Инновациялық және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бөлімі

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ҚАЙТА  ӨҢДЕУ БӨЛІМІНІҢ  БАСШЫСЫ

  1. Жалпы ережелері

             1.1. Инновациялық және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта  өңдеу бөлімінің  басшысы басшылар санатына жатады.

1.2. Бөлімінің басшысы Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқарма басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалады және босатылады.

1.3. Бөлім басшысы білуі қажет:

1.3.1. Қазақстан-2050″ Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», Заңдарын  және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Еңбек, Бюджет, Жер, Орман, Су Кодекстерін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу

1.3.2. Еңбек заңнамасын.

1.3.3. Құжаттардың орындалуын бақылаудағы түрлерін мен тәсілдерін.

1.3.4. Іс жүргізу негіздерін.

  • Жеке компьютерде Microsoft Office, Lotus Notes бағдарламаларында жұмыс істеу және ақпараттық технологияларды пайдалану мүмкіндігін.
  • Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін.
  • Қызметтік құжаттарды мемлекеттік және ресми тілде әзірлеуді.

1.4.      Бөлім басшысы өз қызметінде төмендегіні басшылыққа алады:

1.4.1. Инновациялық және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта  өңдеу бөлімі туралы Ережені;

1.4.2.  Аталған лауазымдық нұсқаулықты;

1.4.3. Басқарма басшысының тапсырмаларын;                                          

1.4.4. Инновациялық және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта  өңдеу бөлімінің  басшысы Басқарма басшысының орынбасарына бағынады.

1.5. Бөлім басшысына инновациялық және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта  өңдеу бөлімінің  екі бас маманы тікелей бағынады.

1.6. Бөлім басшысы уақытша болмаған кезде, оның лауазымдық міндетін бас маманың біріне тапсырады

  1. Инновациялық және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бөлімі басшысының құқықтары

2.1. Өзінің қызметіне қатысты бұйрық жобаларымен танысуға.

2.2. Басқарма басшысына бөлімнің жұмысын жетілдіру және жұмысындағы кемшіліктерді жою жөнінде  ұсыныстар енгізуге.

2.3. Өзі немесе басшылықтың тапсыруы бойынша, қызметтік міндеттерін орындауға байланысты Тараз қаласы және аудан әкімдіктерінің ауылшаруашылық бөлімдерінен, сыртқы мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарынан қажетті ақпараттарды сұратуға.

2.4. Құжаттарға өз құқығы шеңберінде қол қоюға.

2.5. Басқарма басшысынан өзінің қызметтік міндеттері мен құқықтарын орындауға көмектесуін талап етуге.

2.6. Мемлекеттік ауылшаруашылық бақылау және қадағалау объектілеріне ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен (қызмет куәлігін және  құқықтық  статистика  жөніндегі  органда  тіркелгені  туралы  белгісі  бар тексеру тағайындау туралы актіні көрсете отырып)  кедергісіз баруға және мемлекеттік  бақылауды  жасау үшін  қажетті ақпарат алуға құқылы.

2.7. Меншіктің қандай түрінде болғанына қарамастан ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін цехтардың, зауыттардың, комбинаттардың жұмыстарын, оның жоғары сапалы өнім шығаруын қадағалайды;

2.8. Басқарма басшысының  тапсырмасы бойынша облыс көлемінде атқарылып жатқан ауыл шаруашылығы жұмыстарының нақтылы мерзімде, жоғары деңгейде және сапалы өткізілуіне бағытталған шараларға байланысты  зерделеуге қатыса алады, орындалуына ықпалын тигізеді;

2.9. Бөлімнің барлық қызметкерлерінен осы нұсқаулықта бекітілген міндеттері

бойынша жұмыс атқаруды талап етуге құқылы.

  1. Инновациялық және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бөлімі басшысының міндеттері

3.1. Облыс агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық, инновациялық  жобаларды іске асыру жөнінде облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, Ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандарымен тығыз байланыста жұмыстарды жүргізу;

3.2. Облыс агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық , инновациялық жобаларды іске асыру жөнінде облыстық басқармалармен, комитеттермен, АӨК кәсіпорындарымен, «ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы Холдингтің құрамына кіретін еншілес акционерлік қоғамдарының («ҚазАгроҚаржы», «Аграрлық несие корпорациясы», т.б.) облыстық филиалдарымен, «Тараз» ҰК әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп әрекет жасау.

3.3. Импорталмастыруға бағытталған, өнім сапасын жақсарту жөніндегі жұмыстарды жетілдіру;

3.4. Жаңа технологияларды сараптауды ұйымдастыру, озық тәжірибені қорытындылау және насихаттау, семинарлар, кеңестер ұйымдастыру;

3.5.Өндіріске ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін, озық технологияларды енгізуге ықпал ету;

3.6. Бөлім жұмысына басшылық жасау;

3.7. АӨК көсіпорындарымен бірлесіп әрекет жасау.

3.8. Бөлімнің басқа да жұмыстарын жүргізу.

3.9. Облыс Әкімінің, орынбасарларының шешімдері мен өкімдерін, ауыл шаруашылығы министрлігінің  тапсырмаларын, алқа мәжілістері шешімдерін, басқарма бастығының бұйрықтарын, орынбасарларының тапсырмаларын орындалуын ұйымдастыру және бақылауға алу;

3.10.Ауыл шаруашылығы салаларын дамытудың басымды мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға қатысу.

3.11.Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау;

3.12 Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін орындалуын қадағалау және жұмысын ұйымдарстыруға.

3.13. Жұмыста жоқ кезде өз міндетін бөлімнің бас мамандарының біріне тапсырады.

  1. Инновациялық және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бөлімі басшысының жауаптылығы
  2. 4. Бөлім басшысы жауапты болады:

4.1. Қазақстан Республикасының еңбек, мемлекеттік қызмет және т.б. заңнамаларында, осы қызметтік нұсқаулықта көзделген жағдайларда өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін тиісінше атқармаған немесе атқармағаны үшін.

4.2 Қазақстан Республикасының қолданыстағы әкімшілік, қылмыстық және азаматтық заңдылықтары шегінде өзінің қызметін атқару барысында жасаған құқық бұзушылықтары үшін.

4.3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек және азаматтық заңдылықтары шегінде келтірген материалдық залал үшін.

4.4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін.

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ҚАЙТА  ӨҢДЕУ БӨЛІМІНІҢ  БАС МАМАНЫ

  1. Жалпы ережелер

 1.1. Инновациялық және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта  өңдеу бөлімінің  бас маманы мамандар санатына жатады.

1.2. Бас маман Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқарма басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалады және босатылады.

1.3. Бас маман білуі қажет:

1.3.1. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», Заңдарын  және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Еңбек, Бюджет, Жер, Орман, Су Кодекстерін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

1.3.2. Еңбек заңнамасын.

1.3.3. Құжаттардың орындалуын бақылаудағы түрлерін мен тәсілдерін.

1.3.4. Іс жүргізу негіздерін.

  • Жеке компьютерде Microsoft Office, Lotus Notes бағдарламаларында жұмыс істеу және ақпараттық технологияларды пайдалану мүмкіндігін.
  • Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін.
  • Қызметтік құжаттарды мемлекеттік және ресми тілде әзірлеуді.
  • 4. Бас маман өз қызметінде төмендегіні басшылыққа алады:
  • 4.1. Мемлекеттік техникалық инспекциясы бөлімінің Ережесін;
  • 1.4.2.  Аталған лауазымдық нұсқаулықты;
  • 1.5.        Инновациялық және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта  өңдеу бас маманы бөлім басшысына бағынады.
  • 6. Бас маман уақытша болмаған кезде бір-бірін алмастырады.
  1. Инновациялық және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бөлімі  бас маманының құқықтары

2.1. Өз қызметі шегінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының  Еңбек  кодексін, «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі туралы», “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” заңдарында шектеу қойылмаған барлық жұмыстарды жүргізуге;

2.2. Меншіктің қандай түрінде болғанына қарамастан ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін цехтардың, зауыттардың, комбинаттардың өндірген өнімдеріне  атқарып жатқан жұмыстарына   талдаулар жасауға;

2.3. Белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы мәліметтердің ақпараттар қорын пайдалануға;

2.4. Басқарма бастығының тапсырмасы бойынша өзге де уәкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

2.5. Өзі жұмыста жоқ болатын жағдайда бөлімнің  маманына өз міндетін бөлім басшысымен келісе  отырып  тапсырады.

  1. Инновациялық және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бөлімі  бас маманының міндеттері

3.1. Өз қызметі шегінде Үкіметтің қаулыларын, ауыл шаруашылығы министірлігінің бұйрықтарын, облыс әкімшілігінің бұйрықтарын, қаулыларын, өкімдерін  және  облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының  бұйрықтарын негізге алады;

3.2. Қайта өңдеу кәсіпорындары Үкіметтің бюджеттік бағдарламалары бойынша қолдау шараларын алып, жұмыс жасауларына көмектеседі;

3.3. Қайта өңдеу саласы бойынша  бағдарламаларды дайындайды, басқарма басшыларына өңдеу кәсіпорындарының жұмыстары туралы мәліметтер беріп отырады.

3.4. Қосымша бөлімнің іс қағаздардарының  дұрыс жүргізілуін және  жоғарғы орындардан келген   құжаттарға  мерзімінде   жауап қайтарылуын  қамтамасыз етеді;

3.5. Осы бөлімнің қызметіне байланысты құжаттарды, анықтаманы дайындауға ат салысады;

3.6. Аудандық ауыл шаруашылығы  бөлімшелерімен, мекемеге қарасты кәсіпорындармен, ұйымдармен бірлесе отырып,  аграрлық саланың дамуының тұжырымдалған бағдарламасын жасауға және жүзеге асыруға қатысады;

3.7. Облыс әкімінің,  ауыл шаруашылығы басқармасының алқа мәжілісіне ақпараттар дайындайды

3.8. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және маркетинг саласына байланысты өткізілетін жиналыстарды, семинар-кеңестерді, көрмелерді және жәрмеңкелерді ұйымдастыруға қатысады;

3.9. Техникалық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз етеді; Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етеді;

3.10. «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауылдық елді мекендер саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттік бағдарламасын жүзеге асырады;

3.11.«Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін берілетін бюджеттік кредиттер» республикалық бюджеттік бағдарламасын іске асырады;

3.12.«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау ағымдағы нысаналы трансфертті»  республикалық  бағдарламасын іске асырады;

3.13. «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Заң талаптарына сәйкес агроқұрылымдардың кооперацияға бірігуіне аудандағы ауыл шаруашылығы бөлімдерімен бірлесе отырып жұмыс жүргізіп,  ай сайын талдау жасап ақпарат дайындайды;

3.14. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау.

3.15. Бөлімнің бір маманы еңбек демалысына кеткенде және денсаулығына байланысты жұмыста жоқ болған кезде уақытша міндетін атқару.

3.16. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау.

  1. Инновациялық және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бөлімі бас маманының  жауаптылығы
  2. 4. Бас маман жауапты болады:

4.1. Қазақстан Республикасының еңбек, мемлекеттік қызмет және т.б. заңнамаларында, осы қызметтік нұсқаулықта көзделген жағдайларда өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін тиісінше атқармаған немесе атқармағаны үшін.

4.2 Қазақстан Республикасының қолданыстағы әкімшілік, қылмыстық және азаматтық заңдылықтары шегінде өзінің қызметін атқару барысында жасаған құқық бұзушылықтары үшін.

4.3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек және азаматтық заңдылықтары шегінде келтірген материалдық залал үшін.

4.4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін.

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ҚАЙТА  ӨҢДЕУ БӨЛІМІНІҢ  БАС МАМАНЫ

  1. Жалпы ережелер

1.1. Инновациялық және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта  өңдеу бөлімінің  бас маманы мамандар санатына жатады.

1.2. Бас маман Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқарма басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалады және босатылады.

1.3. Бас маман білуі қажет:

1.3.1. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», Заңдарын  және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Еңбек, Бюджет, Жер, Орман, Су Кодекстерін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

1.3.2. Еңбек заңнамасын.

1.3.3. Құжаттардың орындалуын бақылаудағы түрлерін мен тәсілдерін.

1.3.4. Іс жүргізу негіздерін.

  • Жеке компьютерде Microsoft Office, Lotus Notes бағдарламаларында

жұмыс істеу және ақпараттық технологияларды пайдалану мүмкіндігін.

  • Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін.
  • Қызметтік құжаттарды мемлекеттік және ресми тілде әзірлеуді.
  • 4. Бас маман өз қызметінде төмендегіні басшылыққа алады:

1.4.1.  Мемлекеттік техникалық инспекциясы бөлімінің Ережесін;

1.4.2.  Аталған лауазымдық нұсқаулықты;

1.5.      Инновациялық және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта  өңдеу бас маманы бөлім басшысына бағынады.                                                                                          1.6. Бас маман уақытша болмаған кезде бір-бірін алмастырады.                                                                                                                        

  1. Инновациялық және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бөлімі  бас маманының құқықтары

2.1.Өз қызметі шегінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының  Еңбек  кодексін, «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі туралы», “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” заңдарында шектеу қойылмаған барлық жұмыстарды жүргізуге;

2.2.Меншіктің қандай түрінде болғанына қарамастан ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін цехтардың, зауыттардың, комбинаттардың өндірген өнімдеріне  атқарып жатқан жұмыстарына   талдаулар жасауға;

2.3.Белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы мәліметтердің ақпараттар қорын пайдалануға;

2.4. Басқарма бастығының тапсырмасы бойынша өзге де уәкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

2.5. Өзі жұмыста жоқ болатын жағдайда бөлімнің  маманына өз міндетін бөлім басшысымен келісе  отырып  тапсырады.

  1. Инновациялық және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бөлімі  бас маманының  міндеттері

3.1. Өз қызметі шегінде Үкіметтің қаулыларын, ауыл шаруашылығы министірлігінің бұйрықтарын, облыс әкімшілігінің бұйрықтарын, қаулыларын, өкімдерін  және  облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының  бұйрықтарын негізге алады;

3.2. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеудің аумақтық және салалық бағдарламасын әзірлеуге қатысып, оны іске асыруға ықпал ету;

3.3. Бәсекеге қабілетті және рынок сұранысы жоғары өнімдер шығаруды  ынталандыру мақсатында  қайта өңдеуші кәсіпорындарды қолдау  шараларын  әзірлеп, оны жүзеге асыру;

3.4.Тамақ өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында озық тәжірибелермен алмасуға көрме, семинар және жәрмеңкелер өткізуді  ұйымдастыру шараларымен айналысу;

3.5.Қайта өңдеуші кәсіпорындардың халықаралық ИСО-9000 стандарты негізінде сапа менеджменті жүйесіне өтуіне мониторинг жүргізіп, ықпал ету;

3.6.Тамақ өнімдері мен қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорт-импорт  мониторингін, олардың ішкі және сыртқы рыноктағы   жағдайы  жөнінде талдаулар,  зерттеулер жүргізу;

3.7. Техникалық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету;

3.9. Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз ету.

3.10.«Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау» кіші бюджеттік бағдарламасы бойынша жұмыс органының қызметін жүргізу.

3.11. «Агроөнеркәсіптік кешен субьектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау» бюджеттік бағдарламасы бойынша жұмыс органының қызметін жүргізу.

3.12. Импорт алмастыруға бағытталған, өнім сапасын жақсарту жөніндегі жұмыстарды жетілдіру;

3.13. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау.

3.14.Бөлімнің бір маманы еңбек демалысына кеткенде және денсаулығына байланысты жұмыста жоқ болған кезде уақытша міндетін атқару.

3.15.Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау.