Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі жүргізуі туралы ақпарат

Кіріспе

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

Азаматтардың сенімін бекіту, қызметтің айқындығын, лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану фактісін және лауазымдық тұлғалардың Әдеп Кодексін, мемлекеттік қызмет туралы заңнама нормаларын, азаматардың құқықтарын бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе қылмыстар жасау фактілері жөніндегі халықтың өтініш жасау мүмкіндігін арттыру мақсатында және сыбайлас құқық бұзушылық туралы ақпаратқа жедел ден қою үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

Бөлім басшысы С. Құдасбаева, s.kudasbaeva@zhambyl.gov.kz, ж.т. 45-86-23.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі:

басталды 05.01.2016ж. , аяқталды 31.03.2016ж.

  1. Бақыланатын кезең: 2016 жылдың 1 тоқсаны.

Ақпараттық-талдамалық бөлім

Басқармада есепті кезеңде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар орын алған жоқ.

Басқарманың ғимаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған жәшік орнатылған, басшының және оның орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдау кестесі бекітілген, ол ғимараттың стендінде орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе қылмыстар жасау фактілері жөніндегі халықтың өтініш жасау мүмкіндігін арттыру мақсатында және сыбайлас құқық бұзушылық туралы ақпаратқа жедел ден қою үшін «сенім телефоны» үздіксіз жұмыс істеуі ұйымдастырылған.

Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің лауазымды тұлғалары тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өткізілді.

Сонымен қатар, бөлім басшылары бөлім мамандарымен жеке-түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізу, мекеменің әрбір қызметкері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын бұзуға жол бермеу үшін жауапкершілік туралы ескертілген

Қорытынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары басшылыққа алынып, Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстар жалғасын таба беретін болады.

1 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы

2 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы