бағдарлама мақсаты: Етті бағыттағы ІҚМ тауарлық табының санын ұлғайтуды қамтамасыз ету

Нысаналы мақсаты: ІҚМ аналық басын, о.і. ІҚМ селекциялық жас төлін және/немесе асыл тұқымды өндіруші бұқаларды сатып алуға КС қатысушыларын кредиттеу үшін;
қарыз сомасынан 15% артық емес жалпы мөлшерде негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеу,  айналым қаражатын толтыру

Сомасы: 1 000 000 теңгеден  20 000 000 теңгеге дейін

Несие желісінің мерзімі: 120 айға дейін

Несие/транш мерзімі: ІҚМ аналық басын, о.і. ІҚМ селекциялық жас төлін сатып алу – 120 айға дейін; асыл тұқымды өндіруші бұқаларды сатып алу–  24 айға дейін; негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеу–  120 айға дейін; айналым қаражатын толтыру –  24 айға дейін

Негізгі борышты өтеу бойынша кезең: ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда 1 рет, жылына 1 рет төлеуге болады және мерзімінен бұрын бөліп және толық төлеуге болады

Сыйақыны өтеу бойынша кезең: ай сайын, тоқсан сайын жарты жылда 1 рет төлеуге болады

Негізгі борыш бойынша жеңілдікті кезең: асыл тұқымды өндіруші бұқаларды сатып алу мен айналым қаражатын толтыру үшін – әрбір траншты берген сәттен бастап 12 айдан артық емес; ІҚМ аналық басын, о.і. ІҚМ селекциялық жас төлін сатып алу  және  негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеу үшін — әрбір траншты берген сәттен бастап 24 айдан артық емес

Кредиттік серіктестіктің қарыз алушысына қойылатын негізгі талаптар: төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылық; салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы; ЕДБ және басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы; теріс кредиттік тарихының болмауы; малды ұстау үшін қажетті инфрақұрылымның болуы; азық базасымен қамтамасыз етілгендік; жайылым алаңдарының, оның ішінде бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша болуы; шаруашылықтағы ветеринарлық-санитарлық саулықтың болуы (ІҚМ болған жағдайда); саны мал басы жалпы санынан (меншікті және сатып алынатын ІҚМ) 25%-дан кем емес меншікті ІҚМ болуы. Егер меншікті ІҚМ болмаған жағдайда мөлшері сатып алынатын ІҚМ құнынан 25%-дан кем емес мөлшерде ақшалай қаражат

Жобаға қойылатын негізгі талаптар: сатып алынатын ІҚМ аналық басының, оның ішінде  ІҚМ селекциялық жас төлінін жасы:  12-ден бастап  48 айды қоса; меншікті немесе кредиттік ресурстар есебінен сатып алынатын асыл тұқымды өндіруші бұқалардың міндетті түрде болуы, келесі ІҚМ саны арасалмағымен: 30 аналық басқа 1 асыл тұқымды өндіруші бұқа; Қазақстан Республикасы Үкітметінің 31.12.2009 жылғы  № 2331 Қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы  жануарларын бірдейлендіру ережелеріне (ен басу, биркалау және т.б.) сәйкес қолда бар және сатып алынатын ІҚМ сәйкестендіру; малға арналған бөлу орнының болуы (ІҚМ-мен жеке жұмыс жасау үшін мал айдайтын дәліз); сатып алынатын және қолда бар асыл тұқымды өндіруші бұқаларда асыл тұқымды малдың корточкасы немесе асыл тұқымды және ветеринарлық куәлік болуы тиіс; бордақылау алаңдарына ІҚМ «жас төлін» (бұқалар) жеткізу үшін ниет шартын ұсыну; сатып алынатын ІҚМ аналық басын, оның ішінде ІҚМ селекциялық жас төлін қаржыландырудың мөлшері бір ІҚМ басы үшін  195 000 (жүз тоқсан бес мың) теңгеден аспауы тиіс; асыл тұқымды карточкасы немесе асыл тұқымды куәлігі бар сатып алынатын асыл тұқымды өндіруші бұқаларды қаржыландырудың барынша көп мөлшері  1 кг тірі салмақ үшін 1500 (бір мың бес жүз) теңгеден аспауы тиіс.