«Ырыс»

Бағдарламаның мақсаты: ІҚМ 50 бастан 100 басқа дейінгі сүтті-тауарлы фермаларды құру және кеңейту.

Мақсатты топ: шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтар, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар.

Мақсатты бағыттау: сүтті бағыттағы ІҚМ асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу; инвестициялық салымдарда ауыл шаруашылығы кешені субъектілерінің  субсидиялау бойынша шығындардың бөлігін қайтару Ережесіне сәйкес, субсидиялауға кіретін қажетті ауыл шаруашылығы техникасы мен сүтті-тауарлы фермаларға арналған құрал-жабдықтарын сатып алу, жалпы көлемі қарыз сомасының 15% аспайтын айналымдық капиталын толықтыру.

Қарыздың максималды сомасы: 60 (алпыс) миллион теңгеге дейін.

Сыйақы үстемесі: жылдық 4% — сыйақы үстемесін субсидиялаумен, жылдық 11% — сыйақы үстемесін субсидияланбаған жағдайда.

Тиімді сыйақы үстемесі: сыйақы үстемесін субсидиялаумен жылдық 4,1% аспайды,  сыйақы үстемесін субсидияланбаған жағдайда 11,7% аспайды.

Қарыз/лизингтің мерзімі: 84 (сексен төрт) айға дейін; айналымдағы капиталды толықтыруға 24 (жиырма төрт) айға дейін.

Негізгі борышты өтеу мерзімділігі: ай сайын/ тоқсан сайын/ жарты жылда бір рет/ жылына бір рет, жартылай/толық қайтару мүмкіндігімен

Сыйақыны өтеу мерзімділігі: жиналған сыйақы көлемін несиелендіру мерзімі кезіндегі нақты қолданылған уақытты ескере отырып, ай сайын/ тоқсан сайын/ жарты жылда 1 рет төлеу мүмкіндігімен.

Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдетілген мерзім: 24 (жиырма төрт) айдан аспайды; айналымдағы капиталды толықтыру үшін қарыздар бойынша 12 (он екі) айдан аспайды.

Сыйақыны өтеу бойынша жеңілдетілген мерзім:  12 (он екі) айдан аспайды;  айналымдағы капиталды толықтыру үшін қарыздар бойынша 6 (алты) айдан аспайды.

Қамту: Қоғамның Кепілдік саясатына сәйкес.

Қарыз алушыға қойылатын негізгі талаптар: төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылық; несие өтінішін берген/қаралған күніне бюджетке салықтық және басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы; соңғы есепті күнге (өтініш беретін айда) ЕДБ және басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы; жағымды несиелік тарихы (несие тарихы бар болса); мал ұстауға қажетті инфрақұрылымның болуы (елдімекеннен тыс жер телімде орналасқан электр, сумен қамтамасыз етілген сүтті-тауарлы миниферма); жем-шөп базасымен қамтылу (жайылым, егістік, шөп шабатын жерлердің болуы, оның ішінде бірлескен қызмет туралы келісім-шарттар бойынша); шаруашылықта ветеринарлық-санитарлық сау жағдайының болуы; өзіндік ІҚМ аналық басының болуы, несие қаржысына сатып алынатын мал санына арақатынасы 1:5; менеджмент пен сүтті-тауарлы фермаларда контроллингті ұйымдастыру негіздерін оқу туралы сертификатының болуы, немесе штатта зооветеринария маманының болуы.

Жобаға қойылатын негізгі талаптар: сатып алынатын мал сүтті бағытты болуы тиіс; сатып алынатын асыл тұқымды сүтті ірі қара малдың жасы жабдықтаушыда карантинге қойылған уақытта: тайыншалар – 12 айдан 18 айға дейін (қоса есептегенде); құнажындар – 26 айға дейін (қоса есептегенде) болуы тиіс. ІҚМ 50-ден 100-ге дейін аналық мал басына арналған, құрылған сүтті-тауарлы миниферманың болуы, ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің ұсынылған талаптарына сәйкес; электрқамтудың қосымша көзінің (тиісті қуаттылықтағы дизель-генератор) және малды суаратын су қоймасының болуы; сиырларды еркін жайылатын алаңдары бар мал қорада ұстау; меншіктегі және сатып алынатын малдың идентификациялауы, ауыл шаруашылық малды идентификациялау ережелеріне сай (таңбалау, белгілеу және т.б.); жеке ветеринардың болуы немесе ветеринария саласында аттестациядан өткен кәсіпкерлікпен айналысатын жеке және заңды тұлғалардан ветеринарлық қызмет алуы шарт;  сүтті асыл тұқымды бұқа-өндірушінің аналық мал басына 1:30 арақатынасымен болуы, немесе қолдан ұрықтандыруды өткізу туралы мамандандырылған ұйымдармен келісім-шарттың болуы; меншіктегі асыл тұқымды бұқа-өндірушілер сүтті тұқымды болу керек, асыл тұқымдылығын дәлелдейтін куәлік пен ветеринарлық паспорт болуы керек; қолдан ұрықтандыруда сүтті асыл тұқымды бұқаның тұқымы болу керек; несиелеудің толық мерзімі бойынша аналық мал басының саны қарыздық қаражатқа сатып алынған мал басы санына тең сақталуы тиіс; сүт өнімдерін қабылдайтын ұйымдармен кемінде 1 жылға өнімді өткізу туралы келісімшарт болуы керек, бұл шартты Қарыз алушы бір ауысымда 500 литр сүтті өндей алатын құрал-  жабдығы болып, сүт өндеумен өзі айналысқан жағдайда орындамауға құқылы; құрал-жабдықтарды, техниканы, сүтті ІҚМ аналық мал басын жеткізушілермен ниет туралы келісім-шарттардың болуы.