Егін орағы

Шіл 18, 2019

Әулиеаталық диқандар биыл мол астық жинаудан үмітті.  Егіннің бітік шығуына жаңбырлы көктем мен ыстық жаз үлкен сеп болыпты. Сондай-ақ, шаруалар  мол өнім беретін сұрыптарды таңдауға бет бұрып отыр.

Айта кетейік, Меркі өңірінде биыл  жалпы 2700 га жер көлеміне астық егілген. Қазіргі таңда 800 га жерден «Стекловидная» 700 га жерден «Алмалы» сұрыпты  бидай алқаптарында егін орағы жүруде.  Ал,  өнім  орта есеппен гектарына он бес центнерден жиналуда.  Жұмыстарды жүйелі атқарған  «Жылы бұлақ»  шаруашылығы 20 адамды жұмыспен қамтып уақытылы жалақы төлеп  отыр.

Егін орағы қарқынды жүруде дейді диқандар.  Себебі, жаңа үлгіде жабдықталған  «ESSIL», «НИВА»  комбайндары астықты шашпай төкпей қырманға құюға үлкен сеп болуда.

Ал, салыстырмалы түрде көп өніп алып,  уақытты тиімді пайдаланған  үздік комбайн жүргізушілеріне өз кезегінде сыйақы тағайындалған. Қазіргі уақытта үздік үштіктің басын 600 тонна көрсеткішпен «ESSIL» комбайн жүргізушісі бастап тұр. Еңбек майданындағы бұл бәсеке ел ырысын арттыруға бағытталған.

Иә, Әулиеата өңірінің әлеуеті қуатты. Айта кетсек,Жамбыл облысында  жалпы егін көлемі  328 мың 706 гектарды құрайды. Оның ішінде арпа – 188 мың 945 гектар, бидай – 139 мың 761 гектар. Ал, қазіргі таңда  108 мың 279 гектар алқапқа орақ түскен.  Барлығы 225 мың 650  тонна түсім жиналған.

http://taraztv.kz/kz/news/society/egin-oragy

Egov