Басқарма басшысы Б.Нығмашевтың 6 шілде – Елорда күнімен құттықтауы

Шіл 6, 2019

Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді 6 шілде – Елорда күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық көрегендігімен бас қала атанған, ажары кіріп, айбыны асқақтаған елордамыз бүгінгі күні еліміздің бойтұмарына айналып, тұрақты дамудың, өсу мен өркендеудің даңғыл жолына түсті.

Бұрынғы Астана, қазіргі Нұр-Сұлтан атауын алған еліміздің бас қаласы саяси көшбасшылар, іскери серіктестер мен инвесторлар, діндер мен конфессия өкілдері, зиялы қауымның кездесіп, кеңес құратын орны, шығармашылық жоспарларды, инновациялық идеялар мен батыл бастамаларды жүзеге асыру алаңына айналды. Елдігіміз бен тәуелсіздігіміздің белгісін айшықтай отыра, әлемдік аренада өз орынын таба білді.

Бүгінде мемлекетіміздің қарқынды дамуының символы, сондай–ақ Қазақстанның барлық өңірлері үшін болашаққа бағдар болып отыр. Біз өз астанамызды мақтан етеміз, оның жетістіктеріне қуанамыз. 

Құрметті жерлестер!

Сіздерді осынау мерекемен тағы да құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, Отанымызға гүлдену мен бейбітшілік тілеймін!

Әсем Елордамыз гүлдей жайнап, әлемнің көрікті қаласына айналсын!

Ізгі ниетпен:

Б.Нығмашев, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы

Egov