Азық-түлік мониторингі бөлімі

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ

 АЗЫҚ-ТҮЛІК МОНИТОРИНГІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

  1. Жалпы ережелер

1.1.Азық-түлік мониторингі бөлімініңбасшысы (бұдан әрі- бөлім басшысы) басшылар санатына жатады.

1.2. Бөлімінің басшысы Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқарма басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалады және босатылады.

1.3. Бөлім басшысы білуі қажет:

1.3.1. Азық-түлік мониторингі бөлімінің басшысы өз жұмысында Қазақстан Республикасының  Конституциясын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Астық туралы», «Тұқым шаруашылығы туралы»,  Заңдарын  және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Еңбек, Бюджет, Жер, Орман, Су Кодекстерін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

1.3.2. Еңбек заңнамасын.

1.3.3. Құжаттардың орындалуын бақылаудағы түрлерін мен тәсілдерін.

1.3.4. Іс жүргізу негіздерін.

  • Жеке компьютерде Microsoft Office, Lotus Notes бағдарламаларында жұмыс істеу және ақпараттық технологияларды пайдалану мүмкіндігін.
  • Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін.
  • Қызметтік құжаттарды мемлекеттік және ресми тілде әзірлеуді.

1.4. Бөлім басшысы өз қызметінде төмендегіні басшылыққа алады:

1.4.1. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Азық-түлік мониторингі бөлімітуралы Ережені;

1.4.2.  Аталған лауазымдық нұсқаулықты;

1.4.3. Басқарма басшысының тапсырмаларын;

             1.4.4. Азық-түлік мониторингі бөлімінің басшысы Басқарма басшысының орынбасарына (мал шаруашылығы, инновациялық және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және азық-түлік мониторингі жөніндегі) бағынады.

1.5. Бөлім басшысына Азық-түлік мониторингі бөлімінің бас маманы тікелей бағынады.

1.6. Бөлім басшысы уақытша болмаған кезде, оның лауазымдық міндетін бас маманға тапсырады.

  1. Азық-түлік мониторингі бөлімінің басшысының құқықтары

2.1. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын уақытылы және сапалы қалыптастыру мен пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында облыстың әкімі құрған азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөнінде комиссия назарына қажетті ұсыныстарды жинақтау,  орындалуын бақылау;

2.2. Тұрақтандыру қорын қалыптастыру үшін жұмыс органының мүшесі болып танылуға және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте тіркелген мамандандырылған ұйымнан тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қызметтерді сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру

2.3. Өңірдің ішкі нарығына және агроөнеркәсіптік кешені өнімдерінің нарықтарына тұрақты негізде талдау жүргізу (өндіріс көлемі және азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі, олардың тауар қозғалысы, запастардың болуы, баға) және Комиссияның қарауына енгізуге;

2.4. Өз құзыретінің шегінде аграрлық азық-түлiк нарығына реттеушілік ықпал етуге қажетті баға деңгейінің көтерілгендігін анықтаған сәттен бастап тауар интервенциаларын жүргізуге қатысты мәліметтерді комиссия қарауына ұсыну;

2.5. Облыс әкімі тұрақтандыру қорын жаңартудың қажеттілігі туралы шешім қабылдаған күні  мамандандырылған ұйымға тұрақтандыру қорын жаңартудың қажеттілігі туралы жазбаша хабарлау;

2.6. Әр үш жыл сайын мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында тұрақтандыру қорын қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі қызметтерді сатып алуды жоспарлау және мамандандырылған ұйыммен тұрақтандыру қорын қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі қызметтерді сатып алу туралы шартты дайындау;

2.7. Егістік алаңдары (жоспарлы), болжамды өнім түсімі, өткен күнтізбелік жылда қалыптасқан бағалар туралы мәліметтер, сондай-ақ өзге де мәліметтерді тұрақтандыру қоры комиссиясының назарына ұсыну;

2.8. Шығарылатын өнiм түрлерi бойынша өңiрлiк көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру жұмыстарына қатысу;

2.9. Азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің, бағалардың және агроөнеркәсіптік кешен өнімдері нарықтарына мониторинг жүргізу;

2.10. Өңірдің агроөнеркәсіптiк кешен саласында инновациялық тәжiрибенi тарату жөнiндегі іс-шаралардың іске асырлуына ықпал ету;

2.11. Ішкі және сыртқы азық-түлiк нарықтарындағы ахуалды зерделеу;

2.12. Осы қызметтік нұсқаулықта қарастырылған міндеттерге байланысты жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстарды еңгізу;

2.13.Бағыныстағы қызметкерлерге өкімдер беру және олардың орындалуын бақылау құқықтары.

  1. Азық-түлік мониторингі бөлімінің басшысының міндеттері

3.1. Қазақстан Республикасының заңнамасында  белгіленген тәртіппен бес күнтізбелік күн ішінде Комиссияның қарауына азық-түлік тауарларын жаңартудың қажеттілігі туралы арнайы ұйымның ұсынысын енгізу;

3.2. Тұрақтандыру қорын қалыптастыру қажеттілігі туралы әкімінің шешімі қабылданған күні мамандандырылған ұйымға жазбаша хабарлау;

3.3. Жамбыл облысы әкімдігінің азық-түлік бағасы мен қорына қатысты бұйрықтары мен өкімдерін аудандық мамандарға жеткізу және оның орындалуын бақылау;

3.4. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына тұрақты маниторинг жүргізуді ұйымдастыру және бағалардың өсуін болдырмау жөнінде ұсыныс  енгізу;

3.5. Қызмет жағдайын орынсыз пайдаланудың алдын алу, сыбайлас жемқорлықты болдырмау.

3.6. Бағаларды тұрақтандыру қорының комиссиясының жұмысын ұйымдастыру;

3.7. «Тараз» ССК-мен  өзара қатынас жасау;

3.8. Инфляцияның өсуін болдырмау іс-шараларын ұйымдастыру;

3.9. Поезд және автокеруен жәрмеңкелерін ұйымдастыру, өткізу. Бұл мақсатта Статистика және Табиғи монополияларға қарсы департаментерімен, «Тараз» ӘКК, Тараз қаласы мен аудандардың жергілікті атқарушы органдармен өзара қарым-қатынас жасау;

3.10. Бөлім жұмысына байланысты құжаттарды даярлау, іс қағаздарының жедел және дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету;

3.11. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау;

3.12. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін орындалуын қадағалау және жұмысын ұйымдарстыру;

3.11. Жұмыста жоқ кезде өз міндетін бөлімнің бас маманына тапсырады.

  1. Азық-түлік мониторингі бөлімінің басшысының жауаптылығы
  2. 4. Бөлім басшысы жауапты болады:

4.1. Қазақстан Республикасының еңбек, мемлекеттік қызмет және т.б. заңнамаларында, осы қызметтік нұсқаулықта көзделген жағдайларда өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін тиісінше атқармаған немесе атқармағаны үшін.

4.2 Қазақстан Республикасының қолданыстағы әкімшілік, қылмыстық және азаматтық заңдылықтары шегінде өзінің қызметін атқару барысында жасаған құқық бұзушылықтары үшін.

4.3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек және азаматтық заңдылықтары шегінде келтірген материалдық залал үшін.

4.4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін.

 АЗЫҚ-ТҮЛІК МОНИТОРИНГІ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

  1. Жалпы ережелер

1.1. Азық-түлік мониторингі бөлімінің  бас маманы (бұдан әрі – бас маман) мамандар санатына жатады.                                                                                                                    

         1.2. Бас маман Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқарма басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалады және босатылады.

         1.3. Бас маман білуі қажет:                                                                                                

1.3.1.Азық-түлік мониторингі бөлімінің бас маманы өз жұмысында Қазақстан Республикасының  Конституциясын, Қазақстан-2050″ Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Астық туралы», «Тұқым шаруашылығы туралы»,   Заңдарын  және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Еңбек, Бюджет, Жер, Орман, Су Кодекстерін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

            1.3.2. Еңбек заңнамасын.

1.3.3. Құжаттардың орындалуын бақылаудағы түрлерін мен тәсілдерін.

1.3.4. Іс жүргізу негіздерін.Жеке компьютерде Microsoft Office, Lotus Notes бағдарламаларында жұмыс істеу және ақпараттық технологияларды пайдалану мүмкіндігін.

1.3.5. Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін.

1.3.6. Қызметтік құжаттарды мемлекеттік және ресми тілде әзірлеуді.

1.4. Бас маманөз қызметінде төмендегіні басшылыққа алады:

1.4.1.  «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси

бағыты стратегиясын, Азық-түлік мониторингі бөлімітуралы Ережені;

1.4.2.  Аталған лауазымдық нұсқаулықты;

1.5. Азық-түлік мониторингі бөлімінің бас маманы бөлімбасшысына бағынады.

1.6.Бас маман уақытша болмаған кезде бөлім басшысы алмастырады.

  1. Азық-түлік мониторингі бөлімінің бас  маманының құқықтары

2.1. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын уақытылы және сапалы қалыптастыру мен пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында облыстың әкімі құрған азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөнінде комиссия назарына қажетті ұсыныстарды жинақтау,  орындалуын бақылау;

2.2. Тұрақтандыру қорын қалыптастыру үшін жұмыс органының мүшесі болып танылуға және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте тіркелген мамандандырылған ұйымнан тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қызметтерді сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру;

2.3. Өңірдің ішкі нарығына және агроөнеркәсіптік кешені өнімдерінің нарықтарына тұрақты негізде талдау жүргізу (өндіріс көлемі және азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі, олардың тауар қозғалысы, запастардың болуы, баға) және Комиссияның қарауына енгізуге;

2.4. Өз құзыретінің шегінде аграрлық азық-түлiк нарығына реттеушілік ықпал етуге қажетті баға деңгейінің көтерілгендігін анықтаған сәттен бастап тауар интервенциаларын жүргізуге қатысты мәліметтерді комиссия қарауына ұсыну;

2.5. Облыс әкімі тұрақтандыру қорын жаңартудың қажеттілігі туралы шешім қабылдаған күні  мамандандырылған ұйымға тұрақтандыру қорын жаңартудың қажеттілігі туралы жазбаша хабарлау;

2.6. Әр үш жыл сайын мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында тұрақтандыру қорын қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі қызметтерді сатып алуды жоспарлау және мамандандырылған ұйыммен тұрақтандыру қорын қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі қызметтерді сатып алу туралы шартты дайындау;

2.7. Егістік алаңдары (жоспарлы), болжамды өнім түсімі, өткен күнтізбелік жылда қалыптасқан бағалар туралы мәліметтер, сондай-ақ өзге де мәліметтерді тұрақтандыру қоры комиссиясының назарына ұсыну;

2.8. Шығарылатын өнiм түрлерi бойынша өңiрлiк көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру жұмыстарына қатысу;

2.9. Азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің, бағалардың және агроөнеркәсіптік кешен өнімдері нарықтарына мониторинг жүргізу;

2.10. Өңірдің агроөнеркәсіптiк кешен саласында инновациялық тәжiрибенi тарату жөнiндегі іс-шаралардың іске асырлуына ықпал ету;

2.11. Ішкі және сыртқы азық-түлiк нарықтарындағы ахуалды зерделеу;

2.12. Осы қызметтік нұсқаулықта қарастырылған міндеттерге байланысты жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстарды еңгізу;

2.13.Бағыныстағы қызметкерлерге өкімдер беру және олардың орындалуын бақылау құқықтары.

  1. Азық-түлік мониторингі бөлімінің  бас  маманының  міндеттері

3.1. Қазақстан Республикасының заңнамасында  белгіленген тәртіппен бес күнтізбелік күн ішінде Комиссияның қарауына азық-түлік тауарларын жаңартудың қажеттілігі туралы арнайы ұйымның ұсынысын енгізу;

3.2. Тұрақтандыру қорын қалыптастыру қажеттілігі туралы әкімінің шешімі қабылданған күні мамандандырылған ұйымға жазбаша хабарлау;

3.3. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына апта сайын мониторинг жүргізу;

3.4. Бағаны тұрақтандыру қоры бойынша комиссиясының отырысына материалдар дайындау;

3.5. Басқарма басшысы бекіткен жұмыс жоспарын орындап, бақылау;

3.6. Қызмет жағдайын орынсыз пайдаланудың алдын алу, сыбайлас жемқорлықты болдырмау;

3.7.Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметке байланысты шектеулерді сақтауын қадағалау;

3.8. Бөлім жұмысына байланысты құжаттарды даярлау,  уақтылы  және дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету.

3.9. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау.

3.10. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау;

3.11. Өз міндетін еңбек демалысында, іссапарға кеткен жағдайда және басқа да жағдайларда  бөлім басшысы алмастырады.

  1. Азық-түлік мониторингі бөлімінің бас маманының жауаптылығы
  2. 4. Бас маман жауапты болады: