Басшы

Аманов Қайрат Тілеубайұлы 1964 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары.
1990 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылық институтын «ғалым-агроном» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы Сарысу ауданы, «Коммунар» совхозында бригадир көмекшісі болып бастаған.
1991-1995 жылдары – Сарысу ауданы, «Коммунар» совхозында бригадир, аға агроном;
1995-2001 жылдары – Сарысу ауданындағы «Алтай» және Ақжол» шаруа қожалықтарының төрағасы;
2001-2006 жылдары Сарысу ауданы әкімі аппараты мен аудандық басқа да бөлімдерде бас маман;
2006-2010 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы;
2010-2011 жылдары Сарысу әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы;
2011-2013 жылдары Алматы қаласы кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасының 6-10 санаты азаматтық қызметші статисті;
2013-2014 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасында бас маман;
2014-2016 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасында бөлім басшы;
2016 жылдың қараша айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары.

Egov