Мемлекеттік астық және тұқым инспекциясы бөлімі

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК АСТЫҚ ЖӘНЕ ТҰҚЫМ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

  1. Жалпы ережелер

  1.1. Мемлекеттік астық және тұқым инспекциясы бөлімінің басшысы басшылар санатына жатады.

1.2. Мемлекеттік астық және тұқым инспекциясы бөлімініңбасшысы Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқарма басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалады және босатылады.

1.3. Бөлім басшысы білуі қажет:

1.3.1 Бөлім басшысы өз жұмысын Қазақстан Республикасының  (әрі қарай – ҚР) Конституциясына, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі», «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы»,  «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Астық туралы», «Тұқым шаруашылығы туралы»,  «Өсімдіктер карантині туралы»,  «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Еңбек, Бюджет, Жер, Орман, Су, «Әкімшілік құқық бұзушылық» Кодекстерін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

1.3.2. Еңбек заңнамасын.

1.3.3. Құжаттардың орындалуын бақылаудағы түрлерін мен тәсілдерін.

1.3.4. Іс жүргізу негіздерін.

  • Жеке компьютерде Microsoft Office, Lotus Notes бағдарламаларында жұмыс істеу және ақпараттық технологияларды пайдалану мүмкіндігін.
  • Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін.
  • Қызметтік құжаттарды мемлекеттік және ресми тілде әзірлеуді.

1.4. Бөлім басшысыөз қызметінде төмендегіні басшылыққа алады:

1.4.1.  Мемлекеттік астық және тұқым инспекциясы бөлімініңЕрежесін;

1.4.2.  Аталған лауазымдық нұсқаулықты;

1.4.3. Басқарма басшысының тапсырмаларын;

1.5. Бөлім басшысына мемлекеттік астық және тұқым инспекциясыбөлімінің бас маманы тікелей бағынады.

1.6. Мемлекеттік астық және тұқым инспекциясы бөлімінің басшысы Басқарма басшысына және оның егіншілік шаруашылығы бойынша орынбасарына есеп береді;

1.7. Бөлім басшысы уақытша болмаған кезде, оның лауазымдық міндетін бас маманына тапсырады.

  1. Мемлекеттік астық және тұқым инспекция бөлімінің басшысының құқықтары
  • Мемлекеттік астық және тұқым инспекция бөлімінің басшысы құқылы:
  • 1.1. Өз қызметі жөніндегі құқықтық актілермен және құжаттармен танысуға;
  • 2.1.2. Қызметтік міндетіне байланысты жұмысты атқару барысында өз атынан және басшылықтың тапсырмасы бойынша Басқарманың құрылымдық бөлімдерінен ақпараттар мен құжаттарды сұратуға;

2.1.3.   Қызметтік міндеттерін орындауда басшылықтан өзінің құқықтары мен міндеттерін орындауға ықпал етуді талап етуге.

2.1.4. Астықты өсіру, сақтау және өңдеу  орындарына ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен (қызмет куәлігін және  құқықтық  статистика  жөніндегі  органда  тіркелгені  туралы  белгісі  бар тексеру тағайындау туралы актіні көрсете отырып)  кедергісіз баруға және мемлекеттік  бақылауды  жасау үшін  қажетті ақпарат алуға құқылы;

2.1.5. ҚР заңнамаларына сәйкес, бөлім мамандары  қауіпсіз  еңбек жағдайына құқығы бар.

  1. Мемлекеттік астық және тұқым инспекция бөлімінің басшысының міндеттері астық саласы бойынша

3.1 астық нарығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

Егін шаруашылығына жаңа технологияларды, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін енгізу және  сараптау, оларды жаппай өндіріске  енгізуге ықпал ету;

3.2. «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткізу қызметінің құнын субсидиялау» бағдарламасы бойынша жұмыс атқару;

3.3. Ауыл шаруашылығы Министрлігінен келген құжаттарға  сараптама жасап, тұқым және астық шаруашылығына қатысы бар барлық жұмыстарды күнделікті орындап, шаруашылықтарға таныстырып отырады;

3.4. пестицидтерді (улы химикаттарды өндіру) (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикатарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикатарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру жұмыстарын атқарады;

3.5. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес астықтық сандық-сапалық есебін жүргізу; астықты сақтау; астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу қағидаларын сақтауын бақылау;

3.6. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды және  мемлекеттік саясатты іске асырады;

3.7. «Тұқым шаруашылығын қолдау» бағдарламасы бойынша берілген қаржыларды Заң аясында және нормативті-құқықтық актілер негізінде толық игеруді жүзеге асыру; міндеттелген бағдарламалар бойынша қаражаттың игерілуін бақылауда ұстау;

3.8. Қазақстан Республикасынық өсімдік шаруашылығы саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

3.9. агенттің, қоғамның қызметін, олардың Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

3.10. биоотын өндірісін мемлекеттік реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты өз құзыреті шегінде іске асырады;  биоотын өндірісі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

3.11. карантинді объектілердің таралуының есебін жүргізеді және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат береді; өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік саясаттыіскеасырады;

3.12. мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілерінде осы объектілердің иелері – жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуін ұйымдастырады;

3.13. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау;

3.14.Бөлімге тікелей басшылық жасап, белгілі жағдайда жұмыста жоқ кезде арнайы  белгілеу арқылы бөлімінің бас маманына тапсырады;

3.15. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау.

  1. Мемлекеттік астық және тұқым инспекция бөлімінің басшысының жауаптылығы
  2. Мемлекеттік астық және тұқым инспекциясы бөлімінің басшысы жауапты:
  3. 4.1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген және осы лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген міндеттерін орындамағаны үшін;

4.2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген құқықбұзушылықтар және өз құзіретіне сәйкес қызмет атқару барысында жіберілген құқықбұзушылықтар үшін;

4.3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында белгіленген материалдық залалдарды келтіргені үшін;

4.4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін.

МЕМЛЕКЕТТІК АСТЫҚ ЖӘНЕ ТҰҚЫМ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

  1. Жалпы ережелер

1.1. Мемлекеттік астықжәне тұқым инспекциясы бөлімінің мамандар санатына жатады.

1.2. Бас маман Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқарма басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалады және босатылады.

1.3. Бас маманбілуі қажет:

1.3.1. Мемлекеттік астықжәне тұқым инспекциясы бөлімінің бас маманҚазақстан Республикасының  (әрі қарай – ҚР) Конституциясына, Қазақстан-2050″ Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы», «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы»,  «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Астық туралы», «Тұқым шаруашылығы туралы»,  «Өсімдіктер карантині туралы»,  «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңдарын  және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Еңбек, Бюджет,«Әкімшілік құқық бұзушылық» Кодекстерін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

1.3.2. Еңбек заңнамасын.

1.3.3. Құжаттардың орындалуын бақылаудағы түрлерін мен тәсілдерін.

1.3.4. Іс жүргізу негіздерін.

1.3.5. Жеке компьютерде Microsoft Office, Lotus Notes бағдарламаларында жұмыс істеу және ақпараттық технологияларды пайдалану мүмкіндігін.

1.3.6. Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін.

1.3.7. Қызметтік құжаттарды мемлекеттік және ресми тілде әзірлеуді.

1.4. Бас маманөз қызметінде төмендегіні басшылыққа алады:

1.4.1.  Мемлекеттік астық және тұқым инспекциясы бөлімініңЕрежесін;

1.4.2.  Аталған лауазымдық нұсқаулықты;

1.5. Мемлекеттік астықжәне тұқым инспекциясы бөлімінің бас маманы–бөлімінің басшысына,Жамбыл облысы әкімдігінің ауылшаруашылығы басқармасының басшысына және Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының басшысына есеп береді;

1.6. Мемлекеттік астықжәне тұқым инспекциясы бөлімінің бас маман өз өкілеттігіне сәйкес басқа да заңға қайшы келмейтін мәселерлерді жүзеге асырады.

1.7. Мемлекеттік астықжәне тұқым инспекциясы бөлімінің бас маманы бөлім басшысына бағынады.

1.8. Бас маман уақытша болмаған жағдайда, онда осы қызмет бойынша лауазымдық  міндеттерінбөлім басшысы атқарады.

  1. Мемлекеттік астық және тұқым инспекциясы бөлімі бас маманының құқықтары

2.1. Басқарманың тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторының:
тұқым шаруашылығы субъектiлерiнiң уәкiлеттiк орган бекiткен бастапқы, элиталық және өнеркәсiптiк (жаппай) тұқым шаруашылығын жүргiзудiң схемалары мен әдiстерiн, тұқым шаруашылығы саласындағы әдiстемелiк және технологиялық талаптарды сақтауына мемлекеттiк бақылауды, оның iшiнде сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыруға;

2.2 Тұқым шаруашылығы туралы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентi жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының сақталуы тұрғысынан мемлекеттiк бақылау мақсатында тұқым шаруашылығының субъектiлерiне баруға және олардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру мәселелерi бойынша ақпарат алуға;

2.3. Аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектiлерi көрсететiн қызметтердiң сапасын тексеруге;

2.4. Аттестатталған тұқым өндiрушiлердiң қызметiне олардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi нысанында инспекция жүргiзудi жүзеге асыруға;

2.5 Тұқым шаруашылығы саласында қызметтi жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының бұзылғаны туралы нұсқама беруге және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға;

2.6. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органына субъектiлердiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлiктiң қолданылуын тоқтата тұру жөнiнде ұсыныс енгiзуге;

2.7. Тұқым сапасына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру үшiн тұқым топтарынан сынамалар iрiктеп алуға;

2.8. Субсидия бөлiнген тұқымның нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға құқығыбар.

  1. Мемлекеттік астық және тұқым инспекциясы бөлімі бас маманының міндеттері тұқым саласы бойынша

3.1.  тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

3.2. уәкілетті органның қарауына элиталық тұқым өсіру аруашылықтарының элиталық тұқымдарды өндіру мен өткізу көлемі жөнінде ұсыныстар енгізеді;

3.3. тұқым шаруашылығы субъектілеріне және тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі зертханаларға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, оларды аттестаттауды жүргізеді;

3.4. «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасынық Зақына сәйкес қызметінің басталғаны туралы хабарлаған байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын есепке алуды жүзеге асырады;

3.5. облыс, республикалық маңызы бар қала және астана бойынша тұқымдар баланстарын жасайды;

3.6. ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпарат беруді қамтамасыз етеді;

3.7. құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің сақтық және ауыспалы тұқым қорларын қалыптастыруына жәрдемдеседі;

3.8. бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргізу және ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын жаппай көбейту схемалары мен әдістері бойынша ұсыныстар енгізеді;

3.9. сұрыптық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сұрыптық егiстіктердi байқаудан өткiзуді, жерге егiп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтарды, тұқым сапасына сараптама жүргізу тәртібінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады (агроесеп), тұқымдардың мемлекеттiк ресурстарының саны-сапасы жағынан жай-күйiн бақылауды жүзеге асырады;

3.10. Өсімдіктер карантині саласы бойынша

карантинді объектілердің таралуының есебін жүргізеді және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат береді; өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
3.11. мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілерінде осы объектілердің иелері – жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуін ұйымдастырады;

3.12. уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша тиiстi аумақтарда карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндi аймақты белгiлеу немесе оның күшiн жою туралы шешiм қабылдайды;

3.13. жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3.14. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау;

3.15. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау.

  1. Мемлекеттік астық және тұқым инспекциясы бөлімі бас маманының жауаптылығы
  2. Мемлекеттік астық және тұқым инспекциясы бөлімінің бас маманы жауапты:
  3. 4.1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген және осы лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген міндеттерін орындамағаны үшін;

4.2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген құқықбұзушылықтар және өз құзіретіне сәйкес қызмет атқару барысында жіберілген құқық бұзушылықтар үшін;

4.3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында белгіленген материалдық залалдарды келтіргені үшін;

4.4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін.