III тоқсан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу туралы ақпарат

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі жүргізуі туралы ақпарат

Кіріспе

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

Азаматтардың сенімін бекіту, қызметтің айқындығын, лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану фактісін және лауазымдық тұлғалардың Әдеп Кодексін, мемлекеттік қызмет туралы заңнама нормаларын, азаматардың құқықтарын бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе қылмыстар жасау фактілері жөніндегі халықтың өтініш жасау мүмкіндігін арттыру мақсатында және сыбайлас құқық бұзушылық туралы ақпаратқа жедел ден қою үшін.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

Бөлім басшысы С. Құдасбаева, s.kudasbaeva@ zhambyl.gov.kz, ж.т. 45-86-23.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі: басталды 01.07.2016ж. , аяқталды  30.09.2016ж.

Бақыланатын кезең: 2016 жылдың 3 тоқсаны.

Ақпараттық-талдамалық бөлім

Басқармада есепті кезеңде  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар орын алған жоқ.

Басқарманың ғимаратында  жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған жәшік орнатылған, басшының және оның орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдау кестесі бекітілген, ол ғимараттың стендінде орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе қылмыстар жасау фактілері жөніндегі халықтың өтініш жасау мүмкіндігін арттыру мақсатында және сыбайлас құқық бұзушылық туралы ақпаратқа жедел ден қою үшін «сенім телефоны» үздіксіз жұмыс істеуі ұйымдастырылған.

Сонымен қатар, басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру  бойынша 2016 жылға арналған іс-шаралар  жоспары бекітілді.

Қорытынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі  2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары басшылыққа алынып, Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстар жалғасын таба беретін болады.