Жиі қойылатын сұрақтар

Жем-шөпті әзірлеуге және сатуға мамандандырылған шаруашылықтар үшін жем-шөп дайындау техникасын сатып алуға кеткен инвестициялық салынымдары субсидияландыруға қатысты

Қазіргі уақытта агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша бекітілген субсидиялау қағидаларының аясында ауыл шаруашылығы малдарын өсірумен айналысатын шаруашылық субъектілердің жем-шөп дайындау техникасын сатып алуға кеткен инвестициялық салынымдарының бір бөлігін өтеу қарастырылған.
Сонымен қатар, Министрлікпен қазіргі уақытта аталған қағидалардың жаңа жобасы әзірленуде, осы жобаның аясында тек қана жем-шөпті әзірлеуге және сатуға мамандандырылған шаруашылықтар үшін жем-шөп дайындау техникасын сатып алуға кеткен инвестициялық салынымдары субсидияландыру қарастырылған.
Осылайша, шаруашылықтардың жем-шөп дайындауға кеткен инвестициялық салынымдарды субсидияландыру қағидаларына қосу туралы ұсыныс әзірленіп жатқан қағидаларда есеспке алынатын болады.

Бірінші деңгейлі өндірістегі бордақылау алаңдарына бұқашықтарды өткізу бойынша дайындау ұйымдарды субсидиялау

2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 Қазақстан республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өніміділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары шеңберінде бірінші деңгейлі өндірістегі бордақылау алаңдарына бұқашықтарды өткізу бойынша субсидия бағыты қарастырыған. Бір өткізілген бұқашыққа 24 мың теңге субсидия нормативі қойылған.
Тауарын өндiрушiлерге қойылатын өлшемдер мен талаптарға сәйкес (1 қосымшаның 1 тармағы), субсидиялар бірінші деңгейлі өндірістегі бордақылау алаңдарына бұқашықтарды өткізген кезде фермерлік шаруашылықтармен және дайындау ұйымдарына төленеді.
Негізгі талаптар:
1) Бұқашықтардың бірдейлендіру нөмірлерінің болуы және олардың АТЖ-да және АЖС-да тіркелуінің болуы;
2) Бұқашықтар тұқымдық түрлендіруге қатысатын және ет өнімділігі бағытындағы бекітілген асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды қолданатын аналық мал басынан алынған;
3) Өткізілген бұқашықтардың тірідей салмағы 160-тан 300 кг дейін;
4) Өткізілген бұқашықтардың жасы 6-дан 12 айға дейін;
5) зоо-ветеринарлық шаралардың ұйымдастыруы.
Субсидия алу үшін фермерлік шаруашылықтар ауыл шаруашылығы бөліміне келесі құжаттарды ұсынады:
1) бұқашықтарды бордақылау алаңдарына сатып алу-сату шарты;
2) бұқашықтарды бордақылау алаңдарына қабылдап алу-беру актісі.
Қағидалардың 23 тармағына сәйкес бұқашықтарды тұқымдық түрлендірумен қамтылған аналық мал басынан шығу бөлігіндегі талаптарға сәйкестігін растау үшін, ауданның ауылшаруашылығы бөлімі фермерлік шаруашылықтың өтінімін АСЖ арқылы алынған бұқашықтарды бордақылау алаңдарына өткізгені туралы үзіндімен толықтырады.
Бұқашықтардың бірдейлендіру нөмірлерінің болуы және олардың АТЖ-да және АЖС-да тіркелуі ауыл шаруашылығы бөлімімен жеке салыстырылады.
Бұқашықтарды өткізген кезде тірі салмағы мен жасы бөліммен АТЖ және АЖС жүйелері және алу-беру актісі бойынша тексеріледі.
Шаруашылықтың ветеринариялық қауіпсіздігі аудан бойынша ветеринария бөліммен ұсынған ақпаратқа сәйкес қарастырылады.
Осыған орай, субсидия алу үшін фермерлік шаруашылыққа жоғарыда көрсетілген 2 құжат ғана ұсыну керек.
Дайындау ұйымдар арқылы бұқашықтарды өткізген кезде, субсидия алушы фермерлік шаруашылық болатын болады. Бұл ретте, фермерлік шаруашылық – дайындау ұйымы – бірінші деңгейлі өңдірістегі бордақылау алаңдары арасында үш- жақты бұқашықтарды сатып алу-сату шартына қол қойылған кезде субсидиялау жүзеге асырылатын болады.

Тракторист-машинист куәлігін алуға қандай құжаттар керек?

Медициналық анықтама- 086у форма, психиатр, наркодиспансер; 3х4 сурет; Мемлекеттік баж төленгені туралы құжат; Оқу орнын бітірген (тракторист-машинист) куәлік, білім беру ұйымының емтихан комиссиясы хаттамасының көшірмесі; Нысан бойынша өтініш.

Техникалық байқаудан өту үшін қандай құжаттар керек?

Техниканың төлқұжаты (түпнұсқасы); Жыл сайынғы техникалық байқаудан өтуге өтініш.

Техникалық байқауды өту үшін қандай (заңды тұлға) құжаттар керек?

Техниканың төлқұжаты (түпнұсқасы); Жыл сайынғы техникалық байқаудан өтуге өтініш; Техникалық қарап-тексеру актісіне енгізу үшін машиналар туралы мәліметтер.

Техникаларды мемлекеттік тіркеуге алу үшін қандай (жеке тұлға) құжаттар керек?

Өтініш; Жеке басын және мекенжай анықтамасының түпнұсқасы; Машинаның тіркеу құжаты және нөмірлік белгісі үшін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;  Сатып-алу шартының түпнұсқасы; Кедендік декларация; ҚР сәйкестік сертификаты.

Техникаларды мемлекеттік тіркеуге алу үшін қандай (заңды тұлға)  құжаттар керек?

Өтініш; Мөрмен куәландырған заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі; Машинаның тіркеу құжаты және нөмірлік белгісі үшін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат; Сатып-алу шартының түпнұсқасы; Кедендік декларация; ҚР сәйкестік сертификаты.