Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 16 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12712 болып тіркелді

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 21-бабы 1-тармағының  3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Министр                                            Т.Донақов

 

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 16 бұйрығымен бекітілген

   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидалары

  1. Жалпы ереже
  2. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі — Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңы 1-бабының 3) тармағына сәйкес әзірленген, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерімен жүргізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің тәртібін анықтайды.
    2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг уәкілетті органмен және өзге де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерімен жүргізіледі.
    3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні жекеше мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің белгілі бір салада іс-қимыл тәртібін реттейтін мемлекеттік орган қызметі болып табылады.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу тәртібі
  4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша уәкілетті органмен мынадай жолмен жүзеге асырылады:
    1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында құқықтық қолдану тәжірибесін бағалау мен зерделеу;
    2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша мемлекеттік огандардың, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін зерделеу;
    3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштері мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы басылымдарды зерделеу;
    4) Заңмен белгіленген тәртіпте кінәлі деп танылған тұлғаның қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар мен себептерді бағалау және зерделеу;
    5) Сыбайлас жемқорлық және іс-қимыл деңгейін оның бағытын қабылдау мәселелері бойынша әлеуметтік сауалнама нәтижесін қарау;
    6) Құқықтық статистика органдарының деректерін зерделеу.
    5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті өздерінің бастамасы негізінде жүргізеді.
    6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге субъектілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижесі уәкілетті органмен шолу жасалады.
    7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілері жүргізген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижесі осы Қағидалардағы 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделеді және мынадай:
    1) мониторинг жүргізген кезеңдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізген жеке және заңды тұлғалардың деректері туралы ақпаратты;
    2) мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілердің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді;
    3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша қорытындылар мен ұсынымдарды құрайды.
  5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижелері
  6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша уәкілетті орган тұрақты негізде онын аумақтық бөлімшелері және өзгеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерімен жолданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижесін қарайды және талдайды.
    9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижесі бойынша уәкілетті органмен осы Қағиданың 10-тармағына сәйкес шешім және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ағымдағы жағдайына бағаларын көрсететін тоқсан сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ұқсас есепті қалыптастырады.
    10. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша уәкілетті органның шешімі:
    1) сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл субъектілер қызметтерінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
    2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу.
    11. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша уәкілетті орган тоқсан сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижелерін өзінің ресми интеренет-ресурсында орналастырады.
    12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзге іс-қимыл субъектілердің өтініші мен сұрау салуы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша уәкілетті орган сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижесі туралы ақпаратты ұсынады.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
мониторинг жүргізу қағидаларына
1 қосымша          

   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілермен ұсынылатын ақпараттың нысаны

      І. Кіріспе
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:
______________________
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:
жеке/заңды тұлға,/ электронды поштаның мекенжайы/телефон нөмірі.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі:
      басталды_____ аяқталды______
4. Бақыланатын кезең: ________ жж. қызмет

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім
Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілердің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.
Қорытынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар.

 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» ШЖҚ РМК