Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Қар 25, 2019

Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-О-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  • мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  • осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  • мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  • жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  • ғылыми дәрежесінің болуы.

D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі: қажет етілмейді.

D-О-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбек ақысы

теңгеден

теңгеге дейін

D-O-3

126357

170599

D-O-4 108306

146177

D-O-5 97510

132020

«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 505, 511,523 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, 433675, факс: 433675, e-mail: (obl_akim@zhambyl.kz, a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz) бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1.Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының экономикалық талдау, жоспарлау және жинақтау бөлімінің басшысы, санаты  D-O-3, 1 бірлік, №09-01.

Функционалдық міндеттері: облыс көлемінде аграрлық саланың экономикалық  бағыттары бойынша  қажетті жұмыстарды, тиісті іс-шараларды ұйымдастырады және оларды жүргізіп отырады.  Облыстағы ауыл шаруашылығын дамыту іс-шаралар жоспары бойынша қажетті құжаттар, мәліметтер дайындап, олардың орындалуы бойынша Ауыл шаруашылығы және Ұлттық экономика министрліктеріне, облыс әкімі аппаратына, облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына және де басқа да басқармаларға, мекемелерге  беріп отыру; АӨК саласының әлеуметтік – экономикалық дамуын болжамдау жұмыстарын ұйымдастырып, бұл бағытта облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен, басқа да тиісті басқармалармен, мекемелермен бірлесе қажетті жұмыстарды жүргізу; АӨК салалары бойынша бағдарламалар, іс-шаралар және басқа да күрделі құжаттар дайындау жұмыстарына қатысу, басқарманың басқа бөлімдерімен бірлесе салалық бағдарламалар, облыстың АӨК-тұрақты дамыту бағыттары бойынша қажетті құжаттар дайындау; Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі 2017-2021 жылдарға арналған және облыстың 2016-2020 жылдарға даму бағдарламаларының орындалуына тұрақты талдау жүргізіп, ол туралы облыс әкімі аппаратына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы және Ұлттық экономика министрліктеріне, облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау және қаржы басқармаларына, басқа да басқармаларға тиісті құжаттар, мәліметтер, қызметтік хаттар, басқа да мәліметтер, анықтамалар, кестелік (кестелік) материалдар дайындау; бекітілген карталар бойынша салалық бөлімдерден мерзімінде ақпарат жинақталуын қадағалау және жинақталған ақпараттарға талдау жүргізу; аумақты дамыту картасын әзірлеуге және қажеттілікке қарай өзгерістер енгізу; Басқармада жобалық басқару жұмысын үйлестіру, ұйымдастыру және қадағалау; Басқармаға бекітілген индикатор көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша жұмыстарды қадағалау; мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қадағалау; басшылардың баяндамаларын дайындау; бөлімге тікелей басшылық жасап, белгілі жағдайда жұмыста жоқ кезде арнайы  белгілеу арқылы бөлім мамандарының біріне тапсыруды; мамандар еңбек демалысына кеткенде және денсаулығына байланысты жұмыста жоқ болған кезде уақытша бірінің міндетін бірі атқаруды ұйымдастыруды; Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау; қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – ауылшаруашылық  ғылымдары саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы. Мамандығы: ауылшаруашылық  ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексі, «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Астық туралы», «Тұқым шаруашылығы туралы»,  «Өсімдіктер карантині туралы»,  «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы», «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы», Заңдарын  және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Еңбек, Бюджет, Жер, Орман, Су Кодекстерін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының микроқаржыландыру бөлімінің жетекші маманы, санаты D-O-5, 1 бірлік, № 11-04.

Функционалдық міндеттері: өз қызметі шегінде Үкіметтің қаулыларын, ауыл шаруашылығы министірлігінің бұйрықтарын, облыс әкімшілігінің бұйрықтарын, қаулыларын, өкімдерін  және  облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының  бұйрықтарын негізге алады; мемлекеттік бағдарламалар бойынша ауыл шаруашылығына берілетін жалпы несие қаржыларының есебін жүргізу; ауыл шаруашылығы саласындағы өзін-өзі қамтамасыз етілген азаматтар бойынша тиісті мекемелермен, статистика департаментімен бірлесіп  статистикалық есебін жүргізу; басқарма басшысының, оның орынбасарларының, бөлім басшысының тапсырған жұмыстарын орындау; қызмет жағдайын орынсыз пайдаланудың алдын алу, сыбайлас жемқорлықты болдырмау; бөлім жұмысына басшылық жасау; Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау; қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау. Жұмыста жоқ кезде өз міндетін бөлімнің бас мамандарының біріне тапсырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы. Мамандығы: ауылшаруашылық  ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе жобаларды басқару немесе маркетинг немесе статистика немесе биотехнология немесе азық – түлік өнімдерінің технологиясы немесе қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы  (сала бойынша) немесе стандарттау, сертификаттау және метрология немесе бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы немесе органикалық заттардың химиялық технологиясы немесе технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша).

«Қазақстан-2050″ Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарын, «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі» және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Еңбек, Бюджет, Жер, Орман, Су Кодекстерін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

3.Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің басшысы, санаты D-О-4,  1 бірлік, №4-2.

Функционалдық міндеттері: орман қорын күзету, өрттен, зиянкестер мен аурулардан қорғау шараларына қатысты бағдарламаларды әзірлеу және оларды орындауға қатысады. Мемлекеттік орман қоры аумағында орман өрттерін алдын алу және оларға қарсы күрес шараларының жыл сайынғы жоспарын әзірлеп, іске асырады. Ормандардағы өртенген алаңдардың есебін жүргізу, оның дәлдігін және өрттен келген нұқсанды (шығынды) анықтау, орман өрттерінің зардаптарын жою жөніндегі шараларды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіппен ормандағы өрттерді олардың зардаптарын тіркеуді жүргізеді, арнайы өрт сөндіру мекемелерінің және қоғамдық өрт сөндіру топтарының бірлесіп жұмыс жүргізу іс-шараларын ұйымдастырады.Орман қоры аумағындағы ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың әрекеті мен жағдайларына мемлекеттік қадағалау жасайды. Орман ресурстарын тендерлерге қою үшін материалдар әзірлеуді ұйымдастырады, ормандарды санитарлық кесудің, тазартып пайдаланудың жобалық құжаттарын мекемелерден қабылдап, уәкілетті органның бекітуіне ұсынады, орман қоры аумағында орман пайдаланудың ставкаларын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсынады, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалануды жүзеге асырудың рұқсат құжаттарын, ағаш кесу билеті мен орман билетінің есебін жүргізіп, пайалану тәртібін қадағалайды. Е-лицензиялау ақпараттық жүйесімен жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – ауыл шаруашылық ғылымдары немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес  немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы. Мамандығы: орман ресурстары және орман өсіру немесе аңшылықтану және аң шаруашылығы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе биология немесе экология.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты стратегиясын бiлуi. Қазақстан Республикасының Орман және Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстерін, «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы»,  «Құқықтық актілер туралы» Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының орта білім беру және педагог кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс уақытына 04.01.2021ж. дейін), D-О-4 санаты, № 02-04, 1 бірлік.

      Функционалдық міндеттері:  мектеп бітірушілердің республикадағы, алыс және жақын шет елдердегі оқу орындарында білім алуы және тәжірибе алмасуы бойынша Халықаралық қорлармен және ұйымдармен білім мекемелерінің байланыс жұмыстарын жүзеге асырады. Кешкі мектеп, шағын жинақталған мектептер, мемлекеттік емес орта білім мекемелерінің жұмыстарын  үйлестіреді. Мектептердегі шет тілдерінің оқытылуына бақылау жасайды. Үш тілде білім беру саясатын жүзеге асыру жұмыстарына жетекшілік етеді. «Өзін-өзі» тану пәнінің оқытылуына жетекшілік етеді. Бастауыш мектептердің жұмысына бақылау жасайды, бастауыш мектептер бойынша статистикалық есеп жүргізеді. Басқарманың алқа жиналысына жетекшілік ететін сұрақтар бойынша талдау материалдарын, анықтамалар, статистикалық есеп берулер, ақпараттар әзірлейді. Алқа шешімдерінің және басқарма бұйрықтарының, жоғары органдар құжаттарының орындалуына, құжаттар мен тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалуына жауапты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын, орындаушылық және еңбек тәртібін сақтайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – білім саласында. Мамандығы: білім (жалпы).

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңдарын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін және нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің оқу кезеңіне байланысты демалыс уақытына 30.06.2021ж. дейін) D-О-4 санаты, № 05-03, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: техникалық және кәсіптік білім беру мен кадрлар дайындау саласындағы мемлекеттік саясатты, мемлекеттік нысаналы бағдарламаларды жүзеге асырады. Дуалды оқыту жүйесі бойынша орта деңгейдегі білікті жұмысшы кадрлар мен мамандарды дайындауды қамтамасыз етеді. Тәрбие саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелеріндегі  тәрбие жұмыстарна жауап береді. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында студентердіңбойында қазақстандық  патриотизмді, ұлттық, мәдени-рухани құндылықтарды салауатты өмір салтын  қалыптастыруға, құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениеттін арттыруға  бағытталған жұмыстар жүргізеді. Басқарманың алқа жиналысына жетекшілік ететін сұрақтар бойынша талдау материалдарын, анықтамалар, статистикалық есеп берулер, ақпараттар әзірлейді. Алқа шешімдерінің және басқарма бұйрықтарының, жоғары органдар құжаттарының орындалуына, құжаттар мен тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалуына жауапты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын, орындаушылық және еңбек тәртібін сақтайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – білім саласында немесе құқық саласында немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында. Мамандығы: білім (жалпы) немесе құқықтану немесе халықаралық құқық немесе мемлекеттік және жергілікті басқару

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңдарын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін және нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)      3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 үй,  505, 511 –іс бөлмелер, анықтама телефондары: 45-34-68, 43-36-30, 43-36-75, факс:43-25-17, e-mail: obl_akim@zhambyl.kz, a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.  Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде жоғарыда көрсетілген мекен-жайында орналасқан мекемеде әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________

________                                               ____________________________________
(қолы)                                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)
_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1. Туған күні және жері/
Дата и место рождения
2. Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)
3. Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
4. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
5. Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками
6. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)
7. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
8. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
9. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
қабылданған/
приема
босатылған/
увольнения
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

 

_______________
күні/дата

 

Egov