Ұйымдастыру, құжаттама және бақылау бөлімі

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ

ҰЙЫМДАСТЫРУ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

  1. Жалпы ережелер
    • 1. Ұйымдастыру, құжаттама және бақылау бөлімінің басшысы ( бұдан әрі – бөлім басшысы) басшылар санатына жатады.

1.2. Бөлім басшысы Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқарма басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалады және босатылады.

  • 3. Бөлім басшысыбілуі тиіс:

1.3.1.Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының  Еңбек  кодексін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, «Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексi» Жарлығын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, Қазақстанның 2050 жылға дейiнгi Даму стратегиясын және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық актiлерiн  бiлу.

1.3.2. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқада міндетті білімдер.

1.3.3 Құжаттардың орындалуын бақылау түрлері мен әдістерін.

1.3.4. Дербес компьютерде MS Word, MS Excel, Internet, электронды почта бағдарламаларымен жұмыс істеу іскерлігі.

1.3.5. Ішкі еңбек тәртібінің ережесін.

1.3.6. Қызметкерді бағалау жүйесін және әдістерін.

1.3.7. Бөлімнің жеке іс- қағаздарың номенклатураға сәйкес дайындау және жүргізу тәртібін.

1.3.8. Бөлім басшысы Жамбыл облысы әкімдігінің ауылшаруашылығы басқармасының басшысына және оның орынбасарына есеп беруді.

1.3.9. Еңбектің психологиялық негіздерін.

1.4. Бөлім басшысы жұмыс барысында басшылыққа алады:

1.4.1. Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының Ережесін.

1.4.2. Мемлекеттік әкімшілік кызметшілердің біліктілік талаптарын.

1.4.3. Осы қызметтік нұсқаулықты.

1.5. Бөлім басшысы тікелей басқарма басшысының орынбасарына бағынады.

1.6. Бөлім басшысынаұйымдастыру, құжаттама және бақылау  бөлімінің бас маманы тікелей бағынады;

1.7.Бөлім басшысыжұмыста болмаған жағдайда (еңбек демалысы, сырқаттану, т.б. себепті жағдайларда), осы міндеттерді уақытша атқару жауапкершілігі бөлімнің бас маманына жүктеледі.

  1. Ұйымдастыру, құжаттама және бақылау бөлімі басшысының құқықтары
  2.    Бөлім басшысы құқылы:

2.1. Өзінің қызметіне қатысты бұйрық жобаларымен танысуға.

2.2. Басқарма басшысына бөлімнің жұмысын жетілдіру және жұмысындағы кемшіліктерді жою жөнінде  ұсыныстар енгізуге.

2.3. Өзі немесе басшылықтың тапсыруы бойынша, қызметтік міндеттерін орындауға байланысты басқарама бөлімдерінен, сыртқы мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарынан қажетті ақпараттарды сұратуға.

2.4. Құжаттарға өз құқығы шеңберінде қол қоюға.

2.5. Басқарма басшысынан өзінің қызметтік міндеттері мен құқықтарын орындауға көмектесуін талап етуге.

  1. Ұйымдастыру, құжаттама және бақылау бөлімі басшысының міндеттері
  2. Бөлім басшысы міндетті:

3.1.Бөлім жұмысына жалпы басшылық жасау;

3.2.Басқарманың мәжілісіне, басқа іс-шараларға  материалдардың сапалы және уақтылы дайындалуына бақылау жасау, әкімдік қаулыларының, облыс әкімі шешімдерінің, өкімдерінің және тапсырмаларының, облыс әкімінде өткен кеңестер хаттамаларының сапалы және уақтылы орындалуын  ұйымдастыру, басқарманың іс-шараларын әзірлеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;

3.3. Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс әкімдігі қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындау жөніндегі аппараттың жұмысын ұйымдастыру, олардың орындалуына бақылау жасау;

3.4. Құжаттау және құжаттамаларын басқару үдістерін жүргізу;

3.5. Басқарма іс- қағаздарының жүргізілуін қамтамасыз ету

3.6. «Лотус», «Электронды Үкімет», «АИС ЕУОЛ» және ИПГО ақпараттық жүйелерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

3.7. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау;

3.8. Бөлімге тікелей басшылық жасап, белгілі жағдайда жұмыста жоқ кезде арнайы  белгілеу арқылы бөлім маманына тапсыруды.                                                            3.9.Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін орындалуын қадағалау және жұмысын ұйымдарстыруға.

  1. Ұйымдастыру, құжаттама және бақылау бөлімі басшысының жауаптылығы
  2. Бөлім басшысы жауапты  болады:

4.1. Қазақстан Республикасының еңбек, мемлекеттік қызмет және т.б. заңнамаларында, осы қызметтік нұсқаулықта көзделген жағдайларда өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін тиісінше атқармағаны немесе атқармағаны үшін.

4.2 Қазақстан Республикасының қолданыстағы әкімшілік, қылмыстық және азаматтық заңдылықтары шегінде өзінің қызметін атқару барысында жасаған құқық бұзушылықтары үшін.

4.3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек және азаматтық заңдылықтары шегінде келтірген материалдық залал үшін.

4.4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін.

ҰЙЫМДАСТЫРУ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

  1. Жалпы ережелер

1.1. Ұйымдастыру, құжаттама және бақылау бөлімінің бас маманы ( бұдан әрі – бөлім бас маман) мамандар санатына жатады.

1.2. Бас маман Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқарма басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалады және босатылады.

1.3. Бас маман білуі тиіс:

1.3.1. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының  Еңбек  кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, «Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексi» Жарлығын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, Қазақстанның 2050 жылға дейiнгi Даму стратегиясын және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық актiлерiн  бiлу.

1.3.2. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқада міндетті білімдер.

1.3.3. Дербес компьютерде MS Word, MS Excel, Internet, электронды почта бағдарламаларымен жұмыс істеу іскерлігі.

1.3.4. Ішкі еңбек тәртібінің ережесін.

1.4. Бас маман жұмыс барысында басшылыққа алады:

1.4.1. Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының Ережесін.

1.4.2. Мемлекеттік әкімшілік кызметшілердің біліктілік талаптарын.

1.4.3. Осы қызметтік нұсқаулықты.

1.5. Бас маман тікелей бөлім басшысына бағынады.

1.6. Бас маман жұмыста болмаған жағдайда (еңбек демалысы, сырқаттану, т.б. себепті жағдайларда), осы міндеттерді уақытша атқару жауапкершілігі бөлімнің басшысына жүктеледі.

  1. Ұйымдастыру, құжаттама және бақылау бөлімі бас маманының құқықтары
  2. Бас маман құқылы:

2.1. Өзінің қызметіне қатысты бұйрық жобаларымен танысуға.

2.2. Бөлім басшысына бөлімнің жұмысын жетілдіру және жұмысындағы кемшіліктерді жою жөнінде  ұсыныстар енгізуге.

2.3. Өзі немесе басшылықтың тапсыруы бойынша, қызметтік міндеттерін орындауға байланысты Тараз қаласы және аудан әкімдіктерінің бөлімдерінен, сыртқы мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарынан қажетті ақпараттарды сұратуға.

2.4. Құжаттарға өз құқығы шеңберінде қол қоюға.

2.5. Басқарма басшысынан өзінің қызметтік міндеттері мен құқықтарын орындауға көмектесуін талап етуге.

  1. Ұйымдастыру, құжаттама және бақылау бөлімінің бас маманының міндеттері
  2.   Бас маман міндетті:

3.1. Құжаттау және құжаттамалық басқару үрдістерін жүргізу және бақылау, оны одан ары жетілдіру;

3.2. Іс-қағаздарын   жүргізудегі   жауапкершілік:   келген,   шыққан   іс-қағаздары, құжаттарды тіркеу, есепке алу, құжаттардың атқарылуын бақылау;

3.3. «Лотус» жобасымен келген құжаттарды тіркеу, деректерді   жинау,   өңдеу және үнемі бақылауда ұстау;

3.4. «Электронды  үкімет» бағдарламасы бойынша «е-акимат» жүйесін басқармада жүргізу.

3.5. «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттар мен басылымдарды қабылдауды және есепке алуды (тіркеуді) бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3.6. «Жеке және заңды тұлғалардың» өтініштерін тіркеп олардың орындалуын бақылау;

3.7. Басқарма басшысының және оның орынбасарларының азаматтарды қабылдау кестесін әзірлеу мен оларды тіркеуге алуды жүргізу;

3.8. Жеке және заңды тұлғалардың тіркеудің есебін,  1-Ол нысанды статистикалық  есепті «АИС ЕУОЛ» жобасымен жұмыс атқару;

3.9. Еңбек демалысына кеткенде және денсаулығына байланысты жұмыста жоқ болған кезде уақытша міндетін бөлім басшысы атқарады;

3.10. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау;

3.11. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау.

  1. Ұйымдастыру, құжаттама және бақылау бөлімінің бас маманының жауаптылығы
  2. Бас маман жауапты болады:

4.1. Қазақстан Республикасының еңбек, мемлекеттік қызмет және т.б. заңнамаларында, осы қызметтік нұсқаулықта көзделген жағдайларда өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін тиісінше атқармағаны немесе атқармағаны үшін.

4.2 Қазақстан Республикасының қолданыстағы әкімшілік, қылмыстық және азаматтық заңдылықтары шегінде өзінің қызметін атқару барысында жасаған құқық бұзушылықтары үшін.

4.3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек және азаматтық заңдылықтары шегінде келтірген материалдық залал үшін.

4.4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін.