Жамбыл облысы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

Жел 6, 2019

Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  • мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  • осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес,
  • А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  • мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  • жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  • ғылыми дәрежесінің болуы;
  • кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 D-О-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  • мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  • осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  • мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  • жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  • ғылыми дәрежесінің болуы.

D-О-4 санаты үшін:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі: қажет етілмейді.

 Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбек ақысы

теңгеден

теңгеге дейін

D-3

141576 191482
D-O-3 126357

170599

D-O-4 108306

146177

«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 505, 511,523 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, 433675, факс: 433675, e-mail: (obl_akim@zhambyl.kz, a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz) Жамбыл облысы әкімі аппараты және Жамбыл облысы әкімдігі басқармаларының мемлекеттік қызметшілері арасында бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

  1. Жамбыл облысы әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы, D-3 санаты, №05-1-6, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Талас ауданы мен облыстың кәсіпкерлік, өнеркәсіп, индустриалды-инновациялық дамыту, индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік, туризм мәселелері бойынша жұмыстарды үйлестіру. «Тараз» ӘКК, «Даму» қоры, Кәсіпкерлер палатасы, екінші деңгейлі банктер, қаржы институттар, кәсіпорындар және басқа да заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жүргізу және өз құзыреті шегінде талдау жасау. Талас ауданы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды зерделеу, талдау, стратегиялық бағыттарға сәйкестігіне баға беру, нәтижелері бойынша анықтама және ұсынымдар дайындау. Талас ауданындағы әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайларды зерделеп, жинақтау және ол жөнінде ақпараттарды бөлім басшысының назарына ұсыну. Талас ауданындағы мемлекеттік басқару жағдайына талдау жүргізу. Жергілікті қоғамдастықтардың жұмысын және олардың қоғамда алатын ролін зерделеу, азаматтық қоғам институттарының дамуын қамтамасыз ету бойынша бөлім басшысына ұсыныстар енгізу. Облыс әкімінің Талас ауданына жұмыс сапарын ұйымдастыру, талдамалық ақпараттар әзірлеу. Мемлекет Басшысының, ҚР Премьер-Министрі, облыс әкімінің және т.б. жоғары тұрған органдар жиналыстары хаттамаларының орындалуын бақылау, талдау жасау. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президенті және Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, хаттамалық тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы Президенті мен Премьер-Министрінің, Үкімет мүшелерінің, т.б. ресми өкілдердің облысқа жұмыс сапарлары бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу, талдамалық ақпараттар дайындау. Халықпен кездесулер өткізу, жергілікті жерде қордаланған өзекті мәселелерге талдау жүргізіп, оны шешу бойынша бөлім басшысына, облыс әкіміне ұсыныстар енгізу. Заңды және жеке тұлғалардың арыздарын қарау. Өз құзыреті шегінде сайлау мәселелеріне қатысты  жұмыстарды ұйымдастыруға қатысу, облыстық аумақтық сайлау комиссиясымен байланысты жүзеге асыру. Бөлім басшысының өзге де тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі –  гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе білім немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) немесе құқық саласындағы. Мамандығы: гуманитарлық ғылымдар (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы) немесе техникалық ғылымдар  және технологиялар (жалпы) немесе білім (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары (жалпы) немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (жалпы) немесе құқықтану.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

2.Жамбыл облысы әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы,  D-3 санаты, №05-1-7, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Мойынқұм ауданы мен мәдениет, мұрағаттар және құжаттама, ішкі саясат басқармалары,  саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, ардагерлер ұйымдары, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жүргізу, байланысты жүзеге асыру және жұмыстарына өз құзыреті шегінде талдау жасау. Облыстық қоғамдық кеңеспен жұмысты үйлестіру, олардың қызметі бойынша талдамалық ақпараттар әзірлеу. Мойынқұм ауданы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды зерделеу, талдау, стратегиялық бағыттарға сәйкестігіне баға беру, нәтижелері бойынша анықтама және ұсынымдар дайындау. Мойынқұм ауданының әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайларды зерделеп, жинақтауға және ол жөнінде ақпараттарды бөлім басшысының назарына ұсыну. Мойынқұм ауданының мемлекеттік басқару жағдайына талдау жүргізу. Жергілікті қоғамдастықтардың жұмысын және олардың қоғамда алатын ролін зерделеу, азаматтық қоғам институттарының дамуын қамтамасыз ету бойынша бөлім басшысына ұсыныстар енгізу. Облыс әкімінің Мойынқұм ауданына жұмыс сапарын ұйымдастыру, талдамалық ақпараттар әзірлеу. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауында берілген тапсырмаларының орындалуын бақылау және талдау жасау, облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінің жер-жерлерде кездесулер өткізуін ұйымдастыру және бақылау, Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығымен өзара іс-қимыл жасау. Өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасы Президенті және Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, хаттамалық тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Жедел ақпараттардың жоғары тұрған органдарға тұрақты берілуін қамтамасыз ету.  Халықпен кездесулер өткізу, жергілікті жерде қордаланған өзекті мәселелерге талдау жүргізіп, оны шешу бойынша бөлім басшысына, облыс әкіміне ұсыныстар енгізу. Заңды және жеке тұлғалардың арыздарын қарау. Өз құзыреті шегінде сайлау мәселелеріне қатысты  жұмыстарды ұйымдастыруға қатысу. Бөлім басшысының өзге де тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі –  гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе білім немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) немесе құқық саласындағы. Мамандығы: гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе білім немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) немесе құқық саласындағы.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

3.Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие және арнайы білім беру бөлімінің басшысы, D-О-3 санаты, № 03-01, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері:  білім беруді дамыту саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың мектепке дейінгі білім беру саласына қатысты аймақтық және салалық бағдарламаларды жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыстарына жетекшілік пен бақылау жасайды, тәрбие мен оқыту жұмыстарын үйлестіреді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үрдісінің ұйымдастырылу жағдайы туралы талдау материалдары мен анықтамалар, тәрбие мен оқыту үрдісін жақсарту бойынша ұсыныстар дайындайды. Білім беру мазмұнын қамтамасыз етеді, оқытудың жаңа әдістемелері мен технологияларын енгізу бойынша мектепке дейінгі білім мекемелерінде жүргізілетін эксперимент жұмыстарының барысына бақылауды жүзеге асырады. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептердегі 5-6 жасар балалардың мектепалды даярлықтан өту жұмыстарын ұйымдастырады. Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша үйлестіру жұмыстарын жүргізеді.Мектепке дейінгі жекеменшік ұйымдар желісін ұлғайту жұмыстарын жүргізеді.Мектепке дейінгі тәрбиемен қамту мақсатында мемлекеттік жекеменшік әріптестік негізінде балабақша ашу жұмыстарын ұйымдастырады.Арнайы түзету мекемелері, психологиялық – медициналық – педагогикалық консультациялардың, оңалту орталығының    жұмыстарын, инклюзивті оқыту мен тәрбиелеу бойынша білім беруді  үйлестіреді. Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді сауықтыруды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді.Басқарманың алқа жиналысына жетекшілік ететін сұрақтар бойынша талдау материалдарын, анықтамалар, статистикалық есеп берулер, ақпараттар әзірлейді. Алқа шешімдерінің және басқарма бұйрықтарының, жоғары органдар құжаттарының орындалуына, құжаттар мен тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалуына жауапты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын, орындаушылық және еңбек тәртібін сақтайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – білім саласындағы. Мамандығы: білім саласында (жалпы).

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңдарын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін және нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының микроқаржыландыру бөлімінің бас маманы, санаты D-O-4, 1 бірлік, № 11-03.

Функционалдық міндеттері: өз қызметі шегінде Үкіметтің қаулыларын, ауыл шаруашылығы министірлігінің бұйрықтарын, облыс әкімшілігінің бұйрықтарын, қаулыларын, өкімдерін  және  облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының  бұйрықтарын негізге алады; Мемлекеттік бағдарламалар бойынша ауыл шаруашылығына берілетін жалпы несие қаржыларының есебін жүргізу; Ауыл шаруашылығы саласындағы өзін-өзі қамтамасыз етілген азаматтар бойынша тиісті мекемелермен, статистика департаментімен бірлесіп  статистикалық есебін жүргізу; Шағын несие қаражатын алушылырдың кепілге ұсынатын  құрлыс нысандарының құжаттарының заң талаптарына сәйкестігін қарау; Басқарма басшысының, оның орынбасарларының, бөлім басшысының тапсырған жұмыстарын орындау; бөлімге  қатысты  дайындалған нормативтік-құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының Заңдары мен заң актілері талаптарының қатаң сақталуын қадағалап, олардың осы бағыттағы жұмыстарын үйлестіріп, нақты құқықтық көмектер көрсетіп отыру; Қызмет жағдайын орынсыз пайдаланудың алдын алу, сыбайлас жемқорлықты болдырмау; Бөлім жұмысына басшылық жасау; Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау; Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау. Жұмыста жоқ кезде өз міндетін бөлімнің бас мамандарының біріне тапсырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы.

Мамандығы: ауылшаруашылық  ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе жобаларды басқару немесе маркетинг немесе статистика немесе құқықтану немесе биотехнология немесе азық – түлік өнімдерінің технологиясы немесе қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы  (сала бойынша) немесе стандарттау, сертификаттау және метрология немесе бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы немесе органикалық заттардың химиялық технологиясы немесе технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) немесе сәулет.

«Қазақстан-2050″ Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарын, «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі» және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Еңбек, Бюджет, Жер, Орман, Су Кодекстерін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

   Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 мекен-жайда орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________
(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені_______________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________

________                                               ____________________________________
(қолы)                                                            (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

Egov