Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы

  1. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданатын адамдардың және мемлекеттік қызметтегі адамдардың кірістері мен мүлкі туралы салық декларациясын тапсыру 2019 жылға толық қамтамасыз етілді.
  2. Облыс аумағындағы тұрмыстық жемқорлықты жою және азаматтарға қолайлы жағдай жасау, қоғамдық бақылауды іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру көзделіп, Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары  Б. Орынбековпен  «Жамбыл – адалдық алаңы» жобасының 2019 жылғы іс-шаралар Жоспарына сәйкес, келесі жұмыстар ұйымдастырылды:

– Мемлекеттік   көрсетілетін   қызметтерді   автоматтандыру және баламалы қызметтерді электронды түрде көрсету қолға алынып, жеке және заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұсынуымен, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары мен регламенттердің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында Басқарманың ресми сайтына барлық мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттері мен стандарттар  Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесіне (adilet.zan.kz) сілтеме жасалынған;

  • «Open Space» форматтағы ашық офистерді ашу мәселесі бойынша Басқарма ғимаратының 1-ші қабатында жеке және заңды тұлғаларды қабылдап, оларға электрондық түрде қызмет көрсету үшін ашық  кабинет қарастырылған, онда интернет желісімен және компьютер құралымен жабдықталып үздіксіз жұмыс істеуде;
  • Бос орындардың қол жетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін «электрондық еңбек биржасы» порталына тіркеу жұмысы тұрақты жүргізілуде;
  • Қоғаммен ой-пікір алмасу мақсатында, «Facebook» әлеуметтік желісінде https://www.facebook.com/ushtaraz/ және «Instagram» әлеуметтік желісінде @ush.zhambyl парақшаларын ашып, басқарма тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар мен тұрғындардан түскен сұрақтарға дер кезінде жауаптар берілуде;
  • Қызметкерлер арасында мүдделер қақтығысын болдырмау, басшылық тарапынан лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және өзге де сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мәніндегі мәселелерді анықтау мақсатында анонимді сауалнама тұрақты  жүргізіліп тұрады;
  • Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылып, 2 дөңгелек үстелдер өткізілді.
  1. Басқарма қызметкерлеріне қатысты ағымдағы жылдың 11 айында сыбайлас жемқорлық құқығын бұзу фактілері тіркелмеген.

 

Жерге кезекке тұрған басқарма қызметкерлерінің тізімі жасақталып, алдағы уақытта Басқарманың сайтында орналастырылатын болады.

  1. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қазан айында ауыл шаруашылығы басқармасының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бастамасымен ұйымдастырылып жатқан жалпы республикалық «Адалдық сағаты» өткізілді.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткен шараға басқарма басшысы Берік Нығмашев, ауыл шаруашылығы саласының ардагері Аманжол Аманбаев және басқарма қызметкерлері қатысты. Жиын барысында басқарма басшысы сыбайлас жемқорлықпен қарқынды күресу ел саясатының негізгі басым бағыттарының бірі екендігіне тоқталып, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік таныту қажеттігін атап өтті.

Одан кейін, басқарманың заңгері Абзал Жексембаев «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу – мемлекет дамуының негізгі факторы» тақырыбында баяндама жасаса, ауыл шаруашылығы саласының ардагері Аманжол Аманбаев өз ойымен бөлісіп, адалдық – парасаттылықтың ең биік шыңы, әрі адам бойындағы ең асыл қасиет екендігін жіті түсіндірді. Фейсбуктағы сілтеме: http://bit.ly/2YOOI5J Алдағы уақытта осындай іс-шаралар ұдайы жалғасын табатын болады.

Egov