Персоналды басқару бөлімі

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ

ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

  1. Жалпы ережелер

1.1. Персоналды басқару бөлімінің басшысы басшылар санатына жатады.

1.2. Персоналды басқару бөлімінің басшысы «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Бұдан ары — Басқарма) басшысының бұйрығымен тағайындалады және жұмыстан босатылады.

1.3.Персоналды басқару бөлімінің басшысы білуі керек:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары және аталған лауазымға сәйкес облыста жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан — 2050 даму Стратегиясын.

1.3.1. Еңбек заңнамасын.

  • Құжаттардың орындалуын бақылаудағы түрлерін мен тәсілдерін.
  • Басқарманың штаты мен құрылымы және құрылымдық бөлімшелерін.
  • Қызметкерлердің жалпы, үзіліссіз және мемлекеттік қызметтегі еңбек стаждарын белгілеу тәртібін.
  • Іс жүргізу негіздерін.
  • Кадрлық қызметте жаңа талапқа сай ақпараттық технологияларды пайдалану мүмкіндігін.
  • Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін.
  • Персоналды басқару бөлімінің басшысы өз қызметінде төмендегіні басшылыққа алады:

1.4.1.  Персоналды басқару бөлімінің Ережесі туралы.

  • Аталған лауазымдық нұсқаулықты.

1.4.3.  Қызметтік құжаттарды мемлекеттік және ресми тілде әзірлеуді білуі тиіс.                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

1.4.4.  Персоналды басқару бөлімінің басшысы Басқарма басшысына тікелей бағынады.

1.5. Бөлім басшысына персоналды басқару бөлімінің  бір бас маманы тікелей бағынады.

1.6. Бөлім басшысы уақытша болмаған кезде, оның лауазымдық міндетін бас маманына тапсырады.

  1. Персоналды басқару бөлімі басшысының құқықтары
  • Персоналды басқару бөлімінің басшысы  құқылы:

2.1.1. Өз қызметі жөніндегі құқықтық актілермен және құжаттармен танысуға;

2.1.2. Өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша қызметті жақсартуға арналған Басқарманың құрылымдық бөлімдерінің жұмысын зерделеу барысында анықталған кемшіліктер жөнінде ұсыныстарын айтуға;

2.1.3. Қызметтік міндетіне байланысты жұмысты атқару барысында өз атынан және басшылықтың тапсырмасы бойынша Басқарманың құрылымдық бөлімдерінен ақпараттар мен құжаттарды сұратуға;

2.1.4.   Қызметтік міндеттерін орындауда басшылықтан өзінің құқықтары мен міндеттерін орындауға ықпал етуді талап етуге.

  1. Персоналды басқару бөлімі басшысының міндеттері

3.1. Персоналды басқару қызметі мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнамасын орындауы жөніндегі қызметін үйлестіреді;

3.2. тәртіптік, аттестаттау, конкурстық және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастырады;

3.3. аттестаттауды және конкурстық іріктеуді жүргізу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бойынша жоғарылату, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік  жауаптылыққа тарту, мемлекеттік қызметшілерді қызметінен босату рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

3.4. кадрларды іріктеуді ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне  байланысты құжаттарды ресімдейді;

3.5. мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді;

3.6. мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамасын, тәлімгерлігін, қызметін бағалауды, оқуын, қайта даярлығын және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу түрлерін және  оларды қолдану тәртібін әзірлейді;

3.7. мемлекеттік қызметшілердің  дербес деректерін, бағалау,  аттестаттау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді есепке алуды жүзеге асырады.

3.8. Мемлекеттік органның кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізеді.

3.9. Персоналды басқару қызметі мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен ұйымдық жағынан дербес болады.

3.10. Басқарманың кадрлармен жұмыс және оны ұйымдастыру, құжаттандыру бағытында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен тығыз байланыста жұмыс істеу;

3.11. Басқарманың  негізігі жұмыстарына, жеке құрамына   байланысты бұйрықтар мен басқа да құжаттар дайындау, кадрларды оқыту, біліктіліктерін көтеруді жоспарлап олардың оқу курстарына қатысуын бақылау;

3.12. Азаматтарды жұмысқа қабылдағанда олардың әскери-тіркеу құжаттарын, ал әскерге шақырылатындардың-шақыру учаскесіне тіркелу жөніндегі куәлігін тексеру.

3.13. Әскери тіркеуде тұрмаған әскери міндеттілер мен әскерге шақырылатындар тек қана тұрғылықты мекен жайлары бойынша тіркеу орындарында әскери есепке  алынғаннан кейін ғана жұмысқа қабылданады.

3.14. Бөлім жұмысын басқару;

3.15.Бөлім жұмысын басқарма бөлімдерімен, үйлестіре жүргізу.

3.16. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау;

3.17. Бөлімге тікелей басшылық жасап, белгілі жағдайда жұмыста жоқ кезде арнайы  белгілеу арқылы бас маманына тапсырады.

3.18. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін орындалуын қадағалау және жұмысын ұйымдарстыруға.

  1. Персоналды басқару бөлімі басшысының жауаптылығы
  2. Персоналды басқару бөлімінің басшысы жауапты: 4.1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген және осы лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген міндеттерін орындамағаны үшін;

4.2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген құқықбұзушылықтар және өз құзіретіне сәйкес қызмет атқару барысында жіберілген құқық бұзушылықтар үшін;

4.3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында белгіленген материалдық залалдарды келтіргені үшін;

4.4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін.