Қаржыландыру және есеп бөлімі

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ

 ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЕСЕП БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

  1. Жалпы ережелер

1.1. Қаржыландыру және есеп бөлімінің басшысы басшылар санатына жатады.

1.2. Бөлім басшысы Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқарма басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалады және босатылады.

1.3. Бөлім басшысы білуі қажет:

1.3.1. Қазақстан-2050″ Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын,  Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Еңбек, Бюджет, Салық және Мемлекеттік қызметшілердің әдеп Кодекстерін, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы»,  «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», Заңдарын  және және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

1.3.2. Еңбек заңнамасын.

1.3.3. Құжаттардың орындалуын бақылаудағы түрлерін мен тәсілдерін.

1.3.4. Іс жүргізу негіздерін.

1.3.5. Жеке компьютерде Microsoft Office, Lotus Notes бағдарламаларында жұмыс істеу және ақпараттық технологияларды пайдалану мүмкіндігін.

1.3.6. Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін.

1.3.7. Қызметтік құжаттарды мемлекеттік және ресми тілде әзірлеуді.

1.4.      Бөлім басшысы өз қызметінде төмендегіні басшылыққа алады:

1.4.1.  Қаржыландыру және есеп бөлімі туралы Ережені;

1.4.2.  Аталған лауазымдық нұсқаулықты;

1.4.3.  Басқарма басшысының тапсырмаларын;                                                            

1.4.4. Қаржыландыру және есеп бөлімінің басшысы Басқарма басшысының орынбасарына бағынады.

1.5. Бөлім басшысына қаржыландыру және есеп бөлімінің үш бас маманы тікелей бағынады.

1.6. Бөлім басшысы уақытша болмаған кезде, оның лауазымдық міндетін бас маманың біріне тапсырады.

  1. Қаржыландыру және есеп бөлімі басшысының құқықтары

2.1.Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады;

2.2. өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға, бөлім қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулығына сәйкес жұмыс жасауын талап етуге;

2.3. белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға;

2.4. жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына;

2.5. тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және бiлiктiлiгiн арттыруға;

2.6. өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге.

  1. Қаржыландыру және есеп бөлімі басшысының міндеттері

3.1.  Басқарма басшысың бұйрықтары мен тапсырмаларын басшылыққа алып орындау және бөлім жұмысына басшылық жасау;

3.2. Басқарма қызметкерлерінің ай сайынғы еңбек ақысын, олардың зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру қорына жарналарын, басқа да тиісті төлемдері уақытылы есептеліп аударылуына басшылық жасау және оның орындалуын қадағалау;

3.3. Басқарманың өнім беру немесе қызмет көрсету үшін жасасқан келісім шарттарға сәйкес ұсынылған счет-фактуралар, төлем тапсырмалар бойынша  жабдықтаушыларға және коммуналдық мекемелерге уақытылы төлем жасалуына басшылық жасау.

3.4. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес мерзімде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының жасалып бекітілуін, қажет болған жағдайларда келіп түскен тапсырыс негізінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізілуін, басқармаға қажетті тауарларды, заттарды, мүліктерді және көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін келісім-шарттардың жасалуын, жасалған келісім – шарттың талаптарының сақталуын және оны электронды жүйе арқылы орындалуын қадағалау;

3.5. Облыстың ауылшаруашылығы тауарларын өндірушулерді қолдауға республикалық және жергілікті бюджет есебінен берілетін субсидиялар бойынша салалық бөлімдерден келіп түскен ведомостарға сәйкес төлем шоттардың толтырылып аударылуына басшылық жасау, жұмысты үйлестіру, ұйымдастыру және оның орындалуын қадағалау;

3.6. Басқарманың бухгалтерлік есебін халықаралық стандартқа сай және бухгалтерлік есептің озық үлгідегі бағдарламалар негізінде жүргізілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бөлім мамандарының электрондық 1С «Бухгалтерия» бағдарламасы бойынша жұмыс істеуін қадағалау

3.7. Басқармадағы негізгі және айналмалы қорлар есебіндегі бағалы заттарды және басқада құндылықтардың тиімді пайдаланылуын және сақталуын бақылау жасау. Қажетті болған жағдайда, кезектен тыс, заттарды түгендеу және басқада тексерістер ұйымдастыруға ұсыныс жасау.

3.8. Басқарманың қаржыландыру жоспарына сәйкес айларға бөлінген қаржылар  бойынша салалық бөлімдермен бірлесіп ай сайын  уақытылы игерілуін қадағалау;

3.6. Қаржылық, салықтық, статистикалық, мемлекеттік сатып алу, субсидия, трансферттер және негізгі құралдар туралы есептердің тиісті мекемелерге уақытылы тапсырылуын қадағалау;

3.7. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау

  1. Қаржыландыру және есеп бөлімі басшысының жауапкершілігі
  2. 4. Бас маман жауапкершілікті болады:

4.1. Қазақстан Республикасының еңбек, мемлекеттік қызмет және т.б. заңнамаларында, осы қызметтік нұсқаулықта көзделген жағдайларда өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін тиісінше атқармаған немесе атқармағаны үшін.

4.2 Қазақстан Республикасының қолданыстағы әкімшілік, қылмыстық және азаматтық заңдылықтары шегінде өзінің қызметін атқару барысында жасаған құқық бұзушылықтары үшін.

4.3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек және азаматтық заңдылықтары шегінде келтірген материалдық залал үшін.  

ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЕСЕП БӨЛІМІ БАС МАМАНЫ

1.Жалпы ережелер

1.1. Қаржыландыру және есеп бөлімінің бас маманы мамандар санатына жатады.

1.2. Бас маман Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқарма басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалады және босатылады.

1.3. Бас маман білуі қажет:

1.3.1. Қазақстан-2050″ Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын,  Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Еңбек, Бюджет, Салық және Мемлекеттік қызметшілердің әдеп Кодекстерін, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы»,  «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», Заңдарын  және және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

1.3.2. Еңбек заңнамасын.

1.3.3. Құжаттардың орындалуын бақылаудағы түрлерін мен тәсілдерін.

1.3.4. Іс жүргізу негіздерін.

  • Жеке компьютерде Microsoft Office, Lotus Notes бағдарламаларында жұмыс істеу және ақпараттық технологияларды пайдалану мүмкіндігін.
  • Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін.
  • Қызметтік құжаттарды мемлекеттік және ресми тілде әзірлеуді.

1.4.      Бас маман өз қызметінде төмендегіні басшылыққа алады:

1.4.1.  Қаржыландыру және есеп бөлімі туралы Ережені;

1.4.2.  Аталған лауазымдық нұсқаулықты;

1.5.  Қаржыландыру және есеп бөлімінің басшысына бағынады.

1.6. Жұмыста жоқ кезде өз міндетін бөлім басшысымен келісе отырып бөлімнің бас мамандарының біріне өткізеді.

  1. Қаржыландыру және есеп бөлімі бас маманының құқықтары
    2.1. Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады;

2.2. Белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға;

жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына;
2.3. Тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және бiлiктiлiгiн арттыруға;

2.4. Өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге.

  1. Қаржыландыру және есеп бөлімі бас маманының міндеттері

3.1. Басқарма және бөлім басшыларының бұйрықтарын, тапсырмаларын басшылыққа алып орындау;

3.2. Басқарма аппаратын ұстауға қажетті болжамды және жоспарлы қаражаттарды есептеп, қажеттілікке қарай қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізуге ұсыныс беру;

3.3. Басқарма қызметкерлерінің ай сайынғы еңбек ақысын, іс-сапар шығындарын, олардың зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру қорларына жарналарын және басқада төлемдерін есептеп уақытылы аударып беру,  есебін 1С «Бухгалтерия» бағдарламасы бойынша жүргізу;

3.4. Басқарманың өнім беру немесе қызмет көрсету үшін жасасқан келісім шарттары бойынша ұсынылған счет-фактуралар, төлем тапсырмалар арқылы жабдықтаушыларға және коммуналдық мекемелерге уақытылы төлем жасау, есебін  1С «Бухгалтерия» бағдарламасы бойынша есебін жүргізу;

3.5. Басқармаға сатып алынған мүліктердің, негізгі құралдардың, тауарлы — материалды құнды заттардың бастапқы құжаттарын қабылдау және олардың толық сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды уақытылы балансқа кіріске алу және ай сайынғы бухгалтерлік есебін 1С «Бухгалтерия» бағдарламасы бойынша  жүргізу;

3.6. Басқарманың байланыс шығындары бойынша есебін жүргізіп, ай сайын жұмсалған шығындардың мақсатты және тиімді жұмсалуын қадағалап, қажет болған жағдайда шығындарды азайту туралы басшылыққа ұсыныстар беру;

3.7. Басқарманың қаржыландыру жоспарына сәйкес айларға бөлінген қаржылар  бойынша тиісті бөлімдердің мамандарымен тығыз байланыс жасап, қаржының ай сайын  уақытылы игерілуін қамтамасыз ету;

3.8. Уқыттың тығыздығына және субсидияның төлем құжаттары көптеп келіп түсуіне байланысты осы құжаттарға сәйкес субсидия алуға үміткер ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге субсидия төлем шоттарын толтырып, төлем жасау;

3.9. Бюджеттік, салықтық және статистикалық есептерді тиісті мекемелерге уақытылы тапсыру;

3.10. Электрондық 1С «Бухгалтерия» бағдарламасы бойынша жұмыс істеуге міндетті;

3.11. Бөлімнің маманы еңбек демалысына шыққан кезеңде және денсаулығына байланысты жұмыста болмаған кезде бөлім басшысының ұсынысы бойынша сол маманның міндетін уақытша атқару;

3.12. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау.

  1. Қаржыландыру және есеп бөлімі бас маманының жауапкершілігі

4.1. Қаржыландыру және есеп бөлімінің бас маманы жауапты:

4.1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген және осы лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген міндеттерін орындамағаны үшін;

4.2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген құқық бұзушылықтар және өз құзіретіне сәйкес қызмет атқару барысында жіберілген құқық бұзушылықтар үшін;

4.3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында белгіленген материалдық залалдарды келтіргені үшін.

ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЕСЕП БӨЛІМІ БАС МАМАНЫ

Жалпы ережелер

1.1. Қаржыландыру және есеп бөлімінің бас маманы мамандар санатына жатады.

1.2. Бас маман Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқарма басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалады және босатылады.

1.3. Бас маман білуі қажет:

1.3.1. Қазақстан-2050″ Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын,  Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Еңбек, Бюджет, Салық және Мемлекеттік қызметшілердің әдеп Кодекстерін, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы»,  «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», Заңдарын  және және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

1.3.2. Еңбек заңнамасын.

1.3.3. Құжаттардың орындалуын бақылаудағы түрлерін мен тәсілдерін.

1.3.4. Іс жүргізу негіздерін.

1.3.5. Жеке компьютерде Microsoft Office, Lotus Notes бағдарламаларында жұмыс істеу және ақпараттық технологияларды пайдалану мүмкіндігін.

1.3.6. Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін.

1.3.7. Қызметтік құжаттарды мемлекеттік және ресми тілде әзірлеуді.

1.4. Бас маман өз қызметінде төмендегіні басшылыққа алады:

1.4.1.  Қаржыландыру және есеп бөлімі туралы Ережені;

1.4.2.  Аталған лауазымдық нұсқаулықты;

1.5 Қаржыландыру және есеп бөлімінің басшысына бағынады.

1.6.  Жұмыста жоқ кезде өз міндетін бөлім басшысымен келісе отырып бөлімнің бас мамандарының біріне өткізеді.

  1. Қаржыландыру және есеп бөлімі бас маманының құқықтары

2.1. Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады;

2.2. белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға;

2.3. жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына;

2.4. тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және бiлiктiлiгiн арттыруға; өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге.

  1. Қаржыландыру және есеп бөлімі бас маманының міндеттері

3.1. Басқарма және бөлім басшыларының бұйрықтарын, тапсырмаларын басшылыққа алып орындау;

3.2. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес мерзімде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын жасайды, бекітуге ұсынады және оны электронды жүйе арқылы орындалуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар 1С «Бухгалтерия» бағдарламасы бойынша есебін жүргізеді;

3.3. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес қажет болған жағдайларда келіп түскен тапсырыс негізінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізуді ұсынады және оны электронды жүйе арқылы орындалуын қамтамасыз етеді;

3.4. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес басқармаға қажетті тауарларды, заттарды, мүліктерді және көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін келісім-шарттарды жасайды, жасалған келісім – шарттың талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

3.5. Басқарма қызметкерлерінің қажетті кеңсе тауарларымен, қағаздармен және оргтехникалардың үздіксіз жұмыс істеп тұруларын қамтамасыз ету және олардың тиімді пайдалануын бақылау;

3.6. Басқарманың есебіндегі негізгі құралдар туралы ақпараттарды жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 20-ақпанына дейін  «ЕТБЖ» бағдарламаға енгізуді қамтамасыз ету;

3.7. Басқармада тез тозатын тауарлы — материалды құндылықтарға, негізгі құралдарға, тауарлы — материалды құнды заттарға есептен шығару актісін жасап уақытылы баланстан шығару, олардың есебін 1С «Бухгалтерия» бағдарламасы бойынша  жүргізу;

3.8. Автокөлік жүргізушілердің жол жүру қағаздарын дұрыс толтыруын, шығын болған жанар-жағар майлардың, қосалқы бөлшектердің және жөндеуге кеткен шығындардың есебін жүргізу, осы шығындардың тиімді жұмсалуын үнемі тексеріп отыру;

3.9. Басқарманың қаржыландыру жоспарына сәйкес айларға бөлінген қаржылар  бойынша тиісті бөлімдердің мамандарымен тығыз байланыс жасап, қаржының ай сайын  уақытылы игерілуін қамтамасыз ету;

3.10. Уқыттың тығыздығына және субсидияның төлем құжаттары көптеп келіп түсуіне байланысты осы құжаттарға сәйкес субсидия алуға үміткер ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге субсидия төлем шоттарын толтырып, төлем жасау;

3.11. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Занға сәйкес сатып алынған негізгі құралдар, материалдық құндылықтар және қызметтер бойынша айлық, тоқсандық, және жылдық есептерді тиісті мекемелерге уақытылы тапсыру;

3.12. Электрондық 1С «Бухгалтерия» бағдарламасы бойынша жұмыс істеуге міндетті.

3.13. Бөлімнің маманы еңбек демалысына шыққан кезеңде және денсаулығына байланысты жұмыста болмаған кезде бөлім басшысының ұсынысы бойынша сол маманның міндетін уақытша атқару;

3.14. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау.

3.2. Басқарманың қаржыландыру жоспарына сәйкес аудандарға бөлінген трансферттердің уақытылы төлем шоттарын толтырып, төлем жасау;

3.3. Басқарманың салалық бөлімдері ұсынған ведомостарды және  ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің есеп шоттарын куәландыратын құжаттарды қабылдап, осы құжаттарға сәйкес субсидия алуға үміткер ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге субсидия төлем шоттарын толтырып, төлем жасау;

3.4. Трансферттер бойынша республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген бағдарламалар бойынша қаржы қозғалысын және олардың игерілуі жайлы мәліметтерді дайындап ай сайын есепті айдан кейінгі келесі айдың 5-дейін,  тиісті мекемелерге уақытылы ұсыну;

3.5. Басқарманың қаржыландыру жоспарына сәйкес айларға бөлінген қаржылар  бойынша тиісті бөлімдердің мамандарымен тығыз байланыс жасап, қаржының ай сайын  уақытылы игерілуін қамтамасыз ету;

3.6. Қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу туралы басқарманың салалық бөлімдерінен келіп түскен қызметтік хаттарға сәйкес қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу туралы өтінім дайындап, басшыларға ұсыну;

3.7. Республикалық және облыстық бюджеттік бағдарламалар бойынша субсидия алған шаруашылықтардың есебін «Ехсеl» және  1С «Бухгалтерия» бағдарламаларында уақытылы жүргізу;

3.8. Электрондық 1С «Бухгалтерия» бағдарламасы бойынша жұмыс істеуге міндетті.

3.9. Бөлімнің маманы еңбек демалысына шыққан кезеңде және денсаулығына байланысты жұмыста болмаған кезде бөлім басшысының ұсынысы бойынша сол маманның міндетін уақытша атқару;

3.10. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау.