Ауыл шаруашылығы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы

Ауыл шаруашылығы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысы.

        Ескерту. Тізілім жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің   30.09.2019 № 726   қаулысымен бекітілді.

 

 

 

 

Р/с №

Тізілім бойынша Р/с № Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің коды Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы Көрсетілетін қызметті алушы (жеке және (немесе) заңды тұлға) туралы мәліметтер Ақылы/ тегін Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны (электронды/ қағаз түрінде)
1 2 3 4 5 6 7
1.  15. 00102002 Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру Жеке тұлғалар Ақылы Электронды/ қағаз түрінде
2.  91. 00501009 Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру Жеке және заңды тұлғалар Ақылы Электронды/қағаз түрінде
3.  92. 00501010 Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу) Жеке және заңды тұлғалар Ақылы Электронды/қағаз түрінде
4.  271. 01101006

 

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу Жеке және заңды тұлғалар Тегін Электронды/қағаз түрінде
5.  378. 01301002 Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау Жеке және заңды тұлғалар Тегін Электронды/қағаз түрінде
6.  394. 01301018

 

Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау Жеке және заңды тұлғалар Тегін Электронды
7.  395. 01301019

 

Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау Жеке және заңды тұлғалар Тегін Электронды
8.  396. 01301020

 

Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау Жеке және заңды тұлғалар Тегін Электронды
9.  397. 01301021

 

Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау Жеке және заңды тұлғалар Тегін Электронды
10.  398. 01301022

 

Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау Жеке және заңды тұлғалар Тегін Электронды
11.  400. 01301024

 

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау Жеке және заңды тұлғалар Тегін Электронды
12.  401. 01301025

 

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау Жеке және заңды тұлғалар Тегін Электронды
13.  403. 01301027

 

Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау Жеке және заңды тұлғалар Тегін Электронды
14. 406-1. 01301031

 

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау Заңды тұлғалар Тегін Электронды
15. 406-2. 01301032 Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу Заңды тұлғалар Тегін Электронды
16. 406-5. 01301035  Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау Жеке және заңды тұлғалар Тегін Электронды
17. 406-6.

 

01301036

 

 Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау Жеке және заңды тұлғалар Тегін Электронды/қағаз түрінде
18. 406-7. 01301037

 

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау Жеке және заңды тұлғалар Тегін Электронды
19. 406-9. 01301039

 

Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау Заңды тұлғалар Тегін Электронды
20. 406-10. 01301040

 

Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау Жеке және заңды тұлғалар Тегін Электронды
21. 406-11. 01301041 Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау Жеке және заңды тұлға
лар
Те
гін
Электронды
22. 406-12

 

01301042

 

Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау Заңды тұлғалар Тегін Электронды
23. 406-13 01301043

 

Микрокредиттерге кепілдік бойынша комиссия Заңды тұлғалар Тегін Электронды
24.  409. 01302003

 

Бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау Жеке және заңды тұлғалар Тегін Электронды
25.  410. 01302004

 

Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру Жеке және заңды тұлғалар Ақылы Электронды
26.  411. 01302005

 

Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру Заңды тұлғалар Ақылы Электронды

 

«Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы субсидиялаумен байланысты көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі» Жол картасының  аясында 2019 жылдан бастап Басқармада субсидиялаумен көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері электрондық түрге көшірілді.

«Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы субсидиялаумен байланысты көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі» Жол картасының  аясында qoldau.kz ақпараттық жүйесі жұмыс істейді.

Басқарма тарапынан 2019 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 26 (2018ж.-27), оның   ішінде, 6-ы электрондық/ қағаз түрінде, 20 – сы электрондық түрде  көрсетіледі.

Жалпы Басқрмада мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ішінде 6-ы  заңды тұлғаларға, 1-і жеке тұлғаға, 19-ы жеке тұлғаға және заңды тұлғаларға көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 5-і ақылы, 21-і тегін түрде жүзеге асырылады.

Egov