Басқарма басшысы Б.Нығмашевтың «Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлер күні» мерекесімен құттықтауы

Қар 17, 2019

Құрметтi әріптестер!

Қадірменді ауыл шаруашылығы еңбеккерлерi!

 Сіздерді бүгінгі кәсіби мереке – ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу қызметкерлері күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! 

Елдігіміз еселеніп, мемлекеттігіміз нығайған жылдардың ішінде облыстың ауыл шаруашылығы саласы мемлекеттiк қолдаудың арқасында жаңа деңгейге көтеріліп, өңірдің экономикасын дамытуда және ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруда жетекші күшке айналды. Мұның барлығы Сіздердің саланың дамуына қосқан үлестеріңіздің нәтижесі. Сондықтан, осындай жетістіктерге жетуімізге атсалысып, аянбай тер төккен өлшеусіз еңбектеріңізге шынайы алғысымды білдіремін!

Баршаңызды мерейлі мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, еліміздің гүлденіп, халқымыздың ырысын молайту жолындағы ерен еңбектеріңізге толағай табыс, өздеріңізге зор денсаулық, жанұяларыңызға амандық тілеймін.

Еңбектеріңіз жемісті, әрбір күндеріңіз жеңісті болсын!

Egov