Блог

Құрметті, сайт қонақтары!

Сіздерді Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының сайтында көргеніме аса қуаныштымын.

Сіздер, енді әрдайым біздің сайт арқылы Агроөнеркәсіп кешенінің дамуының басым бағыттары мен облыстың ауыл шаруашылығы саласының бүгінгі ахуалы мен келешегі жайлы межесіне жеткен жан-жақты ақпараттардан хабардар бола аласыздар.

Сонымен қатар, Сіздер сайт бетінде өз пікірлеріңізді, сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды қалдыра аласыздар! Бұл біздің жұмысымыздың сапасы мен тиімділігін арттыруға оң әсерін тигізеді.

Біздің сайтымыз Сіздер үшін сенімді көмекші және ауыл шаруашылығы саласы жайлы ақпараттың басты қайнар көзі боларына сенім білдіремін.

Құрметпен, басқарма басшысы  Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов

Блог Сұрақ қою

Басшы

nurНұржігітов Нұржан Молдиярұлы

1967 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, 1991 жылы Ленинград ауыл шаруашылық институтын «инженер механик» мамандығы бойынша, 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірген, техника ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1991 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданы, М.Горький атындағы ұжымшарда механик болып бастаған.

1992–1996 жылдары Жуалы ауданы Төле би атындағы агробірлестігінде бас инженер;

1996–1997 жылдары Жуалы ауданы әкімі аппаратының ауылшаруашылық бөлімінде маман, бас маман;

1997–2003 жылдары Жуалы ауданы әкімі аппаратының экономика бөлімінің бас маманы;

2003–2006 жылдары Жуалы ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі;

2006–2008 жылдары Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің бастығы;

2008 жылы Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және кадрлық жұмыс бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы;

2008–2011 жылдары, Жамбыл облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мониторингін дамыту бөлімінің меңгерушісі;

2011–2014 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2014 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

Үйленген, 6 баланың әкесі.