Басқарма басшысы Б.Нығмашевтың Конституция күнімен құттықтауы

Там 30, 2019

Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді 30 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Конституцияны қабылдау кезінде жүргізілген референдум егеменді еліміздің дербестігі мен саяси тұрақтылығын сипаттаған бірден-бір тарихи, әлеуметтік маңызы зор құжатқа айналды.

Конституция бірлігіміздің тұрақтылығын, мемлекеттік құрылым мен еліміздің тұтастығын бекітіп берді. Әрбір азаматтың өзін тең сезінуіне және құқықтарын сақтауына берік негіз болды. Жасампаз жаңа дәуірге жол ашты.

Осы жылдар ішінде біз барынша қуатты, экономикалық жағынан дамыған, саяси тұрақты мемлекет құруда орасан зор прогресске қол жеткіздік. 

Құрметті жерлестер!

Сіздерді осынау айтулы мерекемен тағы да құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!

Ізгі ниетпен:

Б.Нығмашев, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы

Egov