2018 жылдың 8 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстар туралы есебі

Еліміздің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыру жолындағы ең басты қауіп-қатерлердің бірі сыбайлас жемқорлық екені баршамызға белгілі. Тәуелсіз еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде айқындалған.   Мемлекеттiк қызметкерлер сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен ұйымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуi тиiс.  Әрбір Қазақстан азаматы тәуелсіз мемлекетіміздің шаңырағын көкке көтеру үшін Конституцияны құрметтеуі және оның тиісті талаптарын, міндеттерін орындауға тиіс.

Осы бағытта облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасында (бұдан әрі-Басқарма) көптеген жұмыстар атқарылуда.

Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау мүмкіндіктерін ескеру, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын арттыру, Әдеп Кодексі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін тұрғындарды қабылдауды жүзеге асыратын жауапты қызметкермен бейнекамера орнатылған нақты орын (бұрышты) анықталып тиісті жұмыстар атқарылуда, алдағы  уақытта да бұл жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

Сондай-ақ, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы мен еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы аясында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасы – мемлекеттік саясатты іске асырудың басым бағыттарының бірі болып табылуына байланысты, аталған мәселені Басқарма басшысының жеке бақылауында.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі-Департамент) 2018 жылғы 14 тамыздағы №2-4/2243 хаты назарға алынып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары мен регламенттердің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында Басқарманың ресми сайтына барлық мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттері Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесіндегі орнатылған (http://adilet.zan.kz) стандарттарға және регламенттерге сілтеме жасалынды.

Басқармаға деген азаматтардың сенімін арттыру, көрсетілетін қызметтің айқындығын қамтамасыз ету, лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану фактісін болдырмау және мемлекеттік қызмет туралы заңнама нормаларын сақтау, азаматардың құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе қылмыстар жасау фактілері жөнінде халықтың өтініш жасау мүмкіндігін арттыру мақсатында Басқарма сайтында басшының арнайы блогына немесе басқарма ғимаратында орнатылған жәшікке өтініш қалдыру мүмкіндіктері қарастырылған.

Басшының және оның орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдау кестесі бекітілген, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында  ғимараттың ішінде көрнекі ақпарат орналастырылған.

Сонымен қатар, бөлім басшылары бөлім мамандарымен жеке-түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізу, мекеменің әрбір қызметкері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау оны бұзуға жол бермеу үшін жауапкершілік туралы ескертілген.

Осы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Басқармада 2017 жылы және 2018 жылдың 8 айында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар орын алған жоқ.

Қазіргі уақытта қызмет берушімен қызмет алушы арасында байланысты болдырмау үшін және уақытты барынша қысқарту мақсатында агроөнеркәсіптік кешен саласындағы субсидиялаумен байланысты көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі Жол картасы бекітілген. Осы Жол картаға сәйкес Басқармада «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі толық электрондық түрге көшірілді.

Аталған қызмет түрі бойынша ақпараттық жүйедегі субсидиялау процессін орындау жөніндегі ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді көрсететін өнім берушіні айқындау мақсатында, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізіліп, 2018 жылдың 18 қаңтарында әлеуетті өнім беруші «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамымен мемлекеттік сатып алу шарты жасалды.

Бүгінгі таңда, «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау «Агроөнеркәсіптік кешенінің электрондық қорлары (ресурстары) және ақпараттық жүйелері»  порталы  арқылы жүргізілуде.

Алдағы уақытта Жол картасында жоспарланған мерзімдерге сәйкес қалған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі 2019 жылдың соңына дейін толық электрондық түрге көшірілетін болады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе қылмыстар жасау фактілері жөніндегі халықтың өтініш жасау мүмкіндігін арттыру мақсатында және сыбайлас құқық бұзушылық туралы ақпаратқа жедел ден қою үшін «сенім телефоны» үздіксіз жұмыс істеуі ұйымдастырылған. (Сенім телефоны 45-42-30).

Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараларды әрдайым  басшылыққа алып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстар алдағы уақыттарда өз жалғасын табатын  болады.

 

Egov