«Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 12 маусымдағы № 112 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қыр 5, 2019

 «Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 12 маусымдағы № 112 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 12 маусымдағы № 112 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3890 болып тіркелген, 2018 жылдың 19 шілдесінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын  бақылау   облыс    әкімінің   орынбасары М. Шүкеевке жүктелсін.
  2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк  тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі                                                                 А. Мырзахметов

«Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

«Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 12 маусымдағы № 112 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің қаулы жобасына САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ

«Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 12 маусымдағы № 112 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің қаулы жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Egov