Тамшылатып суару жүйелерін енгізу бағдарламасы
Бағдарламаның мақсаты: Тамшылатып суару жүйесін құру.
Мақсатты топ: Ауылды жерде қызмет көрсететін шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтар, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар.
Мақсатты бағыттау: Тамшылатып суғару жүйесі бойынша құрал-жабдықтарды сатып алу
Қарыздың максималды сомасы: 8000 есептік айлық көрсеткішке дейін.
Сыйақы үстемесі: жылдық 14%.
Тиімді сыйақы үстемесі: 16,32% аспайды.
Несиенің мерзімі: 60 (алпыс) айға дейін;
Негізгі борышты өтеу мерзімділігі: ай сайын/ тоқсан сайын/ жарты жылда бір рет/ жылына бір рет, жартылай/толық қайтару мүмкіндігімен
Сыйақыны өтеу мерзімділігі: ай сайын/ тоқсан сайын/ жарты жылда бір рет/ жылына бір рет
Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдетілген мерзім: 12 (он екі) айдан аспайды;
Сыйақыны өтеу бойынша жеңілдетілген мерзім: 12 (он екі) айдан аспайды;
Кепілдік: Қоғамның Кепілдік саясатына сәйкес.
Қарыз алушыға қойылатын негізгі талаптар: төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылық; несие өтінішін берген/қаралған күніне бюджетке салықтық және басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы; соңғы есепті күнге (өтініш беретін айда) ЕДБ және басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы; жағымды несиелік тарихы (несие тарихы бар болса); көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізіуге арналған жер учаскілерінің болуы (жеке меншікте немесе ұзақ уақытты жалға алынған); көктемгі-егіс және астықты жинау жұмыстарын жүргізіуге арналған қажетті техниканың болуы немесе көктемгі-егіс және астықты жинау жұмыстарын жұмыстарын жүргізуге қызмет көрсететін тасымалдаушымен келісім-шарттың болуы; көктемгі-егіс және астықты жинау жұмыстарын жүргізуге арналған жеке өзінің немесе несиеге алынған (қаржы институтарынан айналым қорын толықтыруға алынған қаражаттар);
Жобаға қойылатын негізгі талаптар:тек қана жаңа құрал-жабдықтарды сатып алу; суғаруға арналған су көздерінің болуы;
Айрықша шарттары: Тамшылатып суғару жүйесіне кіретіндер: ұңғымалар, су тоғандары, су тазарту жүйесі, электрмен қамту жүйесі, насос станциялары, тыңайтқыштарды дайындау және беру жүйелері, магистралды және бөлетін құбырлар, қосатын және тіреу арматуралары, тамшылату жүйелері, бақылау-өлшеу құралдары