Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының 2016 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуы туралы есебі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізінде, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасымен (бұдан әрі — Басқарма) атқарылған жұмыстар:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына (бұдан әрі — Жоспар)  сәйкес, Басқарманың ресми сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы арнайы тарау жұмыс істейді, оның ішінде сыбайлас жемқорлық орын алған фактілері жайлы, сонымен қатар оның алдын алу бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар тұрақты түрде енгізілуде.

Азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушылардың барынша хабардар болуы үшін, Басқарма тарапынан барлық жағдайлар жасалған. Оның ішінде: Басқарманың интернет-ресурсында және ғимараттың көрнекі кіре беріс жерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Стандарттары мен Регламенттері орналастырылған. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ғимаратқа кіру үшін арнайы ыңғайлы пандуспен т.б. жасақталған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат негізінде, ауыдандық ауыл шаруашылығы бөлімінің, ауылшаруашылығытауарөндірушілерінің қатысуымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет алудың тәртібі мен қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптары түсіндіріліп, БАҚ беттерінде мақалалар жарияланған.

Далалық жұмыстарды жүргізу үшін жанар-жағармай материалдарының аудандар бойынша егістік көлемдеріне қарай көлемдері айқындалып, Ауыл шаруашылығы министрлігімен 28000 тонна жанар-жағармай бөлінді.

Басқарма ғимаратында  жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған арнайы жәшік орнатылған, басшының және оның орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдау кестесі орналастырылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «сенім телефоны» көрсетілген арнайы стенділер орнатылған.

Басқарма қызметкерлеріне қызметтік этика нормалары түсіндіріліп, ескертіліп отырады.

Азаматтардың сенімін бекіту, қызметкерлердің лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалануды болдырмау, мемлекеттік қызмет туралы заңнама нормаларын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе қылмыстар жасау фактілері жөніндегі халықтың өтініш жасау мүмкіндігін арттыру және сыбайлас құқық бұзушылық туралы ақпаратқа жедел ден қою мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілуде.

2016 жылдың қорытындысы бойынша  сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық фактілері орын алған жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі жұмыстар бұдан әрі жалғасын табатын болады.