Егін шаруашылығы бөлімі

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ

ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

  1. Жалпы ережелер

1.1. Егін шаруашылығы бөлімінің басшысы басшылар санатына жатады.

1.2. Бөлім басшысы Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқарма басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалады және босатылады.

1.3. Бөлім басшысы білуі қажет:

1.3.1.»Қазақстан-2050″ Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі», «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы»,  «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Астық туралы», «Тұқым шаруашылығы туралы»,  «Өсімдіктер карантині туралы»,  «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңдарын  және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Еңбек, Бюджет, Жер, Орман, Су Кодекстерін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

1.3.2. Еңбек заңнамасын.

1.3.3. Құжаттардың орындалуын бақылаудағы түрлерін мен тәсілдерін.

1.3.4. Іс жүргізу негіздерін.

1.3.5. Жеке компьютерде Microsoft Office, Lotus Notes бағдарламаларында жұмыс істеу және ақпараттық технологияларды пайдалану мүмкіндігін.

  • Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін.
  • Қызметтік құжаттарды мемлекеттік және ресми тілде әзірлеуді.

1.4.      Бөлім басшысы өз қызметінде төмендегіні басшылыққа алады:

1.4.1.  Егін шаруашылығы бөлімі туралы Ережені;

1.4.2.  Аталған лауазымдық нұсқаулықты;

1.4.3.  Басқарма басшысының тапсырмаларын;                                                             

1.4.4. Егін шаруашылығы бөлімінің басшысы Басқарма басшысының орынбасарына (егін шаруашылығы, мемлекеттік астық  және тұқым инспекция және мемлекеттік техникалық инспекция жөніндегі)  бағынады.

1.5. Бөлім басшысына егін шаруашылығы бөлімінің екі бас маманы тікелей бағынады.

1.6. Бөлім басшысы уақытша болмаған кезде, оның лауазымдық міндетін бас маманың біріне тапсырады.

  1. Егін шаруашылығы бөлімі басшысының құқықтары

2.1.Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының  Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;

2.2.  өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;

2.3. белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға;

2.4. лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;

2.5. басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге;

2.6. жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына;

2.7. өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне;

2.8. тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және бiлiктiлiгiн арттыруға;

2.9. мемлекеттік орган оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға немесе тағылымдамаға жіберген жағдайда жұмыс орнының (лауазымының) сақталуына;

2.10. өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге;

2.11. бiлiктiлiгi, қабілетi, сiңiрген еңбегi және өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға;

2.12. қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге;

2.13. өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың анық жағдайлары туралы өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының назарына немесе құқық қорғау органдарына жеткізген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және өзге де қорғалуға;

2.14. еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына;

2.15. әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;

2.16. мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша босауға;

2.17. зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға;

2.18. жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге;

2.19. мекеме басшысына  өз қарамағындағы қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдануға ұсыныс беруге;

2.20. бөлімнің қызметкерлеріне жұмыс бабында қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етуге және сыйақы тағайындауға  ұсыныс беруге;

2.21. өз құзіреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтінішіне түсінік беруге;

2.22. жұмыс уақытында бөлім қызметкерлерінің жұмысын қадағалауға;

2.23. мекеме басшысына өсімдік шаруашылығын субсидиялау бағдарламары бойынша ұсыныс дайындауға;

2.24. мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыруда комиссия мүшесі болуға;

2.25.тұқым шаруашылықтарын аттестациядан  және қайта аттестациядан өткізу комиссия құрамында болуға құқығы бар.

  1. Егін шаруашылығы бөлімі басшысының міндеттері

3.1. Жоғарғы мемлекеттік ұйымдардың  егін шаруашылығы саласы бойынша  қабылданған қаулыларының, шешімдерінің, бұйрықтарының және хаттамаларының орындалуы жайлы хабарламалар дайындап, бақылауда ұстау;

3.2. егін шаруашылығына қатысты субсидиялау бағдарламалары бойынша атқарылған жұмыстарды қадағалау және жүзеге асыру;

3.3. ауыл  шаруашылығын  дамытудың  аймақтық  бағдарламасын  әзірлеуге қатысу, іс жүзінде жүзеге асырылуын назарда ұстау;

3.4. ауыл  шаруашылығы  дақылдарын өндіру,  оларды  күтіп-баптау ісіне прогрессивті технологияны, ауыл шаруашылығын  жүргізудің ғылыми жетістіктерге   негізделген   жүйесін енгізуге ықпал ету;

3.5. АӨК-ге арналған жаңа технологияларды сараптауды ұйымдастыру, озық  тәжірибелерді қорытындылау және насихаттау, семинарлар, кеңестер өткізу;

3.6. өсімдік шаруашылығын дамытуға бағытталған барлық  жұмыстарды, оның ішінде салаға бөлінген қаржы ресурстарының оңтайлы бөлініп, тиімді пайдаланылуын  ұйымдастырып, бақылауда ұстау;

3.7. басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау, минералды тыңайтқыштар, гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарын  ұйымдастыру;

3.8. ауыл шаруашылық дақылдарының зиянды организмдеріне қарсы күрес жөніндегі іс- шаралар жұмыстарын ұйымдастыру;

3.9. жылыжай кешенін дамытуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру;

3.10. өсімдік саласында ауыл шаруашылық кооперативтерін ұйымдастыру жұмыстары;

3.11. сала байынша қажеттерді ақпараттарды, шұғыл есептерді, мағлұматтарды жинақталуын ұйымдастыру және олар бойынша тиісті анықтамалар, ақпараттар даярлау;

3.12. бөлімде дайындалған құжаттарға бөлім басшысы ретінде өз құзіреті шеңберінде қол қояды;

3.13. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау;

3.14. Бөлімге тікелей басшылық жасап, белгілі жағдайда жұмыста жоқ кезде арнайы  белгілеу арқылы бөлім мамандарының біріне тапсыруды;

3.15. Мамандар еңбек демалысына кеткенде және денсаулығына байланысты жұмыста жоқ болған кезде уақытша бірінің міндетін бірі атқаруды ұйымдастыруды;

3.16. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін орындалуын қадағалау және жұмысын ұйымдарстыруға.

  1. Егін шаруашылығы бөлімі басшысының жауаптылығы

4.1. Егін шаруашылығы бөлімінің басшысы жауапты:

4.1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген және осы лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген міндеттерін орындамағаны үшін;

4.2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген құқық бұзушылықтар және өз құзіретіне сәйкес қызмет атқару барысында жіберілген құқық бұзушылықтар үшін;

4.3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында белгіленген материалдық залалдарды келтіргені үшін.

4.4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін.

ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

  1. Жалпы ережелер

1.1. Егін шаруашылығы бөлімінің бас маманы мамандар санатына жатады.

1.2. Бас маман Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқарма басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалады және босатылады.

1.3. Бас маман білуі қажет:

1.3.1. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын,  «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі», «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы»,  «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Астық туралы», «Тұқым шаруашылығы туралы»,  «Өсімдіктер карантині туралы»,  «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңдарын  және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Еңбек, Бюджет, Жер, Орман, Су Кодекстерін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

1.3.2. Еңбек заңнамасын.

1.3.3. Құжаттардың орындалуын бақылаудағы түрлерін мен тәсілдерін.

1.3.4. Іс жүргізу негіздерін.

  • Жеке компьютерде Microsoft Office, Lotus Notes бағдарламаларында жұмыс істеу және ақпараттық технологияларды пайдалану мүмкіндігін.
  • Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін.
  • Қызметтік құжаттарды мемлекеттік және ресми тілде әзірлеуді.

1.4.      Бас маман өз қызметінде төмендегіні басшылыққа алады:

1.4.1.  Егін шаруашылығы бөлімі туралы Ережені;

1.4.2.  Аталған лауазымдық нұсқаулықты;

1.5.      Бас маман егін шаруашылығы бөлімінің басшысына бағынады.

1.6.  Жұмыста жоқ кезде өз міндетін бөлім басшысымен келісе отырып бөлімнің бас мамандарының біріне өткізеді.

  1. Егін шаруашылығы бөлімі бас маманының құқықтары

2.1. Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының  Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;

2.2. өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;

2.3. белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға;

2.4. лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;

2.5. басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге;

2.6. жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына;

2.7. өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне;

2.8. тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және бiлiктiлiгiн арттыруға;

2.9. мемлекеттік орган оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға немесе тағылымдамаға жіберген жағдайда жұмыс орнының (лауазымының) сақталуына;

2.10. өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге;

2.11. бiлiктiлiгi, қабілетi, сiңiрген еңбегi және өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға;

2.12. қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге;

2.13. өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың анық жағдайлары туралы өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының назарына немесе құқық қорғау органдарына жеткізген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және өзге де қорғалуға;

2.14. еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына;

2.15. әлеуметтiкжәне құқықтық қорғалуға;

2.16. мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша босауға;

2.17. зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға;

2.18. жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге;

2.19. өз құзіреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтінішіне жауап беруге;

2.20. бөлім басшысына өсімдік шаруашылығын субсидиялау бағдарламары бойынша ұсыныс дайындауға;

2.21. мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыруда комиссия мүшесі болуға;

  1. Егін шаруашылығы бөлімінің бас маманының міндеттері

3.1. Облыстық бюджеттен бөлінген бағдарламалар бойынша барлық аудандарға жер көлеміне және тауар өндірушілерден түскен өтінімдеріне сәйкес әр айға бөлінген жоспарлы қаражаттарды жеке қаржыландырудың төлем жоспарына сай жеткізілуін, игерілуін және олардың мүлтіксіз орындалуын қадағалау үшін төмендегі бағдарламалар бойынша:

3.2. «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» бағдарламасы бойынша берілген қаржыларды Заң аясында және нормативті-құқықтық актілер негізінде толық игеруді жүзеге асыру.

3.3. «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандату» бағдарламасы бойынша берілген қаржыларды Заң аясында және нормативті-құқықтық актілер негізінде толық игеруді жүзеге асыру.

3.4. міндеттелген бағдарламалар бойынша қаражаттың игерілуін бақылауда ұстау.

3.5. егін шаруашылығы бөлімі бойынша бөлінетін қаражаттарды жоспарлау және игерілуіне талдау жасау жұмыстарын жинақтау;

3.6.өсімдік саласында ауыл шаруашылық кооперативтерін ұйымдастыру жұмыстары;

3.7. сала жұмысына қатысты тараптарда облыстық департаменттермен, басқармалармен, комитеттермен, инспекцияларымен, АӨК кәсіпорындарымен бірлесіп әрекет жасайды

3.8. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау;

3.9. қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау.

3.10. Өз міндетін еңбек демалысында, іссапарға кеткен жағдайда және басқа да жағдайларда  бас мамандар бірін-бірі алмастырады.

  1. Егін шаруашылығы бөлімінің бас маманының жауаптылығы
  2. Егін шаруашылығы бөлімінің бас маманы жауапты:
  3. 4.1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген және осы лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген міндеттерін орындамағаны үшін;

4.2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген құқық бұзушылықтар және өз құзіретіне сәйкес қызмет атқару барысында жіберілген құқық бұзушылықтар үшін;

4.3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек және азаматтық заңдылықтары шегінде келтірген материалдық залал үшін;

4.4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін.

ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

1.1. Егін шаруашылығы бөлімінің бас маманы мамандар санатына жатады.

1.2. Бас маман Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқарма басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалады және босатылады.

1.3. Бас маман білуі қажет:

1.3.1. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын,  «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі», «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы»,  «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Астық туралы», «Тұқым шаруашылығы туралы»,  «Өсімдіктер карантині туралы»,  «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңдарын  және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Еңбек, Бюджет, Жер, Орман, Су Кодекстерін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

1.3.2. Еңбек заңнамасын.

1.3.3. Құжаттардың орындалуын бақылаудағы түрлерін мен тәсілдерін.

1.3.4. Іс жүргізу негіздерін.

  • Жеке компьютерде Microsoft Office, Lotus Notes бағдарламаларында жұмыс істеу және ақпараттық технологияларды пайдалану мүмкіндігін.
  • Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін.
  • Қызметтік құжаттарды мемлекеттік және ресми тілде әзірлеуді.

1.4.      Бас маман өз қызметінде төмендегіні басшылыққа алады:

1.4.1.  Егін шаруашылығы бөлімі туралы Ережені;

1.4.2.  Аталған лауазымдық нұсқаулықты;

1.5.      Бас маман егін шаруашылығы бөлімінің басшысына бағынады.

1.6.  Жұмыста жоқ кезде өз міндетін бөлім басшысымен келісе отырып бөлімнің бас мамандарының біріне өткізеді.

  1. Егін шаруашылығы бөлімі бас маманының  құқықтары

2.1. Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының  Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;

2.2. өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;

2.3. белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға;

2.4. лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;

2.5. басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге;

2.6. жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына;

2.7. өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне;

2.8. тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және бiлiктiлiгiн арттыруға;

2.9. мемлекеттік орган оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға немесе тағылымдамаға жіберген жағдайда жұмыс орнының (лауазымының) сақталуына;

2.10. өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге;

2.11. бiлiктiлiгi, қабілетi, сiңiрген еңбегi және өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға;

2.12. қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге;

2.13. өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың анық жағдайлары туралы өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының назарына немесе құқық қорғау органдарына жеткізген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және өзге де қорғалуға;

2.14. еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына;

2.15. әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;

2.16. мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша босауға;

2.17. зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға;

2.18. жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге;

2.19. өз құзіреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтінішіне жауап беруге.

  1. Егін шаруашылығы бөлімінің бас маманының міндеттері

3.1. Жоғарғы мемлекеттік ұйымдардың  егін шаруашылығы саласы бойынша  қабылданған қаулыларының, шешімдерінің, бұйрықтарының және хаттамаларының орындалуы жайлы хабарламалар дайындап, бақылауда ұстау;

3.2. сала байынша қажеттерді ақпараттарды, шұғыл есептерді, мағлұматтарды жинақтау және олар бойынша тиісті анықтамалар, ақпараттар даярлау;

3.3. егін шаруашылығына жаңа технологияларды, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін енгізу және  сараптау, оларды жаппай өндіріске  енгізуге ықпал ету;

3.4. ауыл шаруашылығы министрлігінің РСХ үлгілері бойынша мәліметті уақытында жинақтап, АШМ жолдау;

3.5. жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызу мен өсіру бойынша жұмыс атқару;

3.6. жылыжай кешенін дамытуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру және мәліметтерді жинақтау;

3.7. ауыл шаруашылық дақылдарының зиянды организмдеріне қарсы күрес жөніндегі іс- шаралар жұмыстарын ұйымдастыру;

3.8. жеміс — жидек және көкөніс, картоп дақылдары бойынша қажеттерді ақпараттарды, шұғыл есептерді, мағлұматтарды жинақтау және олар бойынша тиісті анықтамалар, ақпараттар даярлау;

3.9. сала жұмысына қатысты тараптарда облыстық департаменттермен, басқармалармен, комитеттермен, инспекцияларымен, АӨК кәсіпорындарымен бірлесіп әрекет жасайды.

3.10. берілетін материалдардың сараптамасын және ұсыныстар дайындайды;

3.11. әкімшілік-құқықтық тәртіптердің бұзылуы жөнінде ұсыныстар дайындайды;

3.12. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау;

3.13. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау.

3.14. Өз міндетін еңбек демалысында, іссапарға кеткен жағдайда және басқа да жағдайларда  бас мамандар бірін-бірі алмастырады.