Мемлекеттік техникалық инспекциясы бөлімі

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

  1. Жалпы ережелер

1.1.  Мемлекеттік техникалық инспекциясы бөлімінің басшысы (бұдан әрі -бөлім басшысы) басшылар санатына жатады.

1.2. Бөлім басшысы Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқарма басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалады және босатылады.

1.3. Бөлім басшысы білуі тиіс:

1.3.1. Қазақстан Республикасының  Конституциясын, Әкімшілік құқық бұзұшылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы», «Жол жүрісі қаупсіздігі туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының  Еңбек  кодексін, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, «Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексi» Жарлығын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, Қазақстанның 2050 жылға дейiнгi Даму стратегиясын және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық актiлерiн  бiлу.

1.3.2. Еңбек заңнамасын.

1.3.3. Құжаттардың орындалуын бақылаудағы түрлерін мен тәсілдерін.

1.3.4. Іс жүргізу негіздерін.

  • Жеке компьютерде Microsoft Office, Lotus Notes бағдарламаларында жұмыс істеу және ақпараттық технологияларды пайдалану мүмкіндігін.
  • Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін.
  • Қызметтік құжаттарды мемлекеттік және ресми тілде әзірлеуді.

1.4. Бөлім басшысыөз қызметінде төмендегіні басшылыққа алады:

1.4.1.  Мемлекеттік техникалық инспекциясы бөлімінің Ережесін;

1.4.2.  Аталған лауазымдық нұсқаулықты;

1.4.3. Басқарма басшысының тапсырмаларын;

1.5. Бөлім басшысына Мемлекеттік техникалық инспекциясы бөлімінің бас маманы тікелей бағынады.

1.6. Бөлім басшысы басқарма басшысының орынбасарына(егін шаруашылығы, мемлекеттік астық  және тұқым инспекция, мемлекеттік техникалық инспекция  жөніндегі) бағынады.

1.7. Бөлім басшысы уақытша болмаған кезде, оның лауазымдық міндетін бас маманғатапсырады.

  1. Мемлекеттік техникалық инспекциясы бөлімі басшысының құқықтары

2.1. Машиналарды мемлекеттіктіркеу ережесі мен Машиналарға жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқау жүргізуережесінде белгіленген машиналардың меншік иелері немесе иеленушілерінің тіркеу әрекеттерін жүзеге асыру алдында келетін міндеттерін орындау үшін мерзімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;

2.2.Өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтың есебін жүргізуге олардыңпайда болу себептері мен шарттарын талдауға, өз өкілетігінің шегінде сол себептер мен шарттарын жоюға шараларды қабылдауға, әкімшілік құқық бұзушылық саласында заңнаманы қолдану тәжірибесінің қортында жасауға;

2.3. Өз құзыретінің шегінде машиналарға мемлекеттік техникалық байқау жүргізуді жақсарту бойынша ұсыныстар мен шараларды әзірлеуге;

2.4. Нормативтік-техникалық құжаттар тізбесінің талаптарына қауіп төндіретін ақауы бар машиналарды пайдалануға тыйым салуға;

2.5. Осы қызметтік нұсқаулықта қарастырылған міндеттерге байланысты жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстарды енгізуге;

2.6.Бағыныстағы қызметкерлерге өкімдер беру және олардың орындалуын бақылау құқықтарыберіледі.

2.7.Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген  тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттарды, материалдарды  сұратып алуға.

  1. Мемлекеттік техникалық инспекциясы бөлімі басшысының міндеттері

3.1. Қазақстан Республикасының заңнамасында  белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол құрылысы  машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өткізгіштігі жоғары арнайы машиналарды тиісті құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмері белгілерін бере отырып,  мемлекеттік тіркеуге алу,  мемлекеттік техникалық тексеруден өткізу, аталған көлік құралдары мен тіркемелерді пайдаланатын, соның ішінде сенімхат бойынша пайдаланатын тұлғаларды тіркеу және есепке алу, оларды жүргізу құқығына емтихан қабылдау және куәлік берілуін аудандар  бойынша қадағалау;

3.2. Жамбыл облысы әкімдігінің қаулылары мен өкімдерін аудандық мамандарға жеткізу және оның орындалуын бақылау;

3.3. Басқарма басшысы бекіткен жұмыс жоспарын орындап, бақылау;

3.4. Қызмет жағдайын орынсыз пайдаланудың алдын алу, сыбайлас жемқорлықты болдырмау;

3.5. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметке байланысты шектеулерді сақтауын қадағалау;

3.6. Бөлім жұмысына байланысты құжаттарды даярлау, іс қағаздарының жедел және дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету;

3.7. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің  Әдеп кодексін сақтау;

3.8. Бөлім басшысы болмаған кезде оның міндетін осы бөлімнің бас маманы атқарады;

3.9.Облыс көлеміндегіөздігінен жүретін техникалар мен трактор

тіркемеріне және басқа да арнайы техникаларға техникалық байқауға қатысу;

3.10. Арнайы оқу орындарында тракторист-машинист куәлігіне емтихан жұмыстарына қатысу;

3.11. Аудандық мемлекеттік техникалық инженер-инспекторлар жұмысына тікелей бақылау жасаумен қатар жаңадан шыққан нұсқаулармен таныстырып отыру;

3.12.Аудандық мемлекеттік техникалық инженер-инспекторлардың берілетін есептерін қадағалап бақылау;

3.13. Техникалардың дайындығы туралы Ауыл шаруашылығы министрлігіне тапсырылатын есептерді қадағалау;

3.14.Қазақстан Республикасының заңнамасында  белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын, Тараз қаласы бойынша: тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол құрылысы  машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өткізгіштігі жоғары арнайы машиналарды жылдық мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу;

3.15.Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін орындалуын қадағалау және жұмысын ұйымдарстыру.

  1. Мемлекеттік техникалық инспекциясы бөлімі басшысының жауаптылығы
  2. 4. Бөлім басшысы жауапты болады:

4.1. Қазақстан Республикасының еңбек, мемлекеттік қызмет және т.б. заңнамаларында, осы қызметтік нұсқаулықта көзделген жағдайларда өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін тиісінше атқармаған немесе атқармағаны үшін.

4.2 Қазақстан Республикасының қолданыстағы әкімшілік, қылмыстық және азаматтық заңдылықтары шегінде өзінің қызметін атқару барысында жасаған құқық бұзушылықтары үшін.

4.4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін.

МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

  1. Жалпы ережелер

1.1. Мемлекеттік техникалық инспекциясы бөлімінің бас маманы (бұдан әрі – бөлім бас маман) мамандар санатына жатады.

1.2. Бас маман Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқарма басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалады және босатылады.

  • 3. Бас маман білуі тиіс:

1.3.1. Қазақстан Республикасының  Конституциясын, Әкімшілік құқық бұзұшылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы», «Жол жүрісі қаупсіздігі туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының  Еңбек  кодексін, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, «Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексi» Жарлығын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, Қазақстанның 2050 жылға дейiнгi Даму стратегиясын және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық актiлерiн  бiлу.

1.3.2. Еңбек заңнамасын.

1.3.3. Құжаттардың орындалуын бақылаудағы түрлерін мен тәсілдерін.

1.3.4. Іс жүргізу негіздерін.

  • Жеке компьютерде Microsoft Office, Lotus Notes бағдарламаларында жұмыс істеу және ақпараттық технологияларды пайдалану мүмкіндігін.
  • Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін.

1.3.7. Қызметтік құжаттарды мемлекеттік және ресми тілде әзірлеуді.

1.4. Бас маман өз қызметінде төмендегіні басшылыққа алады:

1.4.1.  Мемлекеттік техникалық инспекциясы бөлімінің Ережесін;

1.4.2.  Аталған лауазымдық нұсқаулықты;

1.5.      Мемлекеттік техникалық инспекциясы бөлімінің бас маманы бөлім басшысына бағынады.

1.6. Бас маман уақытша болмаған кезде бөлім басшысы алмастырады.

  1. Мемлекеттік техникалық инспекциясы бөлімінің бас  маманың құқықтары

2.1. Машиналарды мемлекеттіктіркеу ережесі мен Машиналарға жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқау жүргізуережесінде белгіленген машиналардың меншік иелері немесе иенешулерінің тіркеу әрекеттерін жүзеге асыру алдында келетін міндеттерін орындау үшін мерзімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;

2.2.Өз құзыретің шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтың есебін жүргізуге олардың пайда болу себептері мен шарттарын талдауға, өз өкілетігінің шегінде сол себептер мен шарттарын жоюға шараларды қабылдауға, әкімшілік құқық бұзушылық саласында заңнаманы қолдану тәжірибесінің қортында жасауға;

2.3. Өз құзыретінің шегінде машиналарға мемлекеттік техникалық байқау жүргізуді жақсарту бойынша ұсыныстар мен шараларды әзірлеуге;

2.4. Нормативтік-техникалық құжаттар тізбесінің талаптарына қауіп төндіретін ақауы бар машиналарды пайдалануға тыйым салуға;

2.5. Осы қызметтік нұсқаулықта қарастырылған міндеттерге байланысты жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстарды еңгізуге құқылы.

2.6.Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген  тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттарды, материалдарды  сұратып алуға.

  1. Мемлекеттік техникалық инспекциясы бөлімің бас маманының негізгі міндеттері

3.1. Қазақстан Республикасының заңнамасында  белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын, Тараз қаласы бойынша: тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол құрылысы  машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өткізгіштігі жоғары арнайы машиналарды тиісті техникалық құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмерін береді.Техниканы басқаруға сенімхаттарды тіркейді.  Жылжымалы мүлік кепілін тіркейді. Жоғарыдағы аталған техникаларға тракторист-машинист куәлігін беру;

3.2.Web портал бағдарламасына техникаларды сапалы енгізу және есептен шығару;

3.3. «Е-лиценциялау» бағдарламасына тракторист-машинист куәлігін алған жеке тұлғалардың және техникалық байқаудан өткен заңды және жеке тұлғалардың тіркелген техника иелерінің деректерін сапалы енгізу;

3.4. Басқарма басшысы бекіткен жұмыс жоспарын орындап, бақылау;

3.5.Қызмет жағдайын орынсыз пайдаланудың алдын алу, сыбайлас жемқорлықты болдырмау;

3.6. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметке байланысты шектеулерді сақтауын қадағалау;

3.7. Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінеай, тоқсан және жыл сайын тапсырылатын есептерін тапсыру;

3.8.Тараз қаласы бойынша   қорғаныс істері жөніндегі басқармаға тоқсандық мәліметтерді тапсыру;

3.9. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау;

3.10. Ай сайын берілетін есептерді аудандардан қабылдап, жинақтау;

3.11. №06-9, №06-11,№06-15 формадағы есептерді аудандардан қабылдап жинақтап, Ауылшаруашылығы министрлігіне тапсыру.

3.12. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау.

3.13. Өз міндетін еңбек демалысында, іссапарға кеткен жағдайда және басқа да жағдайларда  бөлім басшысы алмастырады.

  1. Мемлекеттік техникалық инспекциясы бөлімі бас маманының жауаптылығы
  2. 4. Бас маман жауапты болады:

4.1. Қазақстан Республикасының еңбек, мемлекеттік қызмет және т.б. заңнамаларында, осы қызметтік нұсқаулықта көзделген жағдайларда өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін тиісінше атқармаған немесе атқармағаны үшін.

4.2 Қазақстан Республикасының қолданыстағы әкімшілік, қылмыстық және азаматтық заңдылықтары шегінде өзінің қызметін атқару барысында жасаған құқық бұзушылықтары үшін.

4.3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек және азаматтық заңдылықтары шегінде келтірген материалдық залал үшін.

4.4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін.