Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі және құқықтық қамтамасыз ету бөлімі

 ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР МОНИТОРИНГІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ  ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ  БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

  1. Жалпы ережелер

1.1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі және құқықтық қамтамасыз ету  бөлімінің басшысы ( бұдан әрі – бөлім басшысы) басшылар санатына жатады.

1.2. Бөлім басшысы Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқарма басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалады және босатылады.

  • 3. Бөлім басшысы білуі тиіс:

1.3.1. Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Астық туралы», «Тұқым шаруашылығы туралы»,  «Өсімдіктер карантині туралы»,  «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы», «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Заңдарын  және Қазақстан Республикасының Еңбек, Бюджет, Жер, Орман, Су, Кәсіпкерлік Кодекстерін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

1.3.2. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқада міндетті білімдер.

1.3.3 Құжаттардың орындалуын бақылау түрлері мен әдістерін.

1.3.4. Дербес компьютерде MS Word, MS Excel, Internet, электронды почта бағдарламаларымен жұмыс істеу іскерлігі.

1.3.5. Ішкі еңбек тәртібінің ережесін.

1.3.6. Қызметкерді бағалау жүйесін және әдістерін.

1.3.7. Бөлімнің жеке іс- қағаздарың номенклатураға сәйкес дайындау және жүргізу тәртібін.

1.3.8. Бөлім басшысы Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысына және оның орынбасарына есеп беруді.

1.3.9. Еңбектің психологиялық негіздерін.

1.4. Бөлім басшысы жұмыс барысында басшылыққа алады:

1.4.1. Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының Ережесін.

1.4.2. Мемлекеттік әкімшілік кызметшілердің біліктілік талаптарын.

1.4.3. Осы қызметтік нұсқаулықты.

1.5.Бөлім басшысы тікелей басқарма басшысына және басшының орынбасарына бағынады.

1.6. Бөлім басшысына мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі және құқықтық қамтамасыз ету  бөлімінің бас маманы тікелей бағынады;

1.7. Бөлім басшысы  жұмыста болмаған жағдайда (еңбек демалысы, сырқаттану, т.б. себепті жағдайларда), осы міндеттерді уақытша атқару жауапкершілігі бөлімнің бас маманына жүктеледі.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі және құқықтық қамтамасыз ету бөлімі басшысының  құқықтары
  2. Бөлім басшысы құқылы:

2.1. Өзінің қызметіне қатысты бұйрық жобаларымен танысуға.

2.2. Басқарма басшысына бөлімнің жұмысын жетілдіру және жұмысындағы кемшіліктерді жою жөнінде  ұсыныстар енгізуге.

2.3. Өзі немесе басшылықтың тапсыруы бойынша, қызметтік міндеттерін орындауға байланысты басқарама бөлімдерінен, сыртқы мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарынан қажетті ақпараттарды сұратуға.

2.4. Құжаттарға өз құқығы шеңберінде қол қоюға.

2.5. Басқарма басшысынан өзінің қызметтік міндеттері мен құқықтарын орындауға көмектесуін талап етуге.

2.6.  Мекеменің   бөлімдерінен   ҚР   заңнамасында   белгіленген    тәртіппен

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына бақылауды  жасау үшін  қажетті ақпарат алуға құқылы.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі және құқықтық қамтамасыз ету бөлімі басшысының  міндеттері
  2.       Бөлім басшысы міндетті:

3.1. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының нормативтік- құқықтық актілеріне мониторинг жүргізуді тұрақты негізде үйлестіреді;

3.2. Басқармада мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды, оған қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

3.3. мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

3.4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізеді,

3.5. көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;

3.6. көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолданады;

3.7. көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын сақтауын қамтамасыз етеді;                                                                                   3.8. Мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру;

3.9. мемлекеттік органға келіп түсетін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің жүйелендірілген есебін және олардың сақталуын ұйымдастырады;

3.10. тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының қатысуымен даулар бойынша талап арыз жұмысының сот тәжірбиесінің жай-күйін талдайды және оларды жою мен кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;

3.11. заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз етеді;

3.12. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешен қызметін реттейтін    Заңдары мен заңнамаларының, ҚР Президенті Жарлықтарының, Үкімет пен Ауыл шаруашылығы және басқа да министрліктердің салаға қатысты қаулылары мен өкімдерінің, бұйрықтарының, облыс әкімі мен  әкім аппаратының  қаулылары мен шешімдерінің мәліметтер жинағын (банкін) құрып, олардың басқарма қызметінде дұрыс пайдаланылуын жүзеге асырылуын бақылау;

3.13.Мемлекеттік қызметшілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалар талаптарының мемлекеттік қызметшілер арасында сақталуын және ол жөнінде іс-шаралар мен тиісті ақпараттарды әзірлеу;

3.14. Жергілікті мемлекеттік басқару мүдделері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3.15. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау;

3.16. Бөлімге тікелей басшылық жасап, белгілі жағдайда жұмыста жоқ кезде арнайы  белгілеу арқылы бөлімнің бас маманына тапсырады.

3.17. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін орындалуын қадағалау және жұмысын ұйымдарстыруға.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі және құқықтық қамтамасыз ету бөлімі басшысының жауаптылығы
  2.        Бөлім басшысы жауапты:

4.1. Қазақстан Республикасының еңбек, мемлекеттік қызмет және т.б. заңнамаларында, осы қызметтік нұсқаулықта көзделген жағдайларда өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін тиісінше атқармағаны немесе атқармағаны үшін.

4.2 Қазақстан Республикасының қолданыстағы әкімшілік, қылмыстық және азаматтық заңдылықтары шегінде өзінің қызметін атқару барысында жасаған құқық бұзушылықтары үшін.

4.3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек және азаматтық заңдылықтары шегінде келтірген материалдық залал үшін.

4.4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін.

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР МОНИТОРИНГІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

  1. Жалпы ережелер

      1.1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы ( бұдан әрі – бөлім бас маман) мамандар санатына жатады.

              1.2. Бас маман Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқарма басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалады және босатылады.

  • 3. Бас маман білуі тиіс:

1.3.1. Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Астық туралы», «Тұқым шаруашылығы туралы»,  «Өсімдіктер карантині туралы»,  «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы», «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Заңдарын  және Қазақстан Республикасының Еңбек, Бюджет, Жер, Орман, Су, Кәсіпкерлік Кодекстерін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

1.3.2. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқада міндетті білімдер.

1.3.3. Дербес компьютерде MS Word, MS Excel, Internet, электронды почта бағдарламаларымен жұмыс істеу іскерлігі.

1.3.4. Ішкі еңбек тәртібінің ережесін.

1.4. Бас маман жұмыс барысында басшылыққа алады:

1.4.1. Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының Ережесін.

1.4.2. Мемлекеттік әкімшілік кызметшілердің біліктілік талаптарын.

1.4.3. Осы қызметтік нұсқаулықты.

1.5. Бас маман тікелей бөлім басшысына бағынады.

1.6. Бас маман жұмыста болмаған жағдайда (еңбек демалысы, сырқаттану, т.б. себепті жағдайларда), осы міндеттерді уақытша атқару жауапкершілігі бөлім басшысына жүктеледі.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі және құқықтық қамтамасыз ету бөлімі бас маманының құқықтары:
  2. Бас маман құқылы:

2.1. Өзінің қызметіне қатысты бұйрық жобаларымен танысуға.

2.2. Бөлім басшысына бөлімнің жұмысын жетілдіру және жұмысындағы кемшіліктерді жою жөнінде  ұсыныстар енгізуге.

2.3. Өзі немесе басшылықтың тапсыруы бойынша, қызметтік міндеттерін орындауға байланысты Тараз қаласы және аудан әкімдіктерінің бөлімдерінен, сыртқы мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарынан қажетті ақпараттарды сұратуға.

2.4. Құжаттарға өз құқығы шеңберінде қол қоюға.

2.5. Басқарма басшысынан өзінің қызметтік міндеттері мен құқықтарын орындауға көмектесуін талап етуге.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманының міндеттері:
  2.   Бас маман міндетті:

            3.1.Cотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселелерін қарау  кезінде  белгіленген тәртіппен  мемлекеттік  органның  мүдделерін  білдіреді;

мемлекеттік орган әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды мемлекеттік органның басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірленген жағдайда келісу жолымен әзірлеуге қатысады;

3.2. Мемлекеттік органның бірінші басшысының тапсырмасы бойынша құқықтық сипаттағы өзге құжаттарды дайындайды;

3.3. Мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, жалпыға бірдей құқықтық оқытудыдың жыл сайынғы іс-шараларын әзірлейді және іске асырады;

3.4. Заңнамалық актілерде көзделген жағдайда мемлекеттік органның құзіретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік органның атынан түсініктеме дайындайды.

3.5. Шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелерді орындамаған және тиісінше орындамаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын үйлестіруді қамтамасыз етеді;

3.6. Тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының қатысуымен даулар бойынша талап арыз жұмысының сот тәжірбиесінің жай-күйін талдайды және оларды жою мен кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар береді;

3.7. Заңнамада көзеделген негіздер болған жағдайда мемлекеттік органның пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөнінде шараларды уақтылы қабылдайды, сондай-ақ заңнамада белгілеген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтініштерімен жүгінеді;

3.8. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешен қызметін  реттейтін    Заңдары мен заңнамаларының, ҚР Президенті  Жарлықтарының, Үкімет пен Ауыл шаруашылығы және  басқа да министрліктердің салаға қатысты қаулылары мен  өкімдерінің, бұйрықтарының, облыс әкімі мен  әкім аппаратының  қаулылары мен шешімдерінің мәліметтер  жинағын (банкін) құрып, олардың басқарма қызметінде дұрыс пайдаланылуын жүзеге асыру;

3.9. Басқарма бөлімдері мен басқармаға  қатысты  дайындалған нормативтік-құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының Заңдары мен заң актілері талаптарының қатаң сақталуын қадағалап, олардың осы бағыттағы жұмыстарын үйлестіріп, нақты құқықтық көмектер көрсетіп отыруға;

3.10. Бөлімнің маманы еңбек демалысына кеткенде және денсаулығына байланысты жұмыста жоқ болған кезде міндетін бөлім басшысы атқарады;

3.11. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау;

3.12. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманының жауапкершілігі
  2. Бас маман жауапкершілікті болады:

4.1. Қазақстан Республикасының еңбек, мемлекеттік қызмет және т.б. заңнамаларында, осы қызметтік нұсқаулықта көзделген жағдайларда өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін тиісінше атқармағаны немесе атқармағаны үшін.

4.2 Қазақстан Республикасының қолданыстағы әкімшілік, қылмыстық және азаматтық заңдылықтары шегінде өзінің қызметін атқару барысында жасаған құқық бұзушылықтары үшін.

4.3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек және азаматтық заңдылықтары шегінде келтірген материалдық залал үшін.