Рұқсат қағазын алу

Жамбыл облысының аумағында карантин режимі енгізілуіне байланысты аудандардағы көктемгі дала жұмыстары мен салаға қатысты басқа да шараларды жүзеге асыру мақсатында Тараз қаласында тұратын шаруашылық жетекшілеріне қала аумағынан кіріп-шығуға арналған электрондық рұқсатнама (электрондық базаға енгізу арқылы) берілетін болады.

Рұқсатнаманы алу үшін арнайы өтініштер күнделікті сағат: 9.00-ден, 19.00-ге дейін тек электронды түрде қабылданады және өтінішті 511086@mail.kz электрондық поштасына жолдауларыңыз қажет!

Сондай-ақ, рұқсатнаманы алу үшін https://ruqsat.qoldau.kz/ru/information порталы арқылы да өтінім беруге болады!

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда 8 (7262) 51-10-86 телефонына хабарласыңыздар!

ЕСКЕРТУ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРІНЕ БІР ҒАНА АУДАН КӨЛЕМІНДЕ ЕШ КЕДЕРГІСІЗ ЖҮРУГЕ РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ (жұмыс орнынан анықтама және жеке басын куәландырылатын құжат болуы қажет).

ӨТІНІШ ҮЛГІСІ (жүктеу)

Egov