2018 жылдың I тоқсанында ауыл шаруашылығы басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізуі туралы ақпарат

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның құқықтық негізі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы болып табылатыны мәлім.

Мемлекеттiк қызметкерлер сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен ұйымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуi тиiс.  Әрбір Қазақстан азаматы тәуелсіз мемлекетіміздің шаңырағын көкке көтеру үшін Конституцияны құрметтеуі және оның тиісті талаптарын, міндеттерін орындауға тиіс.

Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасында, азаматтардың сенімін бекіту, қызметтің айқындығын, лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану фактісін және лауазымдық тұлғалардың Әдеп Кодексін, мемлекеттік қызмет туралы заңнама нормаларын, азаматардың құқықтарын бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе қылмыстар жасау фактілері жөніндегі халықтың өтініш жасау мүмкіндігін арттыру мақсатында және сыбайлас құқық бұзушылық туралы ақпаратқа жедел ден қою үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіліп отырылады.

Басқармада  2018 жылдың 1 тоқсан кезеңінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар орын алған жоқ.

Басқарманың ғимаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған жәшік орнатылған.  Басшының және оның орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдау кестесі бекітілген, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында   ғимараттың ішінде көрнекі ақпараттар орналастырылған.

Сонымен қатар, бөлім басшылары бөлім мамандарымен жеке-түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізу, мекеменің әрбір қызметкері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын бұзуға жол бермеу үшін жауапкершілік туралы ескертілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі   іс-шаралар әрдайым  басшылыққа алынып, Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстар алдағы уақыттарда да өз жалғасын табатын  болады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе қылмыстар жасау фактілері жөніндегі халықтың өтініш жасау мүмкіндігін арттыру мақсатында және сыбайлас құқық бұзушылық туралы ақпаратқа жедел ден қою үшін «сенім телефоны» үздіксіз жұмыс істеуі ұйымдастырылған. (Сенім телефоны 45-42-30).

А. Қалиев,

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі

және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

 

 

Egov