«Құлан»

«Құлан» бағдарламасы

Бағдарлама мақсаты: Етті және етті-сүтті бағыттағы жылқылар санын ұлғайтуды қамтамасыз ету

Нысаналы мақсаты: жылқылардың аналық басын және асыл тұқымды айғырларды сатып алуға КС қатысушыларын қаржыландыру

Сомасы: 2 500 000 теңгеден 100 000 000 теңгеге дейін

Несие желісінің мерзімі: 120 айға дейін

Несие/транша мерзімдері: жылқылардың аналық басын және асыл тұқымды айғырларды сатып алуға – 120 айға дейін

Негізгі борышты өтеу бойынша кезең: ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда 1 рет, жылына 1 рет төлеуге болады және мерзімінен бұрын бөліп және толық төлеуге болады

Сыйақыны өтеу бойынша кезең: ай сайын, тоқсан сайын жарты жылда 1 рет төлеуге болады

Негізгі борыш бойынша жеңілдікті кезең: жылқылардың аналық басын және асыл тұқымды айғырларды сатып алуға әр траншты беру күнінен бастап 36 айдан артық емес

Кредиттік серіктестіктің қарыз алушысына қойылатын негізгі талаптар: төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылық; салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы; ЕДБ және басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы; теріс кредиттік тарихының болмауы; жайылым алаңдарының болуы, о.і. бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша және   (немесе) қарыз алушыға ЖАО берген ортақ пайдалану жерлерінің болуы; шаруашылықтағы ветеринарлық-санитарлық амандықтың болуы (жылқылар болған жағдайда);саны жалпы бас санының (меншікті және сатып алынатын жылқылардың) 30%-нан кем емес меншікті жылқылар басының болуы. Меншікте жылқылар болмаған жағдайда, қарыз алушы  сатып алынатын жылқылар санының құнынан 30%-дан кем емес мөлшерде ақшалай қаражат түрінде ортақ қаржыландыруды қамтамасыз ету қажет

Жобаға қойылатын негізгі талаптар: сатып алынатын жылқының (биенің) жасы 12-ден бастап 36 айды қоса; сатып алынатын жылқылардың аналық басын қаржыландыру көлемі жылқының бір басы үшін 350 000 (үш жүз елу мың) теңгеден аспауы тиіс; жасы 24 айдан артық, жылқылар саны 15 аналық биеге 1 өндіруші арасалмағымен меншікті және/немесе кредиттік ресурстар есебінен сатып алынатын өндіруші айғырлардың болуы; Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережелеріне сәйкес қолда бар және сатып алынатын жылқылар басын бірдейлендіру