Басқарма ережесі

«Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы №67 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

«Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің
2016 жылғы 08 тамыздағы
№244 қаулысымен бекітілген

«Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

1 . Жалпы ережелер

  1. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі — Басқарма) ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
  3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Басқарма ұжымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. Басқарма құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы Абай көшесі № 119 үй, пошта индексі 080008.
  10. Мемлекеттік органның толық атауы «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
  12. Басқарма қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
  13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарма функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

  1. Басқарманың миссиясы:

бірыңғай аграрлық саясатты жүргізуді, экономикалық реформаларды тереңдету, аграрлық сектордағы барлық меншік түрлері мен шаруашылық жүргізу әдістерін дамытуға ықпал ету, егін шаруашылығы, астық нарығы және мал шаруашылығы дамуын болжамдау.

  1. Міндеттері:

1) ауыл шаруашылығын дамыту бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру;

2) Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, аймақты дамыту бағдарламасы бөлімдерінің негізінде Жамбыл облысында ауыл шаруашылығын дамыту бойынша стратегиялық құжаттарды әзірлеу, сондай-ақ олардың мониторингін қамтамасыз ету;

3) Басқарманың құзырына енетін мәселелер бойынша облыс әкімінің, әкімдіктің және жетекшілік жасайтын лауазымды тұлғаның тапсырмаларын іске асыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;

4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауыл шаруашылығы саласында халықаралық, аймақаралық байланыстарды жүзеге асыру;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

  1. Функциялары:
  • агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
  • агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына және осы саладағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қолдау жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
  • агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
  • агроөнеркәсіптік кешен салаларын мамандармен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру, агроөнеркәсіптік кешен кадрларын даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
  • шығарылатын өнім түрлері бойынша өңірлік көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру;
  • агроөнеркәсіптік кешен өнімінің саудасы бойынша көтерме базарлар ұйымдастыру;
  • азық-түлiк қауiпсiздiгi жай-күйiнiң, бағалардың және агроөнеркәсiптiк кешен өнiмдерi нарықтарының мониторингiн жүргізу;
  • өңірдің агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
  • өңірдің агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту;
  • отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге өткізілген бірінші, екінші және үшінші репродукциялары тұқымдардың құнын арзандатуды қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тізбе мен тәртіпке сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз ету;
  • тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға есептілік ұсыну;
  • агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру кезіндегі комиссияның бір бөлігінің және қарыздарын сақтандыру кезіндегі сақтандыру сыйақыларының бір бөлігінің орнын толтыру;
  • агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру;
  • кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативін бекіту;
  • қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығару үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау;
  • агроөнерсәсіптік кешен салаларына инвестициялар мен екінші деңгейдегі банктердің кредиттерін тарту;
  • бәсекеге қабілетті өндірістерді қалыптастыру және дамыту, оларды жаңғырту және сапа менеджментінің халықаралық жүйесіне көшіру үшін жағдай жасау;
  • бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытудың ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісілген жергілікті бюджеттік басым инвестициялық жобаларының және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі жобалардың тізбесін жасау;
  • агроөнеркәсіптік кешеннің ақпараттық-маркетингтік жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуы үшін жағдай жасау;
  • ішкі және сыртқы азық-түлік нарықтарындағы ахуалды зерделеу және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің тиісті ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;
  • агроөнеркәсіптік кешеннің және ауылдық аумақтардың жай-күйі мен дамуы туралы ақпаратты агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдарға беру;
  • әкімшілік-аумақтың бірліктің азық-түлікпен қамтамасыз етілу теңгерімін жасау;
  • азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияның ұсынымы негізінде сатып алу және тауар интервенцияларын, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорының жаңартылуын жүргізу туралы шешім қабылдау;
  • азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану үшін мамандандырылған ұйымдардан қызметтер сатып-алуды жүзеге асыру;
  • азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияны құру;
  • агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар қызметінің мониторингін жүзеге асыру;
  • агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға аккредиттеу жүргізу;
  • агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау;
  • агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде өзінің интернет-ресурсына агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін орналастыру;
  • тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
  • тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
  • уәкілетті органның қарауына элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының элиталық тұқымдарды өндіру және өткізу көлемі жөнінде ұсыныстарды енгізу;
  • тұқым шаруашылығы субъектілеріне және тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі зертханаларға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті куәлік бере отырып, оларды аттестаттауды жүргізу;
  • рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
  • облыс бойынша тұқымдар баланстарын жасау;
  • ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпарат беруді қамтамасыз ету;
  • құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің сақтық және ауыспалы тұқым қорларын қалыптастыруына жәрдемдесу;
  • бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргізу және ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын жаппай көбейту схемалары мен әдістері бойынша ұсыныстар енгізу;
  • сұрыптық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сұрыптық егістіктерді байқаудан өткізуді, жерге егіп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтарды, тұқым сапасына сараптама жүргізу тәртібінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
  • тұқымдардың мемлекеттік ресурстарының саны-сапасы жағынан жай-күйін бақылауды жүзеге асыру;
  • субсидияланған бірегей және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылау;
  • байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
  • ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргізу жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
  • тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектордың ұсынысы негізінде субъектінің тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлігінің қолданысын және тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларына сараптама жүргізу жөніндегі қызметті тоқтата тұру;
  • астық нарығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
  • астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау;
  • табиғи-климаттық жағдайларды және нарық конъюнктурасын ескере отырып, астық өндірісі құрылымын оңтайландыру, астық өндірудің, сақтаудың және өткізудің жаңа озық технологияларын жетілдіру және енгізу;
  • бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге минералдық тыңайтқыштардың, тұқым улағыштар мен гербицидтердің құнын арзандатуды жүзеге асыру;
  • өңірлерде техникалық реттеу саласында сәйкестікті растау бойынша қызметтер көрсету жөнінде бәсекелестік ортаны құру бойынша шаралар қабылдау;
  • астық қабылдау кәсіпорындарын:

бекітілген графиктерге сәйкес жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарын жыл сайынғы тексеру;

астық қабылдау кәсіпорындарын зерттеп тексеру актілерін рәсімдеуді қамтуын бақылау;

  • Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру;
  • астық қабылдау кәсіпорындарының: Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу; астық сақтау; астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және олардың өтеу қағидаларын сақтауын бақылау;
  • Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар беру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
  • әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде астық нарығының мониторингін жүзеге асыру;
  • астық қауіпсіздігі мен сапасын мемлекеттік бақылау;
  • «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 28-бабының 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде астық қабылдау кәсіпорыннан астықты көліктің кез келген түрімен тиеп жөнелтуге тыйым салу;
  • астық қолхаттары тізілімінң деректеріне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялау (тексеру);
  • астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу және мерзімінен бұрын аяқтау туралы сотқа арыз беру;
  • астық нарығына қатысушылардың астығының нақты бар-жоғы мен сапасын және оның есепті деректерге сәйкестігін тексеру;
  • астықтың сандық-сапалық жай-күйін бақылау;
  • астық қолхаттарын ұстаушыларға астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатуралар ұсыну туралы хабарлама жіберу;
  • астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру және (немесе) одан айыру туралы ұсыныстарды облыстың жергілікті атқарушы органына енгізу;
  • астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу жөніндегі ұсыныстар енгізу;
  • астық қабылдау кәсіпорындарына қабылдау және тиеп жіберу кезінде астық сапасының көрсеткіштерін айқындауды бақылау;
  • қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
  • өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
  • мыналар:

пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау);

пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу;

пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау;

  • карантинді объектілердің таралуының есебін жүргізеді және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат беру;
  • өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
  • мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалу объектілерінде осы объектілердің иелері – жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуін ұйымдастыру;
  • уәкілетті органның ұсынуы бойынша тиісті аумақтарда карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу немесе оның күшін жою туралы шешім қабылдау;
  • Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығы саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
  • агенттің, қоғамның қызметін, олардың Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
  • сақтанушылардың міндетті сақтандыру шарттарын жасасудан жалтаруы туралы және қоғамның Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасының және Қазақстан Республикасының «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңының талаптарын сақтамауы туралы істерді қарау;
  • өзінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушыдан, сақтандырушыдан, агенттен және қоғамнан сұрату және алу;
  • өзінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және қоғамның ұсыну нысаны мен мерзімдерін белгілеу;
  • агенттен өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтанушылардың тиісті аумақтағы сақтандырылған өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері көрсетілген тізбесін сұрату;
  • әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жазалар қолдану;
  • асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
  • асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу және басып шығару;
  • ірі қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палаталардың және мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын ескере отырып, көрсетілген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегінде асыл тұқымдық өнімге (материалға) арналған субсидияларды бөлу;
  • бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердің есебін жүргізу;
  • асыл тұқымды малдың, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асыру;
  • тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу;
  • тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу;
  • тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына емтихандар  қабылдау және куәліктер беру;
  • тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу;
  • тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша басқаратын адамдарды тiркеу;
  • тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерге, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат ұсыну;
  • өз құзыреті шегінде құқық бұзушылық жасауға итермелейтiн себептер мен жағдайларды жою жөнiнде шаралар қолдану;
  • жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
  1.    Құқықтары мен міндеттері:

құқықтары:

1) өзінің функцияларын орындау үшін мемлекеттік органдардан, басқа ұйымдардан қажетті ақпараттар алу және сұрауға;

2) Жамбыл облысы әкімдігіне (әкіміне) Жамбыл облысындағы ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі бағыттары жөнінде және оны жетілдіру туралы ұсыныстар енгізуге;

3) өз құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша Республиканың заңдарын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды дайындауға қатысуға;

4) өз құзыреті шегінде конкурстар өткізудің бірегей ұйымдастырушысы анықталған жағдайда жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мекемелерден ашық конкурстарды өткізу үшін ақпараттар мен құжаттарға тапсырысқа, сатып алу жоспарына және т.б. ресми сұрау салуға.

міндеттері:

1) ауыл шаруашылығын дамыту саласында мемлекеттік саясатты жүргізуге, сондай-ақ жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың тапсырмаларын орындауға;

2) ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, кәсіпорындармен, ұйымдармен өзара іс-қимылдар жасауға;

3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де міндеттер жүктелу мүмкін.

1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

  1. Басқармаға мемлекеттік басшылықты Басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. Басқарманың бірінші басшысын Жамбыл облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. Басқарма бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
  4. Басқарма бірінші басшысының өкілеттігі:
  • мекеме басшысы дара басшылық принципімен әрекет етеді және мекеме қызметіне байланысты барлық мәселені уәкілетті орган берген құзіретінің шегінде және осы Ережеге сәйкес дербес түрде шешеді;
  • Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
  • барлық органдарда Басқарма мүддесін қорғайды;
  • Басқарма мүлкіне қожалық етеді, келісім жасайды, сенімхаттар береді;
  • банкіде есеп шоттар ашады, іс бойынша келісім жасайды;
  • барлық қызметкерлерге міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;
  • Басқарма қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;
  • қызметкерлерді марапаттау және оларға шара қолдануды анықтайды;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдайды және жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға дербес жауапкешілік көтереді.

Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

2. Мемлекеттік органның мүлкi

  1. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.

Басқарма мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Басқармаға бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

3. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

  1. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.