Жамбыл облысы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

Жел 5, 2019

Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-О-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  • мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  • осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  • мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  • жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  • ғылыми дәрежесінің болуы. 

D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі: қажет етілмейді.

Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбек ақысы

теңгеден

теңгеге дейін

D-O-3

126357

170599

D-O-4 108306

146177

 

«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 505, 511,523 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, 433675, факс: 433675, e-mail: (obl_akim@zhambyl.kz, a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz) Жамбыл облысы әкімі аппараты және Жамбыл облысы әкімдігі басқармаларының мемлекеттік қызметшілері арасында бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының ауыл шаруашылығы кооперациясы және аумақтарды дамыту бөлімінің басшысы, санаты -D-O-3, 1 бірлік, № 10-01.

Функционалдық міндеттері: ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмаларын, алқа мәжілістері шешімдерін, басқарма бастығының бұйрықтарын, орынбасарларының тапсырмаларын орындалуын ұйымдастыру және бақылауға алу; ауыл шаруашылығы салаларын дамытудың басымды мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға қатысу; «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Заң талаптарына сәйкес облыс бойынша аудандағы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту бағдарламаларын әзірлеуге қатысу; облыстың ауыл шаруашылығы кооперативтеріне мемлекеттік қолдаудың қаржылық шараларын алу жұмысын ұйымдастыру және ұсыныс беру; ауыл шаруашылығы саласы бойынша кәсіпкерлік мәселелері бойынша жиналыстар ұйымдастыру және өткізу, кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың шарттарын түсіндіру; «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Заң талаптарына сәйкес агроқұрылымдардың кооперацияға бірігуіне аудандағы ауыл шаруашылығы бөлімдерімен бірлесе отырып жұмыс жүргізіп, басқарманың және облыс әкімдігінде өтетін отырыстарға атқарылған жұмыстар бойынша  ақпарат дайындау; «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасы» бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, үйлестіру және орындалуын бақылау, ол бойынша облыс әкіміне және Ауыл шаруашылығы минстірлігіне ай сайын және жарты жылмен, жыл қортындысымен атқарылған жұмыстарға ақпарат дайындап жолдау; облыс әкімдігінің қаулыларының, облыс әкімінің өкімдері мен шешімдерінің жобасын әзірлеу және келісу; бөлімге  қатысты  дайындалған нормативтік-құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының Заңдары мен заң актілері талаптарының қатаң сақталуын қадағалап, қаулылар мен шешімдердің уақтылы қабылдануын және орындалуын  қамтамасыз ету; ауыл шаруашылығы кооперативтерде бәсекеге қабілетті және рынок сұранысы жоғары өнімдер шығаруды ынталандыру мақсатында ауыл шаруашылығы кооперативтерінің  ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп, өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидалары  талаптарына сәйкес жұмыстар жүргізуін ұйымдастыру; ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тамақ өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы өнімдерін тереңдете өңдеу саласында озық тәжірибелермен алмасуға көрме, семинар және жәрмеңкелер өткізуді  ұйымдастыру; ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ауыл шаруашылығы өнімдерін тереңдете  өңдеуде халықаралық сапа менеджменті жүйесіне өтуіне мониторинг жүргізіп, ықпал  жасау; ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеудің аумақтық және салалық бағдарламасын әзірлеуге қатысу; ауыл шаруашылығы кооперативтерінің «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау» қағидасына сәйкес қолдау шаралары бойынша жұмыстар жүргізуін ұйымдастыру; «Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауылшаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау» қағидасына сәйкес жұмыстардың ұйымдастырылып жүргізуілуін  қамтамасыз ету; аймақтың кешенді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарынан туындайтын ағымдағы және перспективалық міндеттерді шешу жоспарын жасау және орындауды қамтамасыз ету; бөлім жұмысына басшылық жасау. Бөлімге қатысты хаттар мен арыз-шағымдарды мерзімді орындалуын қадағалау; мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар бойынша облыс әкімдігінің қаулылары, шешімдері мен өкімдері жобаларын, материалдар (талдау, ұсыныстар, ақпараттар, анықтамалар және басқа) дайындауға қатысу; басқарманың қоғамдық іс-шараларына қатысу. Бөлімге жүктелген тапсырмалар мен функцияларды уақтылы және сапалы орындауға, жоғары тұрған органдарға мәліметтер мен ақпараттар ұсынуға бақылау жасау. Жұмыста жоқ кезде өз міндетін бөлімнің бас мамандарының біріне тапсырады. Бөлімнің қызметін үйлестіру және ұйымдастыру. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы. Мамандығы: ауылшаруашылық  ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе немесе жобаларды басқару немесе маркетинг немесе статистика немесе құқықтану немесе биотехнология немесе азық – түлік өнімдерінің технологиясы немесе қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы  (сала бойынша) немесе стандарттау, сертификаттау және метрология немесе бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы немесе органикалық заттардың химиялық технологиясы немесе технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша).

Қазақстан-2050″ Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», Заңдарын және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Еңбек, Бюджет, Жер, Орман, Су Кодекстерін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының микроқаржыландыру бөлімінің басшысы, санаты -D-O-3, 1 бірлік, № 11-01.

Функционалдық міндеттері:  өз қызметі шегінде Үкіметтің қаулыларын, ауыл шаруашылығы министірлігінің бұйрықтарын, облыс әкімшілігінің бұйрықтарын, қаулыларын, өкімдерін  және  облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының  бұйрықтарын негізге алады; мемлекеттік бағдарламалар бойынша ауыл шаруашылығына берілетін жалпы несие қаржыларының есебін жүргізуді қамтамасыз ету; ауыл шаруашылығы саласындағы өзін-өзі қамтамасыз етілген азаматтар бойынша тиісті мекемелермен, статистика департаментімен бірлесіп  статистикалық есебін жүргізу; басқарма басшысы бекіткен жұмыс жоспарын орындап, бақылау; басқарма басшысының, оның орынбасарларының  тапсырған жұмыстарын орындау;  Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың актілерін, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің өкімдері мен шешімдерін, шағын және орта бизнесті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын облыс аумағында орындау; ауыл шаруашылығы саласында кәсіпкерлікті дамытудың ағымдағы жағдайына,  мемлекеттік қолдауға бағытталған қаржы құралдарының жұмсалуына және тиімділігіне талдау жүргізу; облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдарының мемлекеттік қолдаудың қаржылық шараларын алу жұмысын ұйымдастыру және қолдау көрсету; кәсіпкерлік мәселелері бойынша жиналыстар ұйымдастыру және өткізу, кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың шарттарын түсіндіру;  «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы және де басқа ауыл шаруашылығын қолдау мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде ауылдарда микрокредит беру және   микрокредиттерді кепілдендіру жұмыстарын түсіндіру жұмыстарына семинер кеңестер ұйымдастыру;  бөлімге жүктелген тапсырмалар мен функцияларды уақтылы және сапалы орындауға, жоғары тұрған органдарға мәліметтер мен ақпараттар ұсынуға бақылау жасау; мемлекеттік қолдау тетіктері бойынша жобалардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін қарау; ауыл шаруашылығы саласындағы  кәсіпкерлікті қолдау мәселелері бойынша екінші деңгейдегі банктер филиалдары және қаржы институттарымен, сондай-ақ «Атамекен» аймақтық кәсіпкерлік палатасымен өзара іс-қимыл жасау;  ағымдағы және перспективалық міндеттерді шешу жоспарларын жасау және орындау; аумақты дамыту жөніндегі бағдарламаны әзірлеуге қатысу. Облыс әкімдігінің қаулыларының, облыс әкімінің өкімдері мен шешімдерінің жобасын әзірлеу және келісу; жергілікті тауар өндірушілердің көрмелерін, жәрмеңкелерін, форумдар мен іс-шаралар ұйымдастыру және қатысу; жүктелген функционалдық міндеттерге сәйкес жоғары тұрған басшылықтың тапсырмаларын орындау; ауыл шаруашылығы саласында кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бағдарламаларға талдау жүргізілуін қамтамасыз ету; ауыл шаруашылығы кооперативтері мен ауыл шаруашылығы құрылмдарын қолдау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жүзеге асырылуын қамтамасыз ету; мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар бойынша облыс әкімдігінің қаулылары, шешімдері мен өкімдері жобаларын, материалдар (талдау, ұсыныстар, ақпараттар, анықтамалар және басқа) дайындауға қатысу; басқарманың қоғамдық іс-шараларына қатысу; қызмет жағдайын орынсыз пайдаланудың алдын алу, сыбайлас жемқорлықты болдырмау; Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау; қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау; бөлімнің қызметін үйлестіру және ұйымдастыру;  жұмыста жоқ кезде өз міндетін бөлімнің бас мамандарының біріне тапсырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы. Мамандығы: ауылшаруашылық  ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару  немесе жобаларды басқару немесе маркетинг немесе статистика немесе құқықтану немесе биотехнология немесе азық – түлік өнімдерінің технологиясы немесе қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы  (сала бойынша) немесе стандарттау, сертификаттау және метрология немесе бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы немесе органикалық заттардың химиялық технологиясы немесе технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша).

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарын «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі» және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Еңбек, Бюджет, Жер, Орман, Су Кодекстерін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының мемлекеттік астық, тұқым және техникалық инспекциясы бөлімінің бас маманы, санаты – D-O-4 , 1 бірлік, №05-03.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Тараз қаласы әкімідігінің ауыл шаруашылығы бөлімін және аудандарды тиісті техникалық құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмерін және тракторист-машинист куәлігімен қамтамасыз ету; Web портал бағдарламасына облыстағы техникаларды сапалы енгізу және есептен шығаруды қадағалайды. Басқарма басшысы бекіткен жұмыс жоспарын орындайды. Қызмет жағдайын орынсыз пайдаланудың алдын алу, сыбайлас жемқорлықты болдырмау. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметке байланысты шектеулерді сақтау; жоғарғы мемлекеттік органдардан және басқа облыстардан түскен сұраныстарға Тараз қаласы әкімдігінен және аудандардан жинақтап ақпарат ұсыну; облыс бойынша техника жаңаруын қамтамасыз етіп, қадағалап іске асырады; мемлекеттік тарапынан бөлінгоен кепілдендірілген дизель отынын бөлуін, жеткізуін және ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерге таратуын қамтамасыз етіп, іске асырады; айына бір берілетін есептерді Тараз қаласы әкімдігінен және аудандардан қабылдап, қорыту. №06-9, №06-11,№06-15 формалы отчеттарды аудандардан қабылдап қорытып, Ауыл шаруашылығы министрлігіне тапсыру. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау; қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау. Еңбек демалысына, іссапарға кеткен жағдайда және басқа да жағдайларда  міндетін бөлім басшысы атқарады немесе бас мамандар бірін-бірі алмастырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – құқық саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы. Мамандығы: құқықтану немесе халықаралық құқық немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) немесе биотехнология немесе көлік құрылысы немесе көлік, көліктік техника және технологиялар.

Қазақстан-2050″ Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын,  «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Жол жүрісі туралы»  Заңдарын  және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Еңбек, Бюджет, Жер, Орман, Су Кодекстерін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. 4. Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының егін және су шаруашылығы бөлімінің  бас маманы, санаты – D-O-4, 1 бірлік, №04-02.

Функционалдық міндеттері: облыстық бюджеттен бөлінген бағдарламалар бойынша барлық аудандарға жер көлеміне және тауар өндірушілерден түскен өтінімдеріне сәйкес әр айға бөлінген жоспарлы қаражаттарды жеке қаржыландырудың төлем жоспарына сай жеткізілуін, игерілуін және олардың мүлтіксіз орындалуын қадағалау үшін төмендегі бағдарламалар бойынша: «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» бағдарламасы бойынша берілген қаржыларды Заң аясында және нормативті-құқықтық актілер негізінде толық игеруді жүзеге асыру.  «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандату» бағдарламасы бойынша берілген қаржыларды Заң аясында және нормативті-құқықтық актілер негізінде толық игеруді жүзеге асыру. Міндеттелген бағдарламалар бойынша қаражаттың игерілуін бақылауда ұстау. Егін шаруашылығы бөлімі бойынша бөлінетін қаражаттарды жоспарлау және игерілуіне талдау жасау жұмыстарын жинақтау; өсімдік саласында ауыл шаруашылық кооперативтерін ұйымдастыру жұмыстары; сала жұмысына қатысты тараптарда облыстық департаменттермен, басқармалармен, комитеттермен, инспекцияларымен, АӨК кәсіпорындарымен бірлесіп әрекет жасайды. Бөлім басшысының айқындауы бойынша бюджеттік бағдарламалар жұмыстарын жүргізеді; Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау; қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау. Еңбек демалысына, іссапарға кеткен жағдайда және басқа да жағдайларда  бас мамандар бірін-бірі алмастырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – ауылшаруашылық  ғылымдары саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы. Мамандығы: ауылшаруашылық  ғылымдары  саласындағы (жалпы) немесе экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе маркетинг немесе әлемдік экономика немесе биотехнология немесе азық-түлік өнімдерінің технологиясы немесе қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша).

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі», «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы»,  «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Астық туралы», «Тұқым шаруашылығы туралы»,  «Өсімдіктер карантині туралы»,  «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы», «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы», «Ветеринария туралы»  Заңдарын  және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Еңбек, Бюджет, Жер, Орман, Су Кодекстерін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бөлімінің бас маманы, санаты – D-O-4, 1 бірлік, № 06-05.

Функционалдық міндеттері: өз қызметі шегінде Үкіметтің қаулыларын, ауыл шаруашылығы министірлігінің бұйрықтарын, облыс әкімдігінің бұйрықтарын, қаулыларын, өкімдерін  және  облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының  бұйрықтарын негізге алады; ауыл шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өндеудің аумақтық және салалық бағдарламасын әзірлеуге қатысып, оны іске асыруға ықпал ету; ауыл шаруашылығы саласында өсімдік, жеміс-жидек және көнөніс өнімдерін тереңдете өңдейтін кәсіпорындардың қуаттылығы, жүктелімі және өндірген өнімдері бойынша ақпарат әзірлеп, ұсыну. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау, мұздату қоймалары бойынша (сыйымдылығы, жүктелімі, сақталатын өнім түрлері) мәліметтерді  жинақтау. Бәсекеге қабілетті және рынок сұранысы жоғары өнімдер шығаруды ынталандыру мақсатында қайта өңдеуші кәсіпорындарды қолдау  шараларын  әзірлеп, оны жүзеге асыру; тамақ өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында озық тәжірибелермен алмасуға көрме, семинар және жәрмеңкелер өткізуді  ұйымдастыру шараларымен айналысу; қайта өңдеуші кәсіпорындардың халықаралық сапа менеджменті жүйесіне өтуіне мониторинг жүргізіп, ықпал ету; техникалық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету; ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз ету; импорт алмастыруға бағытталған, өнім сапасын жақсарту жөніндегі жұмыстарды жетілдіру; басқарма басшысының, оның орынбасарларының, бөлім басшысының тапсырған жұмыстарын орындау. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау; қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау. Еңбек демалысына, іссапарға кеткен жағдайда және басқа да жағдайларда  бас мамандар бірін-бірі алмастырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы. Мамандығы: ауылшаруашылық  ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе маркетинг немесе экономика немесе биотехнология немесе азық – түлік өнімдерінің технологиясы немесе қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы  (сала бойынша) немесе стандарттау, сертификаттау және метрология немесе бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы немесе органикалық заттардың химиялық технологиясы немесе технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша).

Қазақстан-2050″ Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы», «Ветеринария туралы»  Заңдарын  және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Еңбек, Бюджет, Жер, Орман, Су Кодекстерін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы,  санаты D-О-4, 1 бірлік,  №02-1.

Функционалдық міндеттері:  бөлімде өз уәкілеттілігімен және лауазымдық міндеттемелермен анықталған жұмыстар атқарады.  Басшылардың тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындайды. Бөлім жұмысының нәтижелі жүргізілуіне ұсыныс беріп отырады. Атқарылған жұмыстардың көлемдерін қабылдауға қатысу, мердігерлік Ф2  актісі және № 3  анықтамасының дұрыс толтырылуын жүзеге асырады. Жергілікті мәндегі автомобиль жолдарын, ондағы тексеру жұмыстарын ұйымдастырады. Облыстық мәндегі автомобиль жолдарын, ондағы жасанды құрылымдардың техникалық және эксплуатациялық жағдайларын жоғарылату мақсатында жылдық жоспар әзірлеу  барысында ақаулық  ақпар тізімін дайындауға қатысады. Жол-құрылыс материалдарының жылдық қажеттілігінің іріктемесін жүргізеді. Облыстық мәндегі автомобиль  жолдарында атқарылатын күрделі, орта жөндеу жұмыстарының  және атқарылған жұмыстардың тізімін әзірлейді.   Өзіне бекітілген мердігерлік мекемелердің титулдық жұмыс тізіміне сәйкес атқаратын өндірістік жұмыстарының сапасына және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша уақтылы шара қолдануына   жауапты. Күнделікті бөлімге түскен хаттардың, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне берілетін жауаптарды әзірлейді. Басқарманың   ішкі еңбек тәртіп  ережелерін сақтауға міндетті. Жамбыл облысының облыстық мәндегі автомобиль жолдарын, ондағы жасанды құрылымдардың пайдаланылуын, техникалық  жағдайы деңгейінің жоғарылауын қадағалайды. Автомобиль жолдарының сақталу және жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша басқармамен жол саласы бойынша ҚР Үкіметінің шешімдерін және құқықтық-нормативтік актілерінің орындалуын қадағалайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы. Мамандығы: құрылыс немесе көлік құрылыс немесе көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалды ұйымдастыру.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының   «Автомобиль жолдары туралы» Заңын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 мекен-жайда орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені_______________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________

________                                               ____________________________________
(қолы)                                                            (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

Egov