Басқарма тарихы

Облыстың ауыл шаруашылығы саласының басқарымдық құрылымының тарихи кезеңдері

1939 жылы 13 қазанда Жамбыл облысының құрылуымен бірге, облыста ауыл шаруашылығымен айналысатын облыстық жер бөлімі құрылып, ол облыстық халық депутаттары Кеңесіне,  халық депутаттары Кеңесінің атқару комитетіне және Қазақ ССР-інің жер жөніндегі халық комиссариатына бағынысты болды.

1940 жылы ақпан айында облыстық жер бөлімі өндірістік-аумақтық ауыл шаруашылығы басқармасы болып қайта құрылып, оның құрамында: мал шаруашылығы басқармасы; жылқы шаруашылығы басқармасы; жерге орналастыру басқармасы; мал дәрігерлік басқарма; тұқыммен және дақыл сорттарымен жұмыс бөлімі қызмет атқарды.

1947 жылы ақпан айында Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен бұл құрылым облыстық Халық депутаттары Кеңесінің атқару комитетінің ауыл шаруашылығы басқармасы болып қайта құрылды. Тиісінше, аудандық атқару комитеттер жанында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлімдері жұмыс істеді.

1949 жылы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының атауы – облыстық ауыл шаруашылығы және колхоз құрылысы басқармасы болып өзгертілді.

1950 жылы маусым айында облыстық ауыл шаруашылығы және колхоз басқармасымен қатар, облыстық мақта шаруашылығы басқармасы да құрылып, өз бетінше жұмыс істеді. Облыстың Свердлов (Байзақ), Талас, Сарысу аудандарында мақта шаруашылығы бөлімдері ашылды.

1953 жылы мамыр айында облыстық ауыл шаруашылығы және колхоз басқармасы, мақта шаруашылығы басқармасы, совхоз трестері, Қазақ ССР Су шаруашылығы министрлігінің облыстағы  су шаруашылығы бөлімі, СССР Дайындау министрлігінің Жамбыл облысы бойынша өкілдігі мен «Казсельхозснаб» бөлімшелері, асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі облыстық инспекция, облыстық тұқым-бақылау зертханасы, облыстық жібек өндіру конторы – барлығы біріктіріліп, облыстық ауыл шаруашылығы және дайындау басқармасы болып қайта құрылды.

1953 жылы желтоқсан айында жұмыс ауқымының тым көбейіп кетуіне байланысты, облыстық ауыл шаруашылығы және дайындау басқармасы қайтадан облыстық ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау және совхоздарды басқару басқармасы болып аталып, мұнымен бірге,  колхоздардағы агрономиялық, зоотехниялық және мал дәрігерлік қызметтерді атқару үшін Машина-трактор және Машина-мал шаруашылығы стансалары құрылды.

1958 жылы МТС-тер таратылып, колхоздарға басшылық жасау облыстық ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау және совхоздарды басқару басқармасы мен аудандық атқару комитеттері жанындағы ауыл шаруашылығы бөлімдеріне жүктелді.

1961 жылы «Казсельхозтехника» бірлестігі құрылып, оған ауыл шаруашылығы техникалары мен қосалқы бөлшектерді, минералдық тыңайтқыштарды және басқа да материалдық-техникалық жабдықтарды сату, колхоз-совхоздарда ауыл шаруашылы техникаларының шеберханаларын ұйымдастыру, техникаларды пайдалану қызметтері жүктелді.

1962 жылы наурыз айында облыстық ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау және совхоздарды басқару басқармасы облыстық Халық депутаттары Кеңесі атқару комитетінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және дайындау басқармасы болып қайта құрылды.

1965 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және дайындау басқармасы Жамбыл облыстық халық депутаттары Кеңесі атқару комитетінің ауыл шаруашылығы басқармасы, одан кейін Қазақ ССР Ауыл шаруашылығы министрлігінің  ауыл шаруашылығы басқармасы болып аталды.

1977-1985 жылдары бұл құрылым Жамбыл облыстық халық депутаттары Кеңесі атқару комитетінің ауыл шаруашылығы басқармасы деген атаумен жұмыс істеді.

1985-1994 жылдары облыстың ауыл шаруашылығы басшылығы аппараты Жамбыл облыстық агроөнеркәсіп комитеті (облагропром) деген атаумен қызмет атқарды.

1994-1995 жылдары – Жамбыл облыстық әкімшілігінің ауыл шаруашылығы басқармасы аталды.

1995-1999 жылдары – Жамбыл облысы Әкімінің ауыл шаруашылығы департаменті.

1999-2005 жылдары – Жамбыл облысы Әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасы.

2005-2009 жылдары – облыс әкімиятының ауыл шаруашылығы департаменті.

2009 жылдан бері – облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы.

Облыстың ауыл шаруашылығы саласын әр жылдары басқарған басшылар:

  1. Голоднов Борис Викторович — 1939-1941 ж.ж.
  2. Додонов Николай Петрович — 1941-1942 ж.ж.
  3. Румянцев — 1942-1945 ж.ж.
  4. Каюмжий Андрей Григорьевич — 1945-1950 ж.ж.
  5. Красавин Георгий Андреевич — 1950-1953 ж.ж.
  6. Пошанов Мырзахан — 1953-1958 ж.ж.
  7. Алпысбаев Аман Алпысбайұлы — 1958-1962 ж.ж.
  8. Черновол Анатолий Филлипович — 1962-1964 ж.ж.
  9. Ақбозов Төребай — 1964-1970 ж.ж.
  10. Аққозиев Сейілхан — 1970-1971 ж.ж.
  11. Нахманович Александр Львович  — 1971-1973 ж.ж.
  12. Әспетов Ахметбек — 1973-1974 ж.ж.
  13. Капырин Леонид Павлович — 1974-1976 ж.ж.
  14. Алпысбаев Аман Алпысбайұлы — 1976-1978 ж.ж.
  15. Кемелбеков Нәмелбек — 1978-1984 ж.ж.
  16. Ремез Леонид Дмитриевич — 1984-1988 ж.ж.
  17. Аубакиров Кеңес Аманұлы — 1988-1991 ж.ж.
  18. Мүсірәлиев Тұрсынхан Бейсебайұлы — 1991-1994 ж.ж.
  19. Бейсеев Халел — 1994-1995 ж.ж.
  20. Тоқтағұлов Құрманқұл Жайлауұлы — 1995-1998 ж.ж.
  21. Кәрентаев Аманкелді — 1998-2008 ж.ж.
  22. Әсілбеков Мұрат Әбілдаұлы — 2008-2012 ж.ж.
  23. Нұралиев Абдалы Тоқбергенұлы — 2012-2015 ж.ж.
  24. Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы — 2015 жылдан бері