Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының тоғызыншы бағытында көзделген жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі, халықпен және бизнеспен қарым-қатынасты цифрландыру маңыздылығы және басқа да міндеттер, Басқарма қызметкерлеріне түсіндірілуде және тиісті жұмыстар орындалуда.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында, 2018 жылы бірқатар мемлекеттік қызмет түрлері электронды түрде көрсетілсе, 2019 жылы қалған мемлекеттік қызмет түрлерін көшіру жоспарланып отыр.

Басқарма тарапынан мемлекеттік корпорация арқылы және электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны артып келеді. Қызмет берушілер мен қызмет алушылар арасындағы өзара байланыстың едәуір азайғанын көрсетеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету барысында негізсіз бас тартулар, арыз-шағымдардың, мерзімін бұзу және ақпараттық жүйелерге қате енгізу фактілеріне жол бермеуі жөнінде тиісті мемлекеттік қызмет көрсету функциялары жүктелген қызметкерлерге қатаң ескертілген.

Жеке және заңды тұлғаларға кеңестер беру үшін және түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін, ғимараттың көрнекі жерінде арнайы стенділермен жасақталып, тиісті құжаттарын толтыру үшін арнайы бейнекамера орнатылған қызмет көрсеті бұрышы белгіленген.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұсынуымен, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары мен регламенттердің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында, Басқарманың ресми сайтына барлық мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттері Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесіндегі (adilet.zan.kz) стандарттарға сілтеме жасалынған.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Басқарма қызметкерлерімен әрбір өтетін жиналыстарда ауылшаруашылығы тауарөндірушілерін субсидиялау Қағидаларанының талаптары, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, қаржыны тиісті мезгілде игеру және нормативтік және нормативтік емес құқықтық актілердің жобаларын тиісінше әзірлеу, басқа да мәселелер талқыланып, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады.

Басқарма қызметкерлеріне, қолданыстағы заңнамалармен белгіленген шектеулерді және Әдеп кодексінің талаптарын таныстыру шаралары тұрақты турде жүргізілуде.

Бұл бағыттағы жұмыстар бұдан әрі жалғасын табатын болады.

***

Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі-Басқарма) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы субсидиялаумен байланысты көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі Жол картасының (бұдан әрі – Жол картасы) орындалуы бойынша тиісті деңгейде жұмыстар атқаруда.

2018 жылы ауыл шаруашылы саласында 27 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі көрсетілуде. («Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 3 қыркүйегіндегі № 548 қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне (әрі қарай Тізілім) өзгерістер енгізіліп, а.ж. 21 қыркүйегінен бастап жаңа редакцияда қолданысқа енгiзiлуіне орай 26). Оның ішінде, 15 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері қағаз түрінде,  12  қызмет автоматтандырылған түрде берілген болатын.

Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі–Басқарма) «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы субсидиялаумен байланысты көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі» Жол картасының аясында Басқарма тарапынан 2019 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ішінде, 2-і  қағаз түрінде, 24 -і электрондық түрде берілетін болады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ішінде   6-ы  заңды тұлғаларға, 1-і жеке тұлғаға, 19-ы жеке тұлғаға және заңды тұлғаларға көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 5-і ақылы, 21-і тегін түрде жүзеге асырылады

Egov