Агросаладағы заманауи технология

Шіл 17, 2019

Төрт түлікті түлетіп, шаруаның шырайын кіргізудің тың шешімі. Әулиеаталық шаруалар мал азығын дайындадың жаңаша тәсіліне бетбұрыс жасап отыр. Гидропоника әдісі жем шөп тапшылығын жоюдың тиімді жолы болмақ.

Сондай-ақ, диқандар да жылыжайдан мол өнім жинаудың  жаңа жолдарын іздестіруде. Мәселен, Жамбыл облысында тұңғыш рет енгізілген Еуропалық  көкөніс өсіру тәсіліне  Түркиялық компаниялар да қызығушылық танытып отыр.

Бұдан былай жер жыртып әуре болмайсыз. Мал азығы аз деп те алаңдамайсыз. Енді бәрі жаңа технологияның көмегімен дайындалады. Гидропоника әдісі арқылы күніне 400 келі өнім өндіруге болады. Ал, жылына шамамен 150тоннаға жуық жем-шөп жинауға мүмкіндік бар. Серіктестіктің дайындаған өнімдері өз құнарлығымен қалады. Ыстық-суыққа қарай бүлінбейді. Жасыл жемді пайдаланған шаруа ветеринарлық ауруларды  да алдын алуға болады. Қазіргі уақытта Жамбылдық бірқатар шаруа қожалық иелері тың тәсілмен өндірілетін жемді өз шаруашылықтарында іске асырмақ ниетте.

Соңғы жылдары жылайжай ісі Жамбыл облысында да қарқынды дамып келе жатыр деп айтуға толық негіз бар. «Лидер –Көшет» деп аталатын компания Түркиялық әдіспен Қазақстанда оның ішінде Жамбыл облысында алғаш рет көшеттер кешенін ашып отыр. Қазіргі уақытта мұнда 10-ға жуық жұмысшы еңбек етеді. Қызынақ, қиярдан басқа қарбыз бен қауынның да көшеттері дайындалады. Жылыжайдағы көшеттердің барлығы дерлік Еуропа елдерінде кеңінен қолданысқа енген. Басты артықшылық жоғары заманауи технология.

Әрине, шығыны аз, пайдасы мол заман талабына сай технология арқылы өндірілген өнімдер, өңір экономикасын алға бастырары анық.

http://taraztv.kz/kz/news/society/agrosaladagy-zamanaui-tehnologiya

Egov